О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Амангельдинского района Костанайской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
Амангелді ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 85 қаулысына қосымша Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi
Тармақ 1
1. «Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 «Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 41 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Амангелді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 «Амангелді ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6057 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 «Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9837 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 «Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31475 болып тіркелген).