Об утверждении Перечня персональных данных, необходимых и достаточных для выполнения осуществляемых задач органами прокуратуры Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 61), 73) тармақшаларынан және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 101) тармақшаларынан басқа, оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Тоқтатыла тұрсын:
Тармақша 1
1) 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Тізбенің 61), 73) тармақшаларының күші тоқтатыла тұру кезеңінде Тізбенің 61), 73) тармақшалары мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып: «61) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкімшілік қуу түріндегі тағылған әкімшілік жазалардың саны (аталған әкімшілік ықпал ету түрі қолданылған адамдар туралы дербес деректерді міндетті түрде көрсетумен);»; «73) Қазақстан Республикасынан тыс аумаққа қуылған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер;»;
Тармақша 2
2) 2026 жылғы 12 шілдеге дейін Тізбенің 101) тармақшасының күші тоқтатыла тұру кезеңінде Тізбенің 101) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып: «101) Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік және өзге органдар мен ұйымдардың дербес деректерді қамтитын өзге де ақпараттық жүйелері арқылы алынатын тұлғалар туралы мәліметтер;».
Басқа 1. Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «___» ___________2026 жылғы № ____ бұйрығымен бекітілген Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) ауыстыру туралы мәліметтер, ауыстыру негіздері;
Тармақша 3
3) қолтаңбасы;(соның ішінде, болған жағдайда электрондық цифрлық);
Тармақша 4
4) туған күні, айы, жылы;
Тармақша 5
5) туған жері (туу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні, кім берді);
Тармақша 6
6) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, құжаттың берілген күні, құжаттың әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган, шетелге шығу төлқұжаты болған жағдайда, төлқұжаттың деректері (бейнесуреттерді жалғай отырып, нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган);
Тармақша 7
7) алдыңғы жеке басын куәландырған құжаттарды беру туралы деректер (құжатты берген орган, беру негіздері, ауыстыру себептері);
Тармақша 8
8) азаматтығы (бұрынғы азаматтығы), Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған күні;
Тармақша 9
9) азаматтың тұрғылықты жерінің мекенжайы және тіркелген жері (тіркелген жері мен тұрғылықты жерінің бұрынғы мекенжайы), тұрғылықты жері бойынша (бұрын тұрған жері бойынша) немесе мекендеген жері бойынша тіркелген күні;
Тармақша 10
10) электрондық почтаның адрес(тер)і; (соның ішінде әлеуметтік желілерде тіркелу туралы мәліметтер);
Тармақша 11
11) байланыс телефондарының нөмірлері (үйдің, жұмыс орнының, ұялы және отбасы мүшелерінің);
Тармақша 12
12) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);
Тармақша 13
13) ұйымның – жұмыс орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
Тармақша 14
14) жеке кәсіпкердің қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, тіркелген күні (тіркеуден шығару негіздері), қызметінің түрі;
Тармақша 15
15) заңды тұлғаларды құру және қызметіне қатысу (шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестер, акциялардың), соның ішінде өзге заңды тұлғаларда туыстарының және жекжаттарының, соның ішінде бұрын қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғаның қызметі туралы мәліметтер (заңды мекенжайы, мемлекеттік тіркелген күні), қызметінің түрі, құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарату негіздері, құқық қорғау және қазыналық органдар тарапынан наразылықтардың болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 16
16) еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні мен ондағы жазбалар туралы мәліметтер;
Тармақша 17
17) жеке сәйкестендіру белгілерін (меншік немесе иемдену құқығының негізі, маркасы, тіркелу орны, мемлекеттік тіркеу нөмірлік таңбасы, кадастрлық нөмір, орналасқан жерінің мекенжайы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да белгілер) көрсете отырып, меншік құқығындағы, сондай-ақ сенімгерлікпен басқару құқығындағы мүлік (мүліктік жағдай)туралы мәліметтер (автокөлік, жылжымайтын мүлік объектілері (жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын);
Тармақша 18
18) жеке құрам бойынша актілердің және оларға қатысты материалдардың түпнұсқалары мен көшірмелерінде көрсетілген мәліметтер;
Тармақша 19
19) мемлекеттік марапаттар және ведомстволық үздіктік белгілері, құрметті, арнайы және әскери атақтар, сыныптық шендер, ынталандырулар, жазалаулар туралы мәліметтер (атауы, түрі, күні);
Тармақша 20
20) аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтер; психологиялық зерттеу және заңнаманы білуге тестілеу нәтижелері туралы ақпарат;
Тармақша 21
21) ішкі қызметтік тексерулердің нәтижелері туралы мәліметтер;
Тармақша 22
22) медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер;
Тармақша 23
23) полиграфологиялық зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер;
Тармақша 24
24) уақытша еңбекке жарамсыздық, іссапарлар, демалыстар туралы мәліметтер;
Тармақша 25
25) әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебе туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, жеңілдіктер мен мәртебені ұсыну үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы);
Тармақша 26
26) еңбек қызметі туралы мәліметтер (лауазымы, құрылымдық бөлімшесі, ұйым және оның атауы, жалпы және үздіксіз еңбек өтілі, мекенжайлар мен телефондар толық көрсетілген, қазіргі уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер, сондай-ақ бұрын атқарған лауазымдарының атаулары мен ол ұйымдарда жұмыс істеген уақыты толық аталған басқа ұйымдардың деректемелері);
Тармақша 27
27) білімі, біліктілігі және арнайы білімдерінің немесе арнайы дайындығының болуы туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, диплом, куәлік, аттестат немесе аяқтау туралы басқа құжат берілген күн);
Тармақша 28
28) білім беру мекемесі туралы мәліметтер, соның ішінде оның атауы мен заңды мекенжайы, факультеты немесе бөлімі, оны аяқтағаннан кейінгі біліктілігі мен мамандығы;
Тармақша 29
29) ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (иемдену туралы актінің нөмірі мен күні);
Тармақша 30
30) біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өту туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлаудан өту туралы құжат берілген күн, білім беру мекемесінің заңды мекенжайы мен атауы, оны аяқтағаннан кейінгі біліктілігі мен мамандығы);
Тармақша 31
31) еңбекақысы туралы мәліметтер (соның ішінде қызметтік айлығы, үстемесі, сыйақысы, салық және зейнетақы аударымдары туралы деректер);
Тармақша 32
32) тұлғаға қатысты атқарушылық құжаттардың болуы жөніндегі мәліметтер;
Тармақша 33
33) әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер (сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті немесе тіркеу куәлігін берген органның атауы, әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, есепке қабылдау/шығару туралы деректер);
Тармақша 34
34) әскери бөлімнің атауы, мерзімді қызметтен өткен кезеңі;
Тармақша 35
35) отбасылық жағдайы туралы мәліметтер (некелескен болуы, некеге отыру туралы куәліктің деректері, жұбайының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жұбайының жеке басын куәландыратын құжат, туыстық дәрежесі, отбасының өзге мүшелерінің, асыраудағы адамдардың тектері, аттары, әкелерінің аттары (ол болған кезде) және туған күндері, балалардың болуы және олардың жастары, балаларды туу туралы, некені бұзу туралы куәліктер, нөмірлері мен берілген күндері, құжатты берген орган);
Тармақша 36
36) жинақтаушы зейнетақы қорлары туралы мәліметтер (атауы, келісім-шартқа отыру күні);
Тармақша 37
37) қызметтік куәлік туралы мәліметтер (нөмірі мен берілген күні, әрекет ету мерзімі);
Тармақша 38
38) тұрғын үйде, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде, жұбайын жұмысқа орналастыруда мұқтаждық туралы мәліметтер;
Тармақша 39
39) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға қатысты мәліметтер;
Тармақша 40
40) сотталған және ақталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық істері іс жүргізумен, тоқтатылған адамдарға қатысты мәліметтер;
Тармақша 41
41) азаматтық және әкімшілік істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған кезде талапкер, жауапкер, үшінші тараптар, дауласу мәніне дербес талаптарды білдірушілер (білдірмейтіндер) ретінде қатысқан (қатыспаған) адамдар, істердің қозғалысы, оның ішінде аппеляциялық, кассациялық шағымдар мен қадағалау өтінішхаттары келіп түскен күндер, оларда қарар бөлігі, сот актісін тараптарға беру күні, заңды күшіне енетін күні көрсетілген орындалған сот актілері туралы мәліметтер;
Тармақша 42
42) қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізетін қатысушылар туралы мәліметтер;
Тармақша 43
43) ұсталған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алу туралы мәліметтер (дактилоскопиялық формуланың мәліметтерін, бармақтардың таңбаларын қамтитын дактилоскопиялық карточка);
Тармақша 44
44) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған іздестірудегі адамдар туралы, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 45
45) хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 46
46) жеке басы анықталмаған мәйіттер туралы мәліметтер;
Тармақша 47
47) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер, сондай-ақ тағылған айыппұлдарды төлеу немесе жазаны орындау нәтижелері;
Тармақша 48
48) сот әрекетке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 49
49) белгілі бір қызметпен айналысу және нақты бір лауазымдарды атқару құқығынан шектелген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 50
50) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 51
51) тексеру субъектілері (объектілері), бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қоныс аударуымен профилактикалық бақылау және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін қадағалау туралы мәліметтер;
Тармақша 52
52) террористік іс-әрекетті, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 53
53) экстремизмді, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 54
54) экстремизм, терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды немесе қылмыстық жолмен алынған пайданы заңдастыруды жүзеге асыруға қатысты адамдар жасаған қаржылық операциялар туралы мәліметтер;
Тармақша 55
55) адамдар мүлікті оқшаулау бойынша жасаған мәмілелер туралы мәліметтер (жылжымайтын мүлік, көлік, заңды тұлғаларға қатысу үлестері, акциялар және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мүліктің басқа да түрлері);
Тармақша 56
56) діни сенімінің түрі туралы мәліметтер;
Тармақша 57
57) мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамдар туралы мәліметтер, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату немесе жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамға қатысты ақтау үкімін шығару туралы мәліметтер;
Тармақша 58
58) қылмыстық әрекеттер, жауынгерлік іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза болған және жарақаттанған адамдар туралы мәліметтер.
Тармақша 59
59) ұлты туралы мәліметтер (ұлтын өзгерту);
Тармақша 60
60) мемлекеттің атауын, бару мақсатын, кіру және шығу күнін, онда болу уақыт аралығын қамтитын, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу туралы мәліметтер;
Тармақша 61
61) шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкімшілік қуу түріндегі тағылған әкімшілік жазалардың саны (аталған әкімшілік ықпал ету түрі қолданылған адамдар туралы дербес деректерді міндетті түрде көрсетумен);
Тармақша 62
62) атыс қаруын тіркеген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 63
63) сот актілері бойынша борышкерлер туралы мәліметтер (соттың атауы, шешім шығарған күні, қарыздың сомасы, өндіріп алушы туралы деректер);
Тармақша 64
64) жазасын түзету мекемелерінде өтеп жүрген, тергеу изоляторында, гауптвахтада, қабылдағыш-таратқыштарда ұсталатын адамдар туралы, сондай-ақ әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар және iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда күзетпен ұсталатын адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 65
65) жүргізуші куәлігінің болуы туралы мәліметтер: атауы, құжаттың нөмірі, құжат берілген күн, құжаттың әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган;
Тармақша 66
66) қаруды, соның ішінде әскери, иір ойықты және тегіс оқпанды аңшы, сондай-ақ газды және травматикалық қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат туралы мәліметтер: құжаттың нөмірі, берілген күні, әрекет ету мерзімі, құжатты берген орган, қарудың нөмірі, үлгісі;
Тармақша 67
67) тұлғаның мемлекеттік және кедендік шекаралардан өтуі туралы мәліметтер: күні, негізі;
Тармақша 68
68) қоғамдық-қауіпті аурулар диагнозы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінде есепте тұрған адамдар туралы мәліметтер (маскүнемдік, уытқұмарлық, нашақорлық, туберкулез, АИВ/ЖПИЖС, жүйке аурулары, мінез-құлық бұзылыстары);
Тармақша 69
69) тілдерді меңгеру туралы мәліметтер (тілді меңгеру деңгейін көрсете отырып);
Тармақша 70
70) спорттық жетістіктер туралы мәліметтер;
Тармақша 71
71) тұлғаның сайлауға қатысуының нәтижелері туралы мәліметтер;
Тармақша 72
72) ата-ана құқығынан айрылған, сондай-ақ оларда шектелген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 73
73) Қазақстан Республикасынан тыс аумаққа қуылған шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 74
74) арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау тәртібіндегі ұйымға орналастырылған кәмелетке толмағандар адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 75
75) мемлекеттік органдар, соның ішінде құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің жақын туыстары туралы мәліметтер;
Тармақша 76
76) тұлғаның қызметінің түрлері туралы мәліметтер, лицензияның нөмірі, берілген күні;
Тармақша 77
77) адвокаттар, медиаторлар және нотариустар, сот орындаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), сертификаттар, лицензиялар туралы мәліметтер);
Тармақша 78
78) ақталған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 79
79) рақымшылық және кешірім жасалған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 80
80) шартты-мерзімінен бұрын босату алған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 81
81) сотталған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 82
82) шет елде білім алып жүрген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 83
83) сот хабар-ошарсыз жоғалды немесе өлді деп таныған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 84
84) партияның құрамында болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 85
85) террорлық актілер, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар, қираулар мен авариялар салдарынан қаза болған немесе жарақаттанған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 86
86) әскери оқиғалардың барысында қаза болған немесе өлген ретінде танылған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 87
87) елдің ішінде қозғалу туралы мәліметтер (бару бекеті, келу бекеті, барған күні, жолға шығу күні, жолда түспейтін, транзиттік, бару мақсаты);
Тармақша 88
88) азаматтың жеке басын көзбен көру үшін бейнесурет туралы мәліметтер (портреттік деректер);
Тармақша 89
89) кірістері мен мүлік туралы декларацияны тапсыру (тапсырмау) туралы мәліметтер;
Тармақша 90
90) қосымша еңбек қызметі туралы мәліметтер;
Тармақша 91
91) қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе жұмыстан жағымсыз уәждер бойынша босатылған адамға қатысты соттың өзгертілген немесе күші жойылған шешімдері туралы мәліметтер;
Тармақша 92
92) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін арызбен, жолданыммен, хабармен, сұрау салумен, үн қосумен, ұсыныспен, өтінішхатпен жүгінген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 93
93) мүлікті пайдалану құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 94
94) автокөлікті жүргізу құқығына сенімхат берілген адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 95
95) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт заңды тұлғаның басшылары болған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 96
96) мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттар бойынша жауапсыз жабдықтаушылар болып табылатын тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 97
97) қамқоршы, тұлғаның қорғаншылығы туралы мәліметтер;
Тармақша 98
98) адамның өлуі туралы мәліметтер (өлу актісі, нөмірі, күні, өлу актісін берген органның атауы);
Тармақша 99
99) адамға босқын мәртебесін беру немесе оған саяси баспана ұсыну туралы мәліметтер;
Тармақша 100
100) жеке тұлғалардың (с.і.ЖК) салықтық және өзге борыштары туралы, сондай-ақ тұлға құрылтайшысы және (немесе) басшысы болып табылатын заңды тұлғалардың мемлекеттік бюджет алдындағы борыштарының болуы туралы мәліметтер;
Тармақша 101
101) Құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік және өзге органдар мен ұйымдардың дербес деректерді қамтитын өзге де цифрлық жүйелері арқылы алынатын тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 102
102) жынысын өзгерту туралы мәліметтер;
Тармақша 103
103) өзге мемлекеттік органдар жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбелеріне енгізілген дербес деректер;
Тармақша 104
104) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың банктегі операциялары мен есепшоттары бойынша мәліметтер, банк несиелерінің болуы (болмауы) туралы мәліметтер;
Тармақша 105
105) Интернет-ресурстардағы сайттар, IP-адрестер туралы мәліметтер және байланыс қызметтерін көрсету кезінде абонентке ұсынылатын көлемі мен сипатына қатысты өзге мәліметтер;
Тармақша 106
106) туыстарымен байланысты жоғалтқан іздестіріліп жатқан адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 107
107) өзі туралы анықтама деректерін хабарлауға қабілетсіз адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 108
108) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесі үшін, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 109
109) атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған адамдар туралы, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 110
110) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 111
111) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты тәркіленген мүліктің сомасы туралы, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған сомалар туралы мәліметтер;
Тармақша 112
112) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты өзара құқықтық көмек көрсету және басқа халықаралық сұраулар туралы мәліметтер;
Тармақша 113
113) жетім балалардың ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың Республикалық деректер банкінің үміткерлері бала асырап алу (құрылғанның нысанына қарай: асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, асырап алушы отбасы) туралы мәліметтер;
Тармақша 114
114) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер;
Тармақша 115
115) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстату), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен айналысқаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 116
116) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметте;
Тармақша 117
117) шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарын басқара отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен адамдар туралы мәліметтер;
Тармақша 118
118) Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы Конвенцияның 2-бабының 3-тармағына сәйкес орындалуы Қазақстан Республикасының аумағында жарамды, шетелде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтер.