Об утверждении Типовых правил деятельности кабинетов помощи детям – жертвам насилия Қолданыста
Басқа 0
Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға
көмек көрсету кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 110-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға
көмек көрсету кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жарақатқа бағдарланған тәсіл – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалармен жұмысты ұйымдастыру тәсілі, ол олардың ықтимал травмалық тәжірибесін ескеруге негізделген және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қолдау көрсетуге, сондай-ақ қайта травматизацияның алдын алуға бағытталған;
Тармақша 2
2) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің (бұдан әрі – кабинеттер) қызметін үйлестіру жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары
2-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары
Тармақ 4
4. Кабинеттердің мақсаты зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты, соның ішінде сот-медициналық сараптама және тергеу іс-шаралары жүргізілген кезде көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 5
5. Кабинеттердің міндеттері:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) баланың мүдделерін қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып, зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды сот-медициналық сараптама жүргізу және тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу;
Тармақша 4
4) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға уақтылы көмек көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен, оның ішінде құқық қорғау органдарымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Кабинеттердің қызметі заңдылық, құпиялылық және баланың мүдделерінің басымдығы қағидаттарына негізделеді.
Тарау 3. 3-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің тәртібі
3-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Кабинеттердің қызметі қалаларда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қала аудандарында, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдар анықтайтын ұйымдар базасында немесе жеке заңды тұлға ретінде, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. Кабинеттерді құру, қайта ұйымдастыру және жабу, сондай-ақ кабинет басшысын тағайындау немесе қызметінен босату туралы шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.
Тармақ 9
9. Кабинеттер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) психологиялық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жеке психологиялық көмек көрсету бойынша психологиялық қолдау орталықтарына жәрдемдесу, соның ішінде психоэмоциялық мәселелерді, дағдарыстық жағдайларды шешуге, психотравмалық оқиғалардың салдарын жеңуге бағытталған диагностика жүргізу және кеңестер беру;
Тармақша 2
2) медициналық – денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға және емдеуге жатқызуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) сот-медициналық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың жағдайын кешенді сот-медициналық бағалау жүргізу үшін сот-медициналық сарапшылармен ынтымақтастық жасау;
Тармақша 4
4) тергеу – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды ішкі істер органдары жүргізетін тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу және оларға қолдау көрсету.
Тармақ 10
10. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету кабинеттерде тәулік бойы және тегін жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган анықтаған ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің мүдделері мен баланың мүдделері қайшылыққа келетін жағдайларды қоспағанда, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің жазбаша немесе хабардар келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер мен баланың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өкіл тағайындауға міндетті.
Тармақ 12
12. Кабинеттерге зорлық-зомбылықтан жәбір көрген, туған сәтінен он сегіз жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Тармақ 13
13. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды қабылдаудың негізі – кәмелетке толмағанды жеткізген адамның өтініші немесе кәмелетке толмағанның өзі жасаған өтініші.
Тармақ 14
14. Кабинеттерге жеткізілген немесе өздігінен жүгінген кәмелетке толмағандар туралы деректер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналында тіркеледі.
Тармақ 15
15. Кәмелетке толмағанды қабылдау кезінде кабинет қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кабинетке зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісін жасайды.
Тармақ 16
16. Кабинет басшысы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау кезінде:
Тармақша 1
1) баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы жедел түрде баланың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне хабарлайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағанға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді шақырады;
Тармақша 3
3) ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерін жедел шақырады.
Тармақ 17
17. Кабинетте болған уақытта әрбір зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға кепілдендірілген:
Тармақша 1
1) өмірі мен денсаулығының сақталуы;
Тармақша 2
2) қадір-қасиетінің қорғалуы;
Тармақша 3
3) барлық түрдегі зорлық-зомбылықтан қорғау;
Тармақша 4
4) білікті көмек алу.
Тармақ 18
18. Психологиялық қолдау орталығының маманы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын жедел түрде бастапқы бағалайды, бұл осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қажетті іс-шараларды өткізеді.
Тармақ 20
20. Баладан айғақтар процессуалдық нормаларды сақтай отырып, қайта жауап алу қажеттілігін азайтып қабылданады.
Тармақ 21
21. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шыққан жағдайда, сараптама кабинеттегі арнайы жабдықталған секцияда сот-медициналық сарапшы қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Сот-медициналық сараптама баланың жеке өмірін сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу және сараптамаға тікелей қатыспайтын адамдардың минималды саны қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға қатысты сот-медициналық сараптама, тергеу әрекеттері жүргізілген кезінде мүмкіндігінше баламен бір жыныстағы маман қатысуы немесе баланың психологиялық жағдайын ескере отырып басқа маманның қатысуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 24
24. Психологиялық қолдау орталығының маманы баланы қайта жарақаттамау мақсатында тергеу және сот-медициналық әрекеттерді жүргізу шарттарын, нысанын және ретін ұсынуға құқылы.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган кабинетке жеткізілген зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне тапсыруды қамтамасыз етеді, ал бұл баланың мүддесіне қайшы келетін немесе тікелей өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда, баланың әрі қарай орналастырылуы туралы шешімді «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қабылдайды.
Тармақ 26
26. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын бастапқы бағалауға сүйене отырып, жеке жұмыс жоспары (бұдан әрі – ЖЖЖ) осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес кабинет басшысымен жасалып, қол қойылады және ішкі істер органдарымен, сот-медициналық сарапшымен, психологиялық қолдау орталығымен, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органмен және баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерімен келісіледі.
Тармақ 27
27. ЖЖЖ-де көрсетілген іс-шаралар ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органның өкілдерімен және сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалар алғашқы көмек көрсету және осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде қажеттілігі бойынша шығуға және қайта оралуға мүмкіндігімен кабинетте уақытша болады.
Тармақ 29
29. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету баланың жасын, жынысын, жеке даму ерекшеліктері мен психологиялық жағдайын ескере отырып, баланың құқықтары мен қажеттіліктерін назарға алатын жарақатқа бағдарланған тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Кабинетте болған кезде белгілі болған зорлық-зомбылықтан жәбір көрген кәмелетке толмағандардың дербес деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарияланбайды.
Тармақ 31
31. Баланың және оның отбасының жеке деректерін (жеке сәйкестендіру деректері, фотосуреттері, мекенжайы, білім беру ұйымдарының атауы) қамтитын материалдарды жариялауға тыйым салынады.
Тармақ 32
32. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсетілуін бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Кабинет бөгде адамдардың қол жеткізуі шектелген келесі секциялардан тұрады:
Тармақша 1
1) cот-медициналық сараптама жүргізу секциясы;
Тармақша 2
2) тергеу әрекеттерін жүргізу секциясы;
Тармақша 3
3) психолог секциясы;
Тармақша 4
4) жұмыс секциясы.
Тармақ 34
34. Секцияларда кабинет жұмысы мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылады.
Балалардың қоршаған ортасын ұйымдастырғанда артық детальдар, шамадан тыс декоративті элементтер және көп ашық, контрастты түстер қолданылмайды.
Тармақ 35
35. Кабинетті және жиһазды безендіру үшін балалардың тыныш психоэмоциялық күйін қамтамасыз ететін ашық және бейтарап түстер қолданылады.
Тармақ 36
36. Кабинетке кіргенде зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың демалуына арналған күту аймағы орналасады, онда балалардың қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін жағдай жасалады.
Тармақ 37
37. Кабинет осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
Тармақ 38
38. Кабинеттердің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналы
Зорлық-зомбылық құрбаны
болған балаларға көмек көрсету
кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидаларына
1 қосымша
нысан
Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналы
_______________________________________________________________
(зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетінің атауы)
Басталды «___» __________________ 20 __ ж. Аяқталды «___» _______________ 20 __ ж.
№
Жеткізілу күні және уақыты
Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Кәмелетке толмағанның туған күні, айы, жылы
1
2
3
4
Кәмелетке толмағанның жеке сәйкестендіру нөмірі
Кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, айы, жылы)
Кәмелетке толмаған ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі
5
6
7
Кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы (болған жағдайда)
Жеткізушінің қолы
Кәмелетке толмағанды қабылдаушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы
Қабылдаушының қолы
8
9
10
11
Кабинетке жеткізілу себебі
Кәмелетке толмаған кімге және қайда жіберілді (мекенжай)
Кабинеттен кету күні мен уақыты
Кәмелетке толмағанды алып кеткен тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы (болған жағдайда), қолы
12
13
14
15
Басқа 1.2. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне
зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісі
Зорлық-зомбылық құрбаны
болған балаларға көмек көрсету
кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидаларына
2 қосымша
нысан
Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне
зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісі
«____» ____________ 20 __ ж.
_________________________қаласы, ауданы
Мен____________________________________________________________
(лауазымы, тегі және аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(кабинет атауы)
______________сағ. _______________мин_________________________________
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса), жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, телефон нөмірі)
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмаған табылған орын, уақыт және жағдайлары)
_____________________________________________________________________
анықталған кәмелетке толмаған жеткізілгендігі туралы осы актті жасадым.
Кәмелетке толмағанның ерекшеліктері _____________________________________________________________________
(бойы, салмағы, шамамен жасы, ерекшеліктерінің (тері дағы, жарақаттан қалған іздер), денесіндегі жаралардың, зорлық-зомбылық белгілерінің анықталуы)
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы, мекенжайы, ата-анасының жұмыс орны) анықталды.
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(бала сырт көзге сау, науқас немесе дене жарақаттары бар)
акт жасақтаушының қолы
_____________________________________________________________________
(кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)
____________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 1.3. Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны
Зорлық-зомбылық құрбаны
болған балаларға көмек көрсету
кабинеттері қызметінің үлгілік
қағидаларына
3 қосымша
нысан
Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны
Баланың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы және жасы):
Бағалауды жүргізген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы:
Баланың жағдайын бастапқы бағалау:
1. Баланың үйдегі және отбасындағы жағдайын бағалау (ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері өз міндеттерін орындай ма, бала отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырай ма және басқа да мән-жайлар):
2. Баланың туыстарымен және достарымен қарым-қатынасын бағалау (бала жақын туыстарын біле ме, отбасы мүшелерінің біріне бауыр басуы бар ма, достары бар ма және басқа да мән-жайлар):
3. Баланың әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау:
Әлеуметтік (тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жәрдемақылар алу және басқа да мәселелер):
Құқықтық (құжаттарының болуы, құқықтық мәртебесі және басқа да мәселелер):
Медициналық (денсаулық жағдайы, ерекше күтім қажеттілігі, қатыгездікпен қарау және зорлық-зомбылық белгілері, темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін қолдану және басқа да мәселелер):
Психологиялық (баланың/отбасының мінез-құлық және тұлғалық ерекшеліктері):
Білім беру (оқу орны, үлгерімі, қосымша біліммен қамтылуы, білім беру қызметтеріне қажеттілігі):
4. Баланың психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін бағалау:
Қауіпсіздік (баланың қауіпсіз мінез-құлық дағдылары қаншалықты дамыған? Бала тәуекелді мінез-құлық көрсетеді ме? Бала бөтен адамдармен байланысқа шыға ма? Әлеуметтік желілерде өзіне қатысты жеке ақпарат бөліседі ме?)
Әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі күту дағдылары (бала гигиеналық процедураларды қалай орындайды: өздігімен, көмек қажет пе, бақылауды қажет етеді ме, ересектің ескертуін қажет етеді ме? Бала тұрмыста қаншалықты бейімделген: не істей алады, не істеуді ұнатады? Бала қалай киінеді: киімі жасына, жынысына, жағдайға сәйкес пе?):
Отбасылық және әлеуметтік байланыстар (бала айналасындағы адамдармен қалай байланыс орнатады? Қандай жастағы балалармен қарым-қатынас жасағанды ұнатады? Бала жақын ересекпен және балалармен достық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты қалай құрады? Қақтығыс жағдайында қалай әрекет етеді? Бала туыстарымен қарым-қатынасын сақтай ма, қандай тәсілдер қолданады?):
Эмоциялық және мінез-құлық дамуы (баланың көңіл-күйі көбінесе қандай? Көңіл-күйдің өзгеруіне қандай оқиғалар себеп болуы мүмкін? Көңіл-күйдің өзгеруі баланың мінез-құлқына қалай әсер етеді? Баланың оң және теріс мінез-құлық ерекшеліктері қандай, олар мінез-құлықта қалай көрінеді?):
Өзін-өзі тану (бала өз отбасын, этникалық шығуын, мәдениетін, ана тілін қаншалықты біледі және оларға қалай қарайды?):
Білім беру және оқыту (бала қай мектепте, қандай бағдарлама бойынша оқиды? Оқу процесіне қалай қарайды, үлгерімі қандай? Үй тапсырмасын қалай орындайды? Қандай пәндерге қызығушылығы бар, қай пәндерді үйренуде қиындықтар туындайды? Пәнді үйренуде қандай кедергілер бар? Бала бос уақытында немен айналысады, қызығушылықтары қандай? Қандай қабілеттері, жетістіктері мен табыстары бар?):
5. Баланың психологиялық қажеттіліктерін бағалау:
Психологиялық әл-ауқат (басым көңіл-күй, қауіпсіздік сезімі)
Өткен психологиялық жарақаттардың салдары (бала қандай жарақаттарды бастан кешірген: байланыс жарақаты, қатыгездікке ұшырау жарақаты, жоғалтудан туындаған жарақат және басқа; олар қалай көрінеді: депрессиялық күй, агрессивті реакциялар, нашар үлгерім және басқа):
Өзін-өзі бағалау, тұлғаның ерекшеліктері (баланың өзіне қатысты көзқарастары қандай? Өзіне қалай қарайды? Темпераменті қандай және қалай көрінеді? Мінез-құлқы қандай және қалай көрінеді?)
Туыстармен және жақындарымен қарым-қатынасы (баланың туыстық байланыстар туралы түсінігі. Бала анасына, әкесіне, бауырларына, атасы мен әжесіне және басқаларға қалай қарайды (ескертпелер, сезімдер)? Туыстарымен қарым-қатынасты сақтай ма (қаншалықты жиі, қалай: бетпе-бет, әлеуметтік желі арқылы және т.б., бастамашылық жасай ма/қарсы бола ма)? Туыстарымен қарым-қатынастан бұрын және кейін өзін қалай сезінеді? Баланың отбасына оралу туралы ойлары қандай, қандай сезімдер тудырады? Бала балама отбасыға орналастырылуды (туыстық қамқоршылық, асырап алу, патронат) қарастыра ма?)
6. Қызметкерлердің жалпы бағалауы мен қорытындылары:
7. Қызметкерлердің қолы:
Күні:
Бекітілді:
Күні:
Басқа 1.4. Жеке жұмыс жоспары
Зорлық-зомбылық құрбаны
болған балаларға көмек көрсету
кабинеттері қызметінің үлгілік
қағидаларына
4 қосымша
нысан
Жеке жұмыс жоспары
Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні
_____________________________________________________________________
Байланыс ақпараты ______________________________________
Тұратын мекенжайы ___________________________________________
Тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемін көрсету):
№
Атауы
Тағайындалған күні
Аяқталған күні
Жауапты
Іс шараларды орындау нәтижелері
Психологиялық қолдау орталығының іс-шаралары
Іс-шаралар
Ішкі істер органдарының іс-шаралары
Іс-шаралар
Сот-медициналық сарапшының іс-шаралары
Іс-шаралар
Қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органның іс-шаралары
Іс-шаралар
Басқа іс-шаралар
Іс-шаралар
Ескертпелер, толықтырулар: _____________________________________
Кабинет басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы _____________________________________________________________________
Келісілді:
Келісуші тұлғалардың (ішкі істер органы, сот-медициналық сарапшы, қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган, психологиялық қолдау орталығы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Ата-ананың немесе баланың басқа заңды өкілінің жеке жұмыс жоспарымен келісуі:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________
Қолы_________________________________________________________________
Күні_________________________________________________________________
Егер келісім алу мүмкін болмаса, себебін көрсетіңіз
___________________________________
Басқа 1.5
Зорлық-зомбылық құрбаны
болған балаларға көмек көрсету
кабинеттері қызметінің
үлгілік қағидаларына
5 қосымша
№
Материалдар/жабдықтар атауы
Саны
Сот-медициналық сараптама жүргізу секциясы
1.
Негатоскоп
1
2.
Жылжымалы диагностикалық шам
1
3.
Стационарлық бактерицидтік сәулелендіргіш
1
4.
Гинекологиялық кресло
1
5.
Жаялықты қоса алғанда, гинекологиялық құралдар жиынтығы (бір рет қолданылатын)
1
6.
Тазомер
1
7.
Ростомер
1
8.
Процедуралық үстел
1
9.
Медициналық кушетка
1
10.
Сандық фотоаппарат
1
11.
Құралдарды дезинфекциялауға арналған 5,0 л сыйымдылығы бар контейнер
1
12.
Бикстер
2
13.
Еден таразысы
1
14.
Петри табақтары
50
15.
Заттық шынылар
100
16.
Үстел
1
17.
Кресло
1
18.
Жұмыс материалдарын сақтауға арналған шкаф
1
19.
Анатомиялық қуыршақ
1
20.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы
1
21.
Антисептик
2
22.
Қол жуатын орын
1
Тергеу әрекеттерін жүргізу секциясы
1.
Жоғары сапада бейнежазу мүмкіндігі бар бейнекамера
1
2.
Аудиорекордер
1
3.
Микрофон
2
4.
Бөлек кабинеттегі жауап алудың басқа қатысушыларымен байланысуға арналған бейне және дыбыстық қашықтықтан коммуникация жүйесі
1
5.
Басқа кабинеттен бейне мен дыбысты көрсетуге арналған дисплей немесе монитор
1
6.
Ақпаратты жазу және сақтау құрылғылары
1
7.
Аудио және бейнематериалдарды жазуға және сақтауға арналған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютер
1
8.
Жазбаларды ұзақ мерзімді сақтауға арналған қатқыл диск немесе сервер
1
9.
Кресло
1
10.
Диван
1
11.
Үстел
1
12.
Орындық
4
13.
Шкаф
2
14.
Сөре
2
15.
Ойыншықтар
10
16.
Түрлі-түсті субұрқақ
1
17.
Жауап алу процесін бақылауға арналған мөлдір шыны немесе бір жақты айна
1
18.
Наушник
2
Психолог секциясы
1.
Тумбасы бар компьютерлік үстел
1
2.
Шынтақшалары бар, дөңгелекті айналмалы кресло
1
3.
Жартылай ашық шкаф
1
4.
Жартылай жұмсақ орындық
1
5.
Теңселу әсері бар жартылай жұмсақ кресло
1
6.
Шағын журнал үстелі
1
7.
Балалар үстелі
1
8.
Балалар орындығы
2
9.
Жұмсақ пуф
2
10.
Магнитті/тығын тақта
1
11.
Микрофонды-телефонды гарнитурасы және веб-камерасы бар, интернетке қосылған дербес компьютер
1
12.
Үстел үсті акустикалық жүйесі
1
13.
Маршрутизатор
1
14.
Көпфункционалды құрылғы (көшірмелеу/принтер/сканер)
1
15.
Портативті колонка
1
16.
Желілік сүзгі
2
17.
Ойын әрекетін дамытуға арналған ойын немесе ойыншық
10
18.
Зияткерлігі бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруге арналған жиынтық
1
19.
Қабырғаға ілінетін бактерицидті сәулелегіш
1
20.
Үстел үстіне қойылатын түрлі-түсті релаксациялық шам
2
21.
Стимулдық көрнекі-дидактикалық материал
1
22.
Еденге төселетін кілем жабыны
1
Жұмыс секциясы
1.
Үстел
1
2.
Орындық
4
3.
Кресло
2
4.
Компьютер
1
5.
Шкаф
1
6.
Сөре
2
7.
Жауап алу барысын бақылауға арналған монитор
1
8.
Жауап алудың дыбыс жазбасын тыңдауға арналған аудиожүйе
1
9.
Аудио және бейнематериалдарды қарауға, өңдеуге және талдауға арналған мамандандырылған бағдарламалық жасақтама
1
10.
Телефон
1
11.
Наушник
1
12.
Микрофон
1