Об утверждении Правил совершения банком с универсальной банковской лицензией, исламским банком, филиалом банка – нерезидента Республики Казахстан и филиалом исламского банка – нерезидента Республики Казахстан сделок с цифровыми финансовыми активами Қолданыста
Басқа 0
Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің,
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне және 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің,
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 50 мен Қазақстан
Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 28 сәуірдегі
№ 87 бірлескен қаулысымен
бекітілген
Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің,
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 4-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне және 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және цифрлық қаржы активтерімен көрсетілген мәмілелер жасасу тәртібін, мәмілелер жасасуға жол берілетін цифрлық қаржы активтерінің тізбесін, сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мәмілелер жасасуға жол берілетін цифрлық қаржы активтерінің тізбесі
2-тарау. Мәмілелер жасасуға жол берілетін цифрлық қаржы активтерінің тізбесі
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоиндар) (бұдан әрі – стейблкоиндар);
Тармақша 2
2) базалық активі борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар және исламдық бағалы қағаздар болып табылатын цифрлық қаржы активтері (бұдан әрі – қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтері);
Тармақша 3
3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары (бұдан әрі – қаржы құралдары) әмбебап банк лицензиясы бар банк және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы мәмілелер жасауға жол берілетін цифрлық қаржы активтері болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) стейблкоиндар;
Тармақша 2
2) базалық активі исламдық бағалы қағаздар болып табылатын цифрлық қаржы активтері;
Тармақша 3
3) қаржы құралдары ислам банкі және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы мәмілелер жасауға жол берілетін цифрлық қаржы активтері болып табылады.
Ислам банкі және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді Банктер туралы заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға қайшы келмейтін бөлігінде исламдық банк операцияларының қағидаттарын сақтай отырып жасайды.
Тарау 3. 3-тарау. Цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу тәртібі
3-тарау. Цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу тәртібі
Тармақ 4
4. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы цифрлық қаржы активтерімен мәмілелерді цифрлық қаржы активтері платформасы операторының және (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының цифрлық платформасында жасайды.
Тармақ 5
5. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы мынадай талаптар сақталған кезде өздерінің стейблкоиндарымен, сондай-ақ банктің еншілес ұйымдары не банк холдингі де шығарған цифрлық қаржы активтерімен және (немесе) қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген стейблкоиндармен мәмілелер жасайды:
Тармақша 1
1) мәміле жасау туралы шешімді банктің директорлар кеңесі қабылдайды.
Көрсетілген шешімде сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасы мен көлемі айқындалады. Шешімге банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесінің көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты тәуекелдерді (оның ішінде өтімділікті жоғалту тәуекелін және пайыздық тәуекелді) бағалауымен, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі бекіткен, осындай мәмілелерге қолданылатын ішкі саясаттар мен рәсімдердің талаптарын банктің сақтауын растауымен қорытындысы қоса беріледі;
Тармақша 2
2) мәмілелер көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алу күнгі жағдай бойынша қалыптасқан әділ нарықтық бағамен жасалады;
Тармақша 3
3) банк иеленген бағалы қағаздар туралы ақпарат қағаз жеткізгіште және банктің ішкі құжаттарында белгіленген электрондық нысанда жасалады, оған банктің бірінші басшысы немесе көрсетілген ақпаратқа қол қоюға уәкілетті адам, сондай-ақ банктің бас бухгалтері қол қояды және осы ақпарат жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы сақталады.
Тарау 4. 4-тарау. Цифрлық қаржы активтеріне қойылатын талаптар
4-тарау. Цифрлық қаржы активтеріне қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы мынадай шарттар сақталған кезде стейблкоиндармен мәмілелер жасайды:
Тармақша 1
1) эмитент соңғы 3 есепті кезеңде стейблкоиндардың базалық активтерінің бір бөлігін пайдалану есебінен нарықтық құнымен иеленген эмитенттің өтімділігі жоғары активтерін бағалау нәтижелерін жариялау жөніндегі талаптарды сақтайды;
Тармақша 2
2) эмитент соңғы 3 есепті кезеңде стейблкоиндардың базалық активтерінің бір бөлігін пайдалану есебінен нарықтық құнымен иеленген эмитенттің өтімділігі жоғары активтерін бағалау нәтижелері бойынша базалық актив қалдықтары құнының стейблкоиндардың нақты көлеміне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында және (немесе) стейблкоин шығару шарттарында көзделген арақатынаста сәйкес келмеуі жоқ.
Тармақ 7
7. Базалық активі мынадай шарттарға сәйкес келген кезде осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасауға жол беріледі:
Тармақша 1
1) эмитенті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады;
Тармақша 2
2) эмитенттің міндеттемелерін орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) эмитенті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары болып табылады;
Тармақша 4
4) эмитенті мына халықаралық қаржы ұйымдары болып табылады:
Азия Даму Банкі (Asian Development Bank);
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (Asian Infrastructure Investment Bank);
Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);
Африканың даму банкі (African Development Bank);
Еуразияның даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропалық инвестициялық банк (European Investment Bank);
Еуропалық Кеңестің Даму Банкі (Council of Europe Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);
Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (Islamic corporation for the Development of the Private Sector);
Исламдық даму банкі (Islamic Development Bank);
Скандинавияның инвестициялық банкі (Nordic Investment Bank);
Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund);
Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);
Қара теңіз сауда және даму банкі (the Black Sea Trade and Development Bank)
Тармақша 5
5) эмитенті Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша шетел валютасында «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсіз кредиттік рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері және (немесе) орталық банктері болып табылады;
Тармақша 6
6) эмитенті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасы сауда-саттықты ұйымдастырушысының ресми тізіміне енгізілген («борыштық бағалы қағаздар үшін буфер» санатындағы борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) немесе «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады;
Тармақша 7
7) эмитенті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша шетел валютасында «В»-ден төмен емес ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін акцияларының (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне не ұлттық инвестициялық холдингке тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдар шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингі бар борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде танылады;
Тармақша 8
8) эмитенті Standard & Poor’s (Стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «ВВВ»-ден төмен емес не Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «Ваа2»-ден төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша «ВВВ»-ден төмен емес ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылады.
Тармақ 8
8. Қаржы құралдары Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерінің базалық активтеріне қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде олармен мәмілелер жасасуға жол беріледі.