Об утверждении устава (общего положения) о коммунальном государственном учреждений «Районная централизованная библиотечная система отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта района Шынгырлау Западно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау
ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің
аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің жарғысын (жалпы ережесін) бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекеме туралы үлгілік жарғысын (жалпы ережесін) басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы (жалпы ережесі) бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
- осы қаулыны Шыңғырлау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 315 қаулысымен бекітілген «Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Бисембаевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «22» сәуірдегі
№ 60 қаулысына қосымша
«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Жарғы (жалпы ереже)
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеме Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен құрылды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шыңғырлау ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 4
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мекеменің мемлекетік тілде толық атауы – «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік мекеменің ресми тілде толық атауы – коммунальное государственного учреждение «Районная централизованная библиотечная система отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта района Шынгырлау Западно-Казахстанской области». Мемлекеттік мекеменің мемлекетік тілде атауын латин графикасында «Batys Qazaqstan oblysy Şyñğyrlau audanynyñ mädeniet, tilderdi damytu, dene shyñyqtyru jäne sport böliminiñ audandyq ortalyqtandyrylğan kitaphana jüyesi» memlekettık mekemesı жазуларымен қолдануға болады және ол мемлекеттік тілдегі атауымен барабар.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091200, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Исатай Тайманұлы көшесі, № 93а үй.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні халыққа кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: халыққа ақпаратқа, білімге және мәдени құндылықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, кітапханаларды бір жүйеге біріктіру арқылы қызмет сапасын арттыру болып табылады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) оқырмандардың білім мен ақпаратты еркін және шектеусіз пайдалануда қол жеткізуді қамтамасыз ету, оқырмандардың және мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыру. Оқырмандарға жоғары сапалы қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) оқырмандардың ақпараттық білімі мен ізденістерін өркендеуіне тәрбиелеу;
Тармақша 3
3) оқырмандардың ақпараттық оқу мәдениетін тәрбиелеу, кітапхана пайдалануда көмек көрсету;
Тармақша 4
4) ауданның өзіндік ерекшеліктері мен міндеттерін негізге ала отырып, аудан кітапханаларының кітап қорын сапалы әдебиеттермен толықтыру;
Тармақша 5
5) Кітапты насихаттауда жаңашыл әдістерімен формаларды енгізе отырып, ақпараттық – библиографиялық құралдарды қолдану, кітапхана кітап қорын толығымен насихаттау;
Тармақша 6
6) қызметкерлердің заңды құқықтарын, шығармашылық қызығушылықтарын қорғау;
Тармақша 7
7) орталықтандырылған кітапхана жүйесінінің материалдық техникалық базасын нығайту;
Тармақша 8
8) басқа мәдени – ағарту мекемелерімен, білім беру жүйесі, баспасөз мекемелерімен қарым-қатынаста жұмыстар жүргізу;
Тармақша 9
9) ауылдық кітапханашыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
Тармақша 10
10) өз қызметін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) кітапханалық жұмыстың барлық әдістері мен формаларын қолдана отырып, әртүрлі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) ведомстволық кітапханаларды білікті мамандармен қамту, олардың біліктіліктерін арттыру .
Тармақша 12
12) кітапхана меншігіндегі мүліктердің сақталуына шаралар қолдану;
Тармақша 13
13) кітап қорының есебін ұйымдастыру және жүргізу. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық-библиографиялық аппаратын жүргізу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қаралған өзге де қызметтерді іске асыру.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 16
16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады, ал коммуналдық мемлекеттік мекемені жергілікті атқарушы орган не аудан әкімімен жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган заңнамада белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 9
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы органның немесе аудан әкімімен) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 12
12) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме басшысы тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органына) тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда (ережеде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасайды;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың озге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;
Тармақша 10
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің озге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
Тармақша 11
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органнымен жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
Тармақша 1
1) оған меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.
Тармақ 25
25. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
Тармақ 26
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органның бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
Тармақ 29
29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 30
30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
Тарау 8. 8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органның шешімі немесе аудан әкімінің келісімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік занды тұлга, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 33
33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.
Тармақ 36
36. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Тарау 9. 9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Мемлекеттік мекемеде келесі ауылдық кітапханалар бар:
1. Аудандық балалар кітапханасы
2. Ащысай модельді ауылдық кітапханасы;
3. Амангелді ауылдық кітапханасы;
4. Ақбұлақ ауылдық кітапханасы;
5. Ардақ ауылдық кітапханасы;
6. Ақшат ауылдық кітапханасы;
7. Қарағаш ауылдық кітапханасы;
8. Ақсуат ауылдық кітапханасы;
9. Қайыңды ауылдық кітапханасы;
10. Алмаз ауылдық кітапханасы;
11. Сегізсай ауылдық кітапханасы;
12. Ұрысай ауылдық кітапханасы;
13. Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасы;
14. Қызылкөл ауылдық кітапханасы;
15. Жаңакүш ауылдық кітапханасы;
16. Ақтау модельді ауылдық кітапханасы;
17. № 1 кітапхана-филиал кітапханасы;
18. Дән ауылдық кітапханасы.