О переименовании улицы села Бозай Мамырсуского сельского округа Аягозского района Қолданыста
Басқа 0
Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округі
Бозай ауылының көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Абай облысының ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 399 қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 30/528-VIII шешімі негізінде, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округінің әкімдігі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округі Бозай ауылының «Бозай» көшесі «Ағайынды Алиевтер» көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округі әкімдігінің шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.