О порядке разрешения на право производства алкогольной продукции Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртiбi туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен Арақ-шарап бұйымдарын өндiрудi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 1994 жылдың қазанынан алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жүйесi енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру тәртiбiн және ол үшiн төлем алуды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет белгiлейдi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Алкогольді өнiмдер өндiру құқына рұқсат беру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратының саны 2 адамға көбейтiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған жұмыстарды қаржыландыру көздерiн айқындайтын болсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi облыс, қала және аудан әкiмдерi осы қаулының орындалуына тиiстi дәрежеде бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 9 айдың нәтижелерi бойынша бюджеттi нақтылау кезiнде 30 млн. теңге сомасында Өскемен қаласында, 50 млн. теңге сомасында Павлодар қаласында спирт өндiрiсi бойынша салынып жатқан қуаттарды аяқтау үшiн және оларды осыған орай 1994 жылдың IҮ тоқсаны мен 1995 жылдың I тоқсанында өндiрiске енгiзу үшiн қаржы бөлудi көздесiн.