Об утверждении Правил функционирования межбанковской системы мобильных платежей Қолданыста
Басқа 0
Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларын бекіту туралы
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 43 қаулысымен
бекітілді
Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) 5-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және онда банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысу шарттарын, жүйеде көрсетілетін қызметтерді, жүйе қызметтеріне тарифтерді, сондай-ақ оларды жүйеге қатысушылармен келісу тәртібін айқындауды қоса алғанда, жүйенің жұмыс істеу тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Жүйеде клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесінде (бұдан әрі – БААЖ) оның қатысушыларының ақшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жүйе – өз қатысушыларының клиенттері арасында мобильді қосымшалар арқылы, оның ішінде штрих-кодты, биометриялық аутентификациялау құралдарын пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем жүйесі;
Тармақша 2
2) жүйе операторы (бұдан әрі – Оператор) – Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталық болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 3
3) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешені – жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін, цифрлық жүйені, жүйе серверін және терминалын, коммуникация (деректерді беру) құралдарын қамтитын техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдар;
Тармақша 4
4) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – жүйенің жұмысын қалыпты (күнделікті) режимде қамтамасыз ететін жүйенің бағдарламалық-техникалық кешені;
Тармақша 5
5) жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің резервтік орталығы (бұдан әрі – резервтік орталық) – стандартты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы жұмыстар жүргізілген кезде жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін оның резервтік бағдарламалық-техникалық кешені;
Тармақша 6
6) жүйенің операциялық күні (бұдан әрі – операциялық күн) – Оператор төлемдерді және ақша аударымдарын қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
Тармақша 7
7) қатысушы – Оператормен жүйеге қатысу туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасқан екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Ұлттық пошта операторы;
Тармақша 8
8) қатысушы-ақша жөнелтуші – жүйеде позициясынан ақша аударылатын (есептен шығарылатын) қатысушы;
Тармақша 9
9) қатысушы-бенефициар – жүйеде позициясына ақша аударылатын қатысушы;
Тармақша 10
10) қатысушының клиенті (бұдан әрі – клиент) – қатысушымен банктік қызметтер көрсетуге шарт жасасқан жеке тұлға немесе заңды тұлға;
Тармақша 11
11) операциялық өзара іс-қимыл регламенті (бұдан әрі – операциялық құжаттама) – Оператордың операциялық, технологиялық және ұйымдастырушылық талаптарды, стандарттарды, алмасу рәсімдерін, хабар форматтарын, бірдейлендіру және өзара іс-қимыл тәртібін, қатысушылардың жүйеде клиенттерге қызмет көрсету талаптарын, сондай-ақ даулы жағдайларды қарау тәртібін айқындайтын құжаттарының жиынтығы;
Тармақша 12
12) өтініш беруші – жүйеге қатысуға өтінім берген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға (екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Ұлттық пошта операторы);
Тармақша 13
13) электрондық ақпараттық хабар (бұдан әрі – ақпараттық хабар) – электрондық цифрлық қолтаңбасы бар, төлем хабарына жатпайтын және ақпараттық сипаты бар электрондық хабар, оның ішінде үзінді-көшірмелер;
Тармақша 14
14) электрондық төлем хабары (бұдан әрі – төлем хабары) – қатысушылар арасында төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын, электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық хабар;
Тармақша 15
15) QR код – төлемге қатысушы туралы ақпаратты қамтитын штрих-код (Quick Response Code).
Тарау 2. 2-тарау. Жүйеге қатысу шарттары
2-тарау. Жүйеге қатысу шарттары
Тармақ 4
4. Оператормен шарт жасасу және БААЖ-ға қатысу жүйеге қатысу шарттары болып табылады.
Тармақ 5
5. Жүйеге қатысу үшін өтініш беруші Оператордың порталы арқылы автоматтандырылған түрде өтінім береді және Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жүйеге кіруді қамтамасыз ететін Оператор порталы https://cabinet.npck.kz мекенжайы бойынша орналасқан.
Тармақ 6
6. Шарт жасасу үшін өтініш беруші Операторға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) жарғы көшірмесін;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесін;
Тармақша 3
3) қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 4
4) бірінші басшыны тағайындау туралы құжаттың көшірмесін;
Тармақша 5
5) банк операцияларын жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесін;
Тармақша 6
6) өтініш берушінің орналасқан жері мен байланыс деректері туралы ақпаратты (заңды және нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы);
Тармақша 7
7) өтініш берушінің атынан жүйемен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген қызметкерлері туралы ақпаратты (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), байланыс телефонын, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып);
Тармақша 8
8) өтініш беруші өкілінің Оператормен шартқа қол қою өкілеттігін растайтын құжатты (шартқа өтініш берушінің бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда);
Тармақша 9
9) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Оператордың порталында орналастырылған нысан бойынша Қағидалармен, операциялық құжаттамамен танысу және оны сақтау туралы өтінішті ұсынады.
Тармақ 7
7. Оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттар топтамасын қарайды.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші Қағидалардың, операциялық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, Оператор қатысушымен шарт жасасады.
Шартта мына талаптар:
Тармақша 1
1) шарттың мәні;
Тармақша 2
2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 3
3) тараптардың жауапкершілігі;
Тармақша 4
4) шартты өзгерту және бұзу тәртібі;
Тармақша 5
5) дауларды шешу тәртібі;
Тармақша 6
6) тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар қамтылады.
Тармақ 9
9. Шартта қосымша Оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, киберқауіпсіздік режимін, жасырындылықты сақтау, банктік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, дербес деректерді қорғау тәртібі қамтылады.
Үлгі шарттың нысанын Оператор бекітеді.
Тармақ 10
10. Оператор қатысушы қажетті техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін және Оператормен сынақты өткізгеннен кейін қатысушыны жүйеге қосады. Жүйеге қосылуды сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Оператор мен қатысушы сынақтан өткені туралы актіге қол қояды.
Тарау 3. 3-тарау. Жүйеде Оператор мен жүйеге қатысушылар
көрсететін қызметтер
3-тарау. Жүйеде Оператор мен жүйеге қатысушылар
көрсететін қызметтер
Тармақ 11
11. Жүйенің жұмыс істеуі аясында Оператор қатысушыларға мынадай:
Тармақша 1
1) операциялық құжаттама талаптарына сәйкес төлем және ақпараттық хабарларды қабылдау, өңдеу және жіберу және олардың негізінде ақша аудару;
Тармақша 2
2) жүйеде жүргізілген электрондық төлемдер клирингі, қатысушылардың таза позициялары туралы ақпаратты дайындау және жіберу;
Тармақша 3
3) жүйеде жүргізілген клиринг нәтижелері бойынша қатысушылардың таза позициялары сомасын БААЖ-ға аудару;
Тармақша 4
4) жүйенің Қағидаларда көзделген және Төлемдер мен төлем жүйелері туралы заңда айқындалған операциялық және технологиялық функцияларын орындау;
Тармақша 5
5) операциялық күн жабылған кезде соңғы үзінді-көшірмелерді беру және қатысушылардың сұратуы бойынша шоттың ағымдағы жай-күйі жөнінде үзінді-көшірмелер беру;
Тармақша 6
6) жүйеде қатысушылар анықтамалығын жүргізу қызметтерін көрсетеді.
Тармақ 12
12. Оператор мына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша қатысушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ашылған корреспонденттік шоты бойынша оның шығыс операцияларын тоқтата тұрған;
Тармақша 2
2) қатысушы Қағидалардың, шарттың, операциялық құжаттаманың талаптарын бұзған;
Тармақша 3
3) Ұлттық Банк Операторға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияны тоқтата тұрғаны және/немесе одан айырғаны туралы жазбаша хабарлаған;
Тармақша 4
4) сот қатысушының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда жүйеде қатысушыға қызметтер көрсетуді тоқтата тұрады.
Тармақ 13
13. Жүйеге қатысу Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген себептер жойылған жағдайда қайта басталады.
Тармақ 14
14. Жүйенің мынадай сервистері қатысушылардың клиенттерге көрсетуі үшін міндетті болып табылады:
Тармақша 1
1) оңайлатылған сәйкестендіргіштер бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы операцияларын жүргізу (бұдан әрі – оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударым);
Тармақша 2
2) QR-кодты пайдалана отырып мобильді төлемдерді жүзеге асыру (бұдан әрі – QR-код бойынша төлем).
Тармақ 15
15. Жүйеде қызметтер көрсету үшін қатысушылар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) клиенттердің нұсқауларына сәйкес төлем хабарларын қалыптастыру және Операторға жіберу;
Тармақша 2
2) жүйедегі өз позициясының жай-күйіне, оның ішінде сұрату жіберу және Оператордан үзінді-көшірмелер алу арқылы мониторинг жүргізу;
Тармақша 3
3) клиенттердің жүйе сервистеріне тәулік бойы қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі тәртібі
4-тарау. Жүйенің жұмыс істеуі тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жүйеде қызметтер көрсету тәртібі
1-параграф. Жүйеде қызметтер көрсету тәртібі
Тармақ 16
16. Жүйеде клиенттердің нұсқаулары және қатысушылардың төлем хабарлары негізінде төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Жүйедегі төлемдер және ақша аударымдары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Операциялық күн 24 (жиырма төрт) сағатқа тең, оның кестесін Оператор Қағидаларға қосымшаға сәйкес бекітеді.
Тармақ 19
19. Операциялық күн жабылғаннан кейін Оператор алған төлем немесе ақпараттық хабарлар келесі операциялық күні алынған болып саналады.
Тармақ 20
20. Оператор белгілеген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қатысушылар мен Оператор электрондық хабарлармен алмасады.
Тармақ 21
21. Оператор қауіпсіздік рәсімдері бекітілгеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды Оператордың ресми Интернет-ресурсында жариялау арқылы қатысушыларға жібереді.
Тармақ 22
22. Жүйе мынадай:
қатысушылардың қорғалған байланыс арналары арқылы Оператормен өзара іс-қимылы;
қатысушылардың төлем хабарларын тәулік бойы режимінде қабылдау және өңдеу;
төлем хабарында тек бір қатысушы-ақша жөнелтуші мен бір қатысушы-бенефициарды ғана көрсету;
төлем хабарларын өңдеу артықшылықтарының болмауы;
төлем хабарларын нақты уақыт режимінде қабылдау және өңдеу;
Оператор электрондық төлемдерді орындауға қабылдағаннан кейін олардың түпкілікті болуы және кері қайтарып алынбауы;
электрондық төлемдерді клиринг негізінде өңдеу;
қатысушының ең жоғары дебеттік таза позициясына шектеулер қолдану;
бір төлемнің және (немесе) ақша аударымының ең жоғары сомасын шектеу қағидаттары негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 23
23. Оператор төлем хабарын орындауға қабылдағаннан кейін ол кері қайтарып алынбайды және жүргізілген төлем және (немесе) ақша аударымы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға қатысушы тараптардың бастамасы бойынша жойылмайды.
Тармақ 24
24. Қатысушы-бенефициар Оператордан оның жүйедегі позициясына ақшаның есепке жатқызылғаны туралы ақпараттық хабар алғаннан кейін жүйедегі төлем және (немесе) ақша аударымы аяқталған (түпкілікті) болып есептеледі.
Тармақ 25
25. Қатысушылар мен Оператор арасында электрондық хабарларды қабылдау, өңдеу және жіберу мерзімдері операциялық құжаттама мен шартта белгіленеді.
Тармақ 26
26. Қатысушы-бенефициар клиентке лезде режимінде иелік етуі үшін ақшаның қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Қатысушы-бенефициар шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызады.
Тармақ 27
27. Жүйеге қатысушылар арасындағы тарифтерді Ұлттық Банк жүйеге қатысушылармен келісім бойынша белгілейді.
Тармақ 28
28. Қатысушылар клиенттер үшін электрондық төлем құралдарын, мобильді қосымшаларды жəне (немесе) штрих-кодты пайдалана отырып, төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын қамтамасыз ететін басқа төлем жүйелерінде осы қатысушылар ұсынатын ұқсас банкаралық көрсетілетін төлем қызметтеріне арналған тарифтерден аспайтын мөлшерде жүйеде операциялар жасауға арналған тарифтерді белгілейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Жүйеде оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды жүзеге асыру тәртібі
2-параграф. Жүйеде оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 29
29. Қатысушы-ақша жөнелтуші клиенттің оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша ақша аударымын жасауға нұсқауын алған кезде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақша аударымын жасау үшін клиенттің банктік шотындағы ақшаның жеткіліктілігін тексереді;
Тармақша 2
2) операцияның Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
Тармақша 3
3) ақпараттық хабарды қалыптастырып, Оператор арқылы қатысушы-бенефициарға жібереді.
Тармақ 30
30. Қатысушы-бенефициар ақпараттық хабар алған кезде оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша клиентті іздейді және іздеу нәтижелері бойынша Операторға ақпараттық хабар жібереді.
Тармақ 31
31. Клиентті оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша іздеу нәтижесі теріс болған жағдайда қатысушы-бенефициар операциядан бас тартады.
Тармақ 32
32. Оператор қатысушы-бенефициардан ақпараттық хабарды алғаннан кейін қатысушы-ақша жөнелтушіге ақша аудару немесе бас тарту себебін көрсете отырып, ақша аударудан бас тартуы туралы ақпараттық хабар жібереді.
Тармақ 33
33. Оператордан ақша аудару туралы ақпараттық хабар алғаннан кейін қатысушы-ақша жөнелтуші төлем хабарын қалыптастырып, оны Операторға жібереді.
Тармақ 34
34. Оператор төлем хабарының тұтастығы мен форматын, сондай-ақ жүйеде төлем хабарының ең жоғары сомасының сақталуын тексереді және қатысушы-бенефициарға төлем хабарын жібереді.
Тармақ 35
35. Ақша аудару туралы төлем хабарының негізінде қатысушы-бенефициар Қағидалардың талаптарына сәйкес клиентке ақшаның қолжетімді болуын қамтамасыз етеді және қатысушылар клиенттерге операция нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 3. 3-параграф. Жүйеде QR-код бойынша төлемді жүзеге асыру тәртібі
3-параграф. Жүйеде QR-код бойынша төлемді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 36
36. QR-код бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін қатысушылар:
Тармақша 1
1) жеке тұлға-клиенттерге қашықтан қол жеткізу жүйесінде операциялық құжаттамада айқындалған формат бойынша QR-кодты оқу мүмкіндігін;
Тармақша 2
2) төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықта (құрылғыда) – операциялық құжаттамада айқындалған формат бойынша QR-кодты қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 37
37. QR-код бойынша төлемдер төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) мобильді төлемдерді қабылдауға арналған жабдықта (құрылғыда) қатысушы-бенефициар қалыптастырған QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Клиент QR-код бойынша төлемге бастама жасаған кезде қатысушы-ақша жөнелтуші операцияның Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, клиенттің банктік шотындағы ақшаның жеткіліктілігін тексереді, QR-кодтағы ақпарат бойынша қатысушы-бенефициарды сәйкестендіреді және клиенттің банктік шотына ақшаны есептеу үшін операциялық құжаттамаға сәйкес Оператормен ақпараттық және төлем хабарларын алмасуды жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. QR-код бойынша төлем жүргізу үшін қатысушылар мен Оператор арасында ақпараттық және төлем хабарларымен алмасу, төлемді аяқтау және клиентке ақша аудару Қағидалардың 25 және 26-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтару тәртібі
4-параграф. Оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтару тәртібі
Тармақ 40
40. Оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтару Оператор бұрын жүйеде оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша жүргізілген аударымға берген бірегей кодты пайдалана отырып, бенефициар-клиент ақшаны кері аударуға бастама жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Бенефициар-клиент аударымды оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша қайтаруға бастама жасаған кезде қатысушы-бенефициар операциялық құжаттамаға сәйкес Операторға төлем хабарын жібереді.
Тармақ 42
42. Ақша жөнелтуші-клиенттің бастамасы бойынша оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтару оған қызмет көрсететін қатысушы-ақша жөнелтуші арқылы оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды жоюға сұрату жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 43
43. Қатысушы-ақша жөнелтуші Операторға оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымның күшін жоюға сұрату туралы ақпараттық хабар жібереді.
Тармақ 44
44. Оператор қатысушы-ақша жөнелтушіден ақпараттық хабар алғаннан кейін операциялық құжаттамаға сәйкес қатысушы-бенефициармен ақпараттық және төлем хабарларымен алмасады.
Тармақ 45
45. Ақша жөнелтуші-клиенттің бастамасы бойынша оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтаруға сұрату қатысушы-бенефициарға берілген бенефициардың келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 46
46. Оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша бұрын алынған аударымның толық сомасы қайтарылуға тиіс. Оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымның сомасын ішінара қайтаруға жол берілмейді.
Тармақ 47
47. Клиенттердің бастамасы бойынша оңайлатылған сәйкестендіргіш бойынша аударымды қайтаруға бастама жасауға операциялық құжаттамада белгіленген уақыт кезеңі ішінде рұқсат етіледі.
Тармақ 48
48. Қатысушылар клиенттерге қайтару операциясын ол жіберілгенге дейін растау мүмкіндігін, сондай-ақ клиенттерге қайтару нәтижесі туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Клиенттерге мобильді қосымшада операция нәтижелерін көрсету жөніндегі талаптар операциялық құжаттамада белгіленеді.
Тармақ 49
49. Қатысушы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес клиентке ақша есептеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5. 5-параграф. Клиринг жүргізу тәртібі
5-параграф. Клиринг жүргізу тәртібі
Тармақ 50
50. Жүйенің операциялық күні аяқталғаннан кейін Оператор әрбір қатысушының таза позициясын белгілейді.
Тармақ 51
51. БААЖ-да ақшаны түпкілікті есептеу және қатысушылардың позициялары бойынша аудару «Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14310 болып тіркелген) бекітілген Банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес және Қағидаларға қосымшаға сәйкес операциялық күн кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Оператор ақшаны түпкілікті есептеуді аяқтағаннан кейін қатысушыға жүйеде өңделген барлық төлем хабарлары туралы ақпаратты және клиринг нәтижелері бойынша қатысушының таза позициясы туралы ақпаратты қамтитын үзінді-көшірме түріндегі соңғы ақпараттық хабарды, сондай-ақ жүргізілмеген төлем хабарларының ведомосын және осы қатысушының пайдасына түскен және соңғы ақпараттық хабарда үзінді-көшірме түрінде көрсетілген барлық төлем хабарларын жібереді.
Тармақ 53
53. Егер жүйеде қатысушы позициясының жай-күйі туралы үзінді- көшірме түріндегі ақпараттық хабарда қатысушы Операторға берген төлем хабары туралы ақпарат болмаса, қатысушы бұл туралы Операторға хабарлайды және Оператормен бірлесіп келесі операциялық күннен кешіктірмей төлем хабарының жоғалу себебін анықтайды.
Тармақ 54
54. Электрондық хабарларды уақтылы алмаған немесе олар болмаған кезде қатысушы шартқа сәйкес Операторды хабардар етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Киберқауіпсіздік шаралары
5-тарау. Киберқауіпсіздік шаралары
Тармақ 55
55. Оператор жүйеде жұмыс істеу үшін киберқауіпсіздік шараларын белгілейді, ақпаратты криптографиялық қорғаудың сертификатталған құралдарын, аккредиттелген куәландырушы орталықты және тіркеу куәліктерін пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 56
56. Тіркеу куәліктерін пайдалану тәртібін Оператордың куәландырушы орталығы белгілейді.
Тармақ 57
57. Жүйеде төлем және ақпараттық хабарлар электрондық тәсілмен беріледі және қабылданады.
Тармақ 58
58. Оператор және жүйеге қатысушылар 5 (бес) жыл бойы ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді және жіберілетін және алынатын төлемдер мен ақша аударымдарына мониторинг жүргізеді.
Оператор мен қатысушының ішкі цифрлық жүйелерінде Оператор мен қатысушы өңдеген барлық төлемдер және ақша аударымдарының аудиторлық ізі болады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін аудиторлық iз деп ақпараты жүйеде және жүйе қатысушыларында сақталатын, жүйедегі электрондық хабарларды өңдеу жөніндегі оқиғаларды жүйелі тіркеу түсініледі.
Тармақ 59
59. Оператордың төлем хабарларын өңдеуі кезінде оларды өзгертуге жол берілмейді.
Тармақ 60
60. Оператор мен қатысушылар электрондық хабарлармен алмасу кезінде Оператор анықтаған және қатысушыларға ұсынатын ақпаратты криптографиялық қорғау құралын және тіркеу куәліктерін пайдаланады.
Тармақ 61
61. Оператор мен қатысушы электрондық хабарлардың жасырындылығын, тұтастығын, авторлығын және түпнұсқалығын растау үшін ақпаратты криптографиялық қорғау құралын қолданады.
Тармақ 62
62. Оператор мен қатысушылар жүйенің жасырындылығын қамтамасыз ету, ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау кепілдігі және ақпараттың бұзылуын болдырмау үшін ашық арналар арқылы сақталатын немесе берілетін ақпаратты шифрлайды.
Тармақ 63
63. Оператор жүйеде жұмыс істеу кезіндегі киберқауіпсіздік шараларын шартта белгіленген мерзімдерде қатысушылардың назарына оларды Оператордың ресми интернет-ресурсында жариялау арқылы жеткізеді.
Тарау 6. 6-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі
6-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тармақ 64
64. Операциялық тәуекелді басқару үшін мына:
Тармақша 1
1) қатысушылардың жүйеде жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Оператордың операциялық тәуекелді басқару жөніндегі ішкі құжаттарында айқындалған әдістерге сәйкес жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің тұрақты мониторингін жүргізу және үздіксіз жұмысын қолдау;
Тармақша 3
3) жүйенің жұмысын тоқтатудың ықтимал сценарийлерін ескере отырып, жүйенің қызметін қалпына келтіру жоспарын өзекті күйде ұстау;
Тармақша 4
4) резервтік орталықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) негізгі орталықта қалпына келтіруге жатпайтын жүйенің бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысында іркілістер немесе тоқтап қалулар болған кезде жүйенің жұмысын негізгі орталықтан резервтік орталыққа ауыстыру;
Тармақша 6
6) Оператордың ішкі бақылау жүйесінде көзделген бақылау шараларын қабылдау шаралары пайдаланылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін операциялық тәуекел деп цифрлық жүйелердегі, ішкі процестердегі кемшіліктермен немесе іркілістермен, адамның қателіктерімен, басқарудағы кемшіліктермен, заңнаманы сақтамаумен байланысты, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан туындаған тәуекел түсініледі.
Тармақ 65
65. Киберқауіпсіздік тәуекелдерін басқару үшін жүйеде заңнамалық және реттеуші талаптарға, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына, сондай-ақ операциялық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қолданылады.
Тармақ 66
66. Өтімділік тәуекелін, кредиттік және жүйелік тәуекелдерді басқару мақсатында жүйеде есеп айырысуларға кепілдік беру жүйесі қолданылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін өтімділік тәуекелі деп қатысушы-ақша жөнелтушінің ақша аудару жөніндегі өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамау (орындамауының) мүмкіндігімен байланысты тәуекелі түсініледі.
Кредиттік тәуекел – контрагенттің (төлемге және (немесе) ақша аударымына қатысушының) өз міндеттемелерін толық көлемде уақтылы орындамауының (орындамауының) мүмкін болуына байланысты тәуекел.
Жүйелік тәуекел – бір немесе бірнеше қатысушының міндеттемелерін орындамауынан туындаған, бір немесе бірнеше қатысушының бір немесе бірнеше ақша аударымы бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелі.
Тармақ 67
67. Жүйеде алаяқтықтың алдын алу мақсатында жеке тұлғалар арасында 1 (бір) операцияның ең жоғары сомасына 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде шектеу белгіленеді. Қатысушылар қатысушылардың ішкі құжаттарына сәйкес көрсетілген операциялардың жиілігі бойынша қосымша шектеулер белгілей алады.
Жүйеде QR-код бойынша төлемдер бойынша шектеулер жоқ.
Тарау 7. 7-тарау. Даулы жағдайларды шешу тәртібі
7-тарау. Даулы жағдайларды шешу тәртібі
Тармақ 68
68. Даулы жағдай бойынша өтінішке қатысушы беру мерзімі клиент операция жасаған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей жасалған өткізілген тауарлар және (немесе) көрсетілген қызметтер үшін ақшаны қайтару жөніндегі өтінішті қоспағанда, оны клиент операция жасаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бастамашылық жасайды.
Тармақ 69
69. Қатысушылар клиенттердің операцияларды даулауына байланысты даулы жағдайларды Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Оператор порталында бір-бірімен өзара іс-қимыл жасау арқылы дербес шешеді.
Тармақ 70
70. Даулы жағдайлардың санаттары және оларды қарау шарттары операциялық құжаттамада белгіленеді.
Тармақ 71
71. Шағымдану мүмкіндігін ескере отырып, даулы жағдайды қараудың жалпы мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.
Тармақ 72
72. Қатысушылар арасында даулы жағдай реттелмеген кезде қатысушылар Операторға өтініште даулы жағдайдың себебін көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді.
Басқа 1.1. Жүйенің операциялық күнінің графигі
Банкаралық мобильді төлемдер
жүйесінің жұмыс істеу
қағидаларына
қосымша
Жүйенің операциялық күнінің графигі
№
Жұмыстардың атауы
Уақыты (Астана қ. уақыт белдеуі)
басталуы
жабылуы
1
Ағымдағы операциялық күнді жабу. Қатысушылардың таза позицияларын тіркеу. БААЖ-да есептеу үшін банкаралық клиринг жүйесіне нетто-позициялары бар хабарды беру (банкаралық ақша аударымдары жүйесінде ең жоғары ықтимал басымдығы бар төлем хабарламалары)
17:59:59 (Т күні)
2
Жаңа операциялық күнді ашу
18:00:00
3
Төлем және ақпараттық хабарларды қабылдау және өңдеу, ағымдағы таза позицияларды есептеу.
18:00
17:59:59 (Т+1 күні)
4
Қатысушылардың БААЖ-дағы таза позицияларын есептеу. БААЖ-дағы демалыс немесе мереке күндердегі таза позицияларды есептеу демалыс немесе мереке күндерден кейінгі бірінші жұмыс күні орындалады.
18:30
19:00
5
Қатысушылар үшін түпкілікті үзінді-көшірмелер мен есептерді қалыптастыру және беру.
Ағымдағы операциялық күн жабылғаннан кейін және нетто- позициялармен хабар жібергеннен кейін (1-т.)