Об утверждении Правил временного пользования резервными территориями Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 92-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы «___» _________ №____ қаулысымен бекітілген Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 92-бабының 4-тармағына, мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленді және резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) елді мекеннің аумағы – қалалық немесе ауылдық елді мекеннің белгіленген шекаралары (сызықтары) шегіндегі кеңістік;
Тармақша 2
2) елдi мекеннiң бас жоспары – қала құрылысы регламенттері ескеріле отырып, елді мекенді аймақтарға бөлудi, оның жоспарлы құрылымын және аймағын функционалдық ұйымдастыруды, көлiктік және инженерлiк коммуникациялар, көгалдандыру мен абаттандыру жүйесін белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды дамытуды және оларда құрылыс салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
Тармақша 3
3) қонысаралық аумақтар – елді мекендердің шекарасынан (шегінен) тыс орналасқан аумақтар;
Тармақша 4
4) резервтегі аумақтар – елді мекендерді дамытуға немесе қонысаралық аумақтарды дамытуға (абаттандыруға) арналған аумақтар;
Тармақша 5
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері –Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмір сүру және тіршілік ету ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) уақытша құрылысжайлар – тұрғын үй, мәдени – тұрмыстық және құрылысшыларға қызмет көрсетуге арналған басқа да ғимараттар мен құрылыстар, кірме жолдар, жолдар, қоймалар, сорғылар, қосалқы станциялар, бетон еріту тораптары, инженерлік желілер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті, әдетте құрылыс аяқталғаннан кейін таратылатын өндірістік мақсаттағы басқа да құрылысжайлар.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың талаптары аумақтарды қала құрылысы тұрғысынан жоспарлаудың кешенді схемаларының, елдi мекендердiң бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының құрамында анықталған және бекітілген резервтегі аумақтар шегіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану тәртібі
2-тарау. Резервтегі аумақтарды уақытша пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері резервтегі аумақтардың құрамынан жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш жібереді.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің өтініштерін Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-бабына сәйкес қарайды.
Тармақ 6
6. Резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелеріне уақытша құрылысжайлар қала құрылысы және жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес құрылыс объектісін салу ұзақтығының мерзіміне орналастырылады.
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурстарына резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелері туралы ақпарат орналастырып тұрады.
Тармақ 8
8. Резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексі 49-2-бабының 6-тармағында көзделген тиісті мақсаттар үшін уақытша құрылысжайларды орналастыруға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.
Тармақ 9
9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелерін және уақытша тұрғызылған құрылысжайларды тиісінше күтіп-ұстауды, сондай-ақ оларды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Құрылыс объектісін салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан және ол пайдалануға берілгеннен кейін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері уақытша құрылысжайларды бұзуды жүзеге асырады және резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіреді.
Тармақ 11
11. Резервтегі аумақтарды жергілікті атқарушы органдар жер учаскесі резервке қойылған объект іске асырылғанға дейін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері өткізілетін сауда орындарын, гүл сататын дүңгіршектерді, автомобильдерге арналған ашық тұрақтар, маусымдық спорт және ойын алаңдарын орналастыру үшін уақытша пайдалануы мүмкін.
Тармақ 12
12. Жер учаскесі резервке қойылған құрылыс объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленген жағдайда жергілікті атқарушы орган аталған уақытша құрылысжайларды бұзуды жүзеге асырады және резервтегі аумақтардың құрамындағы жер учаскелерін бастапқы қалпына келтіреді. __________________________