Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба в Сабындинском сельском округе Қолданыста
Басқа 0
Сабынды ауылдық округінде
табиғи сипаттағы объектілік
масштабтағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, Қорғалжын ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының 2026 жылғы 21 сәуірдегі хаттамасының негізінде, Сабынды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сабынды ауылдық округінде табиғи сипаттағы объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып өзімді тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.