Об утверждении Правил адресации объектов недвижимости на территории Республики Казахстан Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 12938 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 279 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 496 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15746 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Тармақ 6
6. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар былай белгіленсін:
Тармақша 1
1) Қағидалардың 2-тармағының 23) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады: «3) «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;»;
Тармақша 2
2) Қағидалардың 8-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «8. Алдын ала мекенжай: жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне; пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге; пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге; бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі. Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат «Мекенжай» ЦЖ-да тіркелуге тиіс.»;
Тармақша 3
3) Қағидалардың 49-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «49. Сәулет және қала құрылысы органы: 1) қате адрестеу деректерінің болуын анықтау немесе ретке келтіру және жою мақсатында елді мекен аумағындағы кезекші жоспарға және «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-ға объектілерді түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді; 2) бұзылған ғимараттардың мекенжайларын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді; 3) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса алғанда, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын айқындайды; 4) елді мекендер аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады; 5) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты тіркейді және елді мекеннің кезекші жоспарына және «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-ға енгізеді; 6) «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-ға МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын қалыптастырады; 7) сәулет және қала құрылысы органының бұйрығымен осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір береді; 8) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің: атауы жоқтардың; атаулары сәйкес келетіндердің; орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандардың; жеке бұйрықпен бекітілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінің алдын ала мекенжайлардың (жобалық нөмірлерінің) тізбесін қалыптастырады және оны елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді; 9) реттік нөмірді берген уақыттын бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тіркеуші органға, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады; 10) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайды уақытында беруді, өзгертуді және жоюды қамтамасыз етеді; 11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын ала мекенжайларды (жобалық нөмірлерді) береді.»;
Тармақша 4
4) Қағидалардың 59-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «59. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтерін сәулет және қала құрылысы органы елді мекеннің кезекші жоспарындағы деректерге сәйкес «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-ға апта сайын енгізеді.»;
Тармақша 5
5) Қағидалардың 60-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «60. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін, мекенжайларды алуды, атауын өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың цифрлық көшірмелерін сәулет және қала құрылысы органы бекітілген сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде елді мекеннің кезекші жоспарына және «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-ға енгізеді.»;
Тармақша 6
6) Қағидалардың 61-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «61. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-де тіркеу елді мекен аумағында объект мекенжайының бар екенін растау болып табылады. Мекенжай тіркелімін растайтын құжат жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау туралы анықтама болып табылады.»;
Тармақша 7
7) Қағидалардың 62-тармағы мынадай редакцияда қолданылады: «62. МТК жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ қалыптастырады. МТК 16 символдан құрылады және жылжымайтын мүлік объектісі типінің кодын, жылжымайтын мүлік объектінің адресі жасалған жылды және «Мекенжай тіркелімі» ЦЖ-да тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірін қамтиды.». «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ мен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 бірлескен бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде және жылжымайтын мүлік объектісін салу үшін жер учаскесін бөліп беру кезінде берілетін жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы;
Тармақша 2
2) атау – елді мекеннің құрамдас бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;
Тармақша 3
3) әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы жүйесiнің құрамдас бөлігі (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс);
Тармақша 4
4) гараж – автомобиль көлік құралын тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылысжай;
Тармақша 5
5) ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;
Тармақша 6
6) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
Тармақша 7
7) елдi мекен – Қазақстан Республикасы аумағының халық жинақы орналасқан, халық саны кемiнде 50 адам болатын, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есепке алынған және тiркелген әрі жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi.
Тармақша 8
8) елді мекендердің құрамдас бөліктері – шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер;
Тармақша 9
9) жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайлар – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған, сондай-ақ оның бөлігіне жапсарлас салынған үй-жайлар;
Тармақша 10
10) жапсарлас салынған үй-жайлар – жеке кіру есігі бар, негізгі ғимараттың көлемінде орналастырылатын қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар;
Тармақша 11
11) жол – «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіппен көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылысжайдың үсті. Жол бір немесе бірнеше жүру бөліктерін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
Тармақша 12
12) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – жер учаскелері, ғимараттар, құрылысжайлар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
Тармақша 13
13) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - әр түрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;
Тармақша 14
14) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі - құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
Тармақша 15
15) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі – адрестеу) – жеке реттік нөмір бере отырып Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;
Тармақша 16
16) кезекші топографиялық жоспар – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің объектілері, инженерлік инфрақұрылым, жоспарланатын құрылыс объектілері, абаттандыру және көше-жол жүрісі объектілері, көлік желісі туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық картографиялық негіз;
Тармақша 17
17) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген ғимараттар мен құрылысжайлар кешенін білдіретін бірыңғай кешенге кіретін ғимарат пен құрылысжай;
Тармақша 18
18) орынтұрақ орны – паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын;
Тармақша 19
19) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
Тармақша 20
20) құрылысжай – табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдардың, жүктердің уақытша болуына (орын ауыстыруына), сондай-ақ жабдықты немесе коммуникацияларды орналастыруға (тартуға, жүргізуге) арналған, қолдан жасалған көлемді, жазықтық немесе желілік (жерүсті, су беті және (немесе) жерасты, суасты) құрылыс объектісі. Құрылысжай көркемдік-эстетикалық, декоративтік-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкін;
Тармақша 21
21) мансардттық қабат – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;
Тармақша 22
22) мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);
Тармақша 23
23) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Мекенжай тіркелімі» АЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 24
24) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
Тармақша 25
25) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл ретте нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), аліпбидегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
Тармақша 26
26) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
Тармақша 27
27) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы органы) – сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 28
28) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
Тармақша 29
29) тұрақты адрестеу – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;
Тармақша 30
30) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғынжайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
Тармақша 31
31) үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;
Тармақша 32
32) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібі
2. Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы аумағында адрестеу жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жылжымайтын мүлік объектінің мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
Тармақ 5
5. Жылжымайтын мүлік объектінің мекенжайы: облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан; елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан; бастапқы объектінің нөмірінен; кейінгі объектінің нөмірінен тұрады. Елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады. Бастапқы объектінің нөмірінің алдында бастапқы объектінің типі (үй, ғимарат, құрылым, құрылысжай, гараж) көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, желі) толықтырылады.
Тармақ 6
6. Мекенжайдың деректемелері (жалпыдан жекеге) дедуктивтік тәсілмен жазудың белгілі бір жүйесі бойынша көрсетiледi.
Тармақ 7
7. Жылжымайтын мүлік объектілеріне алдын ала және/немесе тұрақты мекенжайлар беріледі.
Тармақ 8
8. Алдын ала мекенжай: жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне; пайдалануға беруге дайындау сатысында құрылысы аяқталмаған объектілерге; пайдалануға беруге жоспарланған бастапқы объектілерге; бастапқы объектілер құрамындағы пайдалануға беруге жоспарланған кейінгі объектілерге беріледі. Жылжымайтын мүлік объектісінің алдын ала мекенжайы туралы ақпарат «Мекенжай» АЖ-де тіркелуге тиіс.
Тармақ 9
9. Тұрақты мекенжай: барлық бұрыннан бар, сондай-ақ жаңадан салынған, пайдалануға берілген және құқық белгілейтін құжаттары бар ғимараттарға, құрылысжайларға, бұл ретте бағбаншылық (саябақ) объектілерін адрестеу пайдалануға берусіз сәйкестендіру құжатының негізінде жүзеге асырылады; гараждарға, ғимаратқа жапсарлас, жанастыра, жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайларға, тұрғын үй-жайларға, мансардтық қабаттарға; бірнеше дербес бөліктерге бөлу нәтижесінде пайда болған объектілерге; меншік құқығы тіркеуші органдарында тіркелген, ғимарат пен құрылысжайларды салу және пайдалану үшін берілген жер учаскелеріне беріледі.
Тармақ 10
10. Мыналарға: өз бетімен тұрғызылған объектілерге; жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға бөлінген жер учаскелерінде орналасқан уақытша мақсаттағы объектілерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілеріне, тазарту құрылысжайлары, мұнай айдайтын құрылысжайлар, жеке тұрған жарнамалық, антенналы-бағанды құрылысжайларға, мобильдік павильондарға, дүңгіршектерге, шатырларға, аялдамаларға мекенжай берілмейді.
Тармақ 11
11. Мекенжайды қалыптастыратын негізгі белгілерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтитын әкімшілік-аумақтық бекіту;
Тармақша 2
2) мыналарды қамтитын қала құрылысына бекіту: елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы; жылжымайтын мүлік объектісінің нөмері; мекенжайдың тіркеу коды.
Тармақ 12
12. Елді мекеннен тыс автомобиль жолының жол бойы жолағында орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы: облыс атауын; аудан атауын; ауылдық округ атауын; оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын; автомобиль жолының атауын; автомобиль жолының басталуынан километрмен арақашықтықты және құрылыс/ғимарат нөмірін қамтиды.
Тармақ 13
13. Қоныстарда (халқының саны 50 адамнан кем) орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы: облыс атауын; аудан атауын; округ атауын; оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын; қоныс атауын; ғимарат/құрылысжай атауын қамтиды.
Тармақ 14
14. Қоныстарда көшелер болса, объектінің мекенжайында көше атауы да көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Шаруа қожалықтары, демалыс аймақтары (базалар), лагерьлер, фермалар және басқа қоныстарда орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы: облыс атауын; аудан атауын; округ атауын; оған әкімшілік немесе аумақтық тұрғыда бағынатын жақын маңдағы елді мекеннің атауын; қоныс (демалыс аймағы (база), лагерь, ферма және т.с.с.) атауын; ғимарат/құрылысжай нөмірін қамтиды.
Тармақ 16
16. Өндірістік ғимараттар мекенжайы: облыс/республикалық маңызы бар қала атауын; аудан/республикалық маңызы бар қала ауданының атауын; округ атауын (бар болса); елді мекеннің атауын; елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауын қамтиды; ғимараттың және құрылысжайдың нөмірі, блоктарға, корпустарға бөлінген жағдайда қосымша элементтерді көрсете отырып, тиісті нөмір беріледі.
Тармақ 17
17. Гараждың, саяжайдың (бақшалық учаскенің) мекенжайы: әкімшілік-аумақтық бірлік атауын; гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооператив (қоғам) атауын қамтиды, көшелерге (кварталдар, қатарлар) бөлінген жағдайда, көшенің (кварталдың) атауы, қатардың (бокстың) нөмірі бос орын арқылы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Мекенжайды жазуда елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы толығымен айтылады.
Тармақ 19
19. Елді мекендегі елді мекеннің құрамдас бөлігінің тізбесі электрондық және қағаз түрінде атаулары мемлекеттік және орыс тілдерінде, атаулар транскрипциясы мен құжат-негіздеме көрсетіле отырып жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Елді мекендегі бір елді мекеннің құрамдас бөлігіне бірнеше атау беруге және бір санаттағы елді мекеннің бірнеше елді мекеннің құрамдас бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді. Екі бастапқы немесе кейінгі объектілерге бір (бірдей) реттік нөмір беруге жол берілмейді. Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі. Даңғыл (көше, орам, өтпе жол) айналымы отыз градустан артық болған жағдайда, айналым орнынан бөлек атау беруге рұқсат етіледі.
Тармақ 21
21. Елді мекеннің құрамдас бөліктері табиғи бөгеттермен (өзендер, аңғарлар) бөлінген жағдайда пайда болған учаскелерге жеке атау беруге рұқсат етіледі.
Тармақ 22
22. Елді мекен шегінде елді мекеннің құрамдас бөліктері біріктірілген жағдайда елді мекеннің біріктірілген құрамдас бөліктеріне осы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің бірінің атауы беріледі.
Тармақ 23
23. Объектінің реттік нөмірі объектілерді пайдалануға беру және/немесе қате мекенжайлық деректерді реттеу және жою мақсатында елді мекен аумағындағы объектілерге кешенді түгендеу жүргізу барысында беріледі.
Тармақ 24
24. Оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай құрылысжайдың үздіксіз бағытын түзеген ғимараттарға (құрылыстарға) реттік нөмір беру тиісінше оңтүстіктен солтүстікке (батыстан шығысқа) қарай елді мекеннің құрамдас бөлігінің сол жағы бойынша тақ нөмірлермен және оң жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Әртүрлі санаттағы елді мекеннің құрамдас бөліктерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға көшелердің жіктегішіне сәйкес жоғары санатты елді мекеннің құрамдас бөліктері бойынша реттік нөмір беріледі.
Тармақ 26
26. Тең санаттағы елді мекеннің құрамдас бөлігінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі бірдей қасбеті шығып тұрса, реттік нөмір елді мекеннің орталығы бағытына қарай жүретін елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша беріледі. Егер ғимараттың басты қасбеті аула ішінде орналасқан болса, ғимарат созылып жатқан бойдағы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша реттік нөмір беріледі.
Тармақ 27
27. Алаң периметрін түзуші ғимараттарға реттік нөмір беру елді мекеннің орталық жағындағы басты жолдан бастап сағат тілі бағыты бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштық ғимаратта басты қасбеті бар және жалғасушы елді мекеннің құрамдас бөлігі бойында едәуір созылып жатса, оның нөмірленуі елді мекеннің құрамдас бөлігі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 28
28. Осы Қағидалардың 24-тармағын орындау мүмкін болмаған, елді мекен аумағында жаңа құрылыс жолмен қалыптасқан жағдайда, сол аумақтағы реттік нөмірлерді кері тәртіппен, яғни елді мекеннің құрамдас бөлігінің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен солтүстіктен оңтүстікке немесе шығыстан батысқа қарай беруге болады.
Тармақ 29
29. Елді мекендердің құрамдас бөліктерін біріктірген немесе бөлген жағдайда, осы Қағидалардың 24, 25, 26, 53 және 55-тармақтарына сәйкес көрсетілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінде орналасқан ғимараттар мен құрылысжайларды қайта нөмірлеу жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Жеке меншік, жерді пайдалану (жалға) құқығындағы немесе басқа мүліктік құқықтағы жеке немесе заңды тұлғаға тиісті жер учаскесіне бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектісін қосымша тұрғызған жағдайда, әрбір объектіге бірдей реттік нөмір беріледі, бірақ корпус немесе құрылыстың (шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке арналған жеке меншік үй жанындағы жер учаскесінде орналасқан құрылысты қоспағанда) қосымша нөмірі қосылады.
Тармақ 31
31. Құрылыс салынған жер учаскесіндегі негізгі ғимарат айқындалады, оған қатысты осы аумақта орналасқан ғимараттарды, құрылысжайларды нөмірлеу жүзеге асырылады.
Тармақ 32
32. Бір жер учаскесінде бірыңғай сәулет ансамблін құрушы немесе бір сәулет-құрылыс кешенінің бөлігі болып табылатын екі немесе одан да көп объект тұрғызылған жағдайда осы объектілердің реттік нөмірі негізгі ғимараттың нөмірінен корпустың қосымша нөмірінен тұрады. «Корпус» белгісі олар орналасқан жер учаскесі аумағын функционалдық пайдалануды ескере отырып, ғимараттың функционалдық мақсатына және жақын тұрған ғимараттардың қалыптасқан нөмірленуіне байланысты қажеттілік бойынша анықталады. Бұл ретте, ғимаратты нөмірлеу негізгі ғимараттың орналасқан жерін ескере отырып, жер учаскесінің аумағына негізгі кіру жолынан бастап жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Егер объект орам ішінде орналасқан және объектінің ешбір қасбеті көшелерге шықпаған болса, объектінің реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін сандар қосылады. Бұл ретте, негізгі реттік нөмір болып объектінің тиісті нөмірленуіне өте жақын объектінің реттік нөмірі жатады.
Тармақ 34
34. Бөлшек белгісі арқылы жазылған цифр негізгі реттік нөмірі бар объектіден жойылу мөлшеріне сәйкес өседі. Бөлшек белгісі арқылы қосымша бүтін цифрлар немесе бас әріптер қосуға немесе бөлшек белгісі бар объектінің реттік нөміріне сызықша қосуға жол берілмейді.
Тармақ 35
35. Жылжымайтын мүлік объектілерін салу үшін берілген жер учаскелеріне алдын ала мекенжай беріледі және олар мынадай деректемелерді қамтиды: әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы; жер учаскесінің реттік немесе жобалық нөмірі.
Тармақ 36
36. Бірізді нөмірленген нөмірлері бар екі ғимараттың, құрылыстың аралығында орналасқан ғимараттарды нөмірлеу (объектілер қоюды), осы Қағидаларға сәйкес тиісті объектінің кіші нөміріне бөлшек белгісін қосу қолданыла отырып жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алуға байланысты бұзу жүргізіліп жатқан аумақтарда жобаланушы ғимараттар, құрылысжайлар үшін реттік нөмірлерді резервке қойылады.
Тармақ 38
38. Дербес объектілердің (ғимараттар, құрылысжайлар) белгілері бар жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған объектілерге негізгі ғимарат нөміріне әріп қосу арқылы дербес реттік нөмір беріледі (қосымша символдар (бос орын, сызықша, бөлшек және т. б.) қолданусыз).
Тармақ 39
39. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге реттік нөмір ғимараттың басты қасбетінен сағат тілі бойымен (төменнен жоғары) беріледі. Нөмірлеу 1-ден (бірден) басталып, әрі қарай рет бойынша, ғимараттың басты қасбетінен сол жақтағы (бірінші) кіреберістен басталуы тиіс. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерге нөмірлеу жүргізу, жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін жасалады.
Тармақ 40
40. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне санатына байланысты (ішкі, жапсарлас салынған, жапсарлас-жанастыра салынған) кейінгі объект типі (пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны) беріледі.
Тармақ 41
41. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне кейінгі объектінің түрі көрсетіле отырып, үй-жайдың реттік нөмірі беріледі.
Тармақ 42
42. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне ол орналасқан негізгі ғимарат нөміріне тіркелген жанастыра салынған үй-жай нөмірі беріледі. Жанастыра салынған жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілеріне негізгі ғимараттан ерекшеленетін дербес реттік нөмір берілмейді.
Тармақ 43
43. Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектілерін біріктірген кезде біріктірген объектіге үлкен нөмір беріледі, мұнда кіші нөмір резервте қалады. Кейінгі объектілерді бөлген кезде резервтік нөмір болмаған жағдайда, бөлінген объектіге жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісінің бұрынғы нөмірі кіші әріптік жазбаны біріктіре отырып беріледі.
Тармақ 44
44. Бір объектіге бірнеше мекенжай, оның ішінде елді мекеннің бірнеше бөлігіне қатысты бұрыштық мекенжай беруге жол берілмейді.
Тармақ 45
45. Объект тиісті шағын ауданның белгіленген шекараларында орналасқан жағдайда шағын аудан атауы объект мекенжайына қосылады.
Тармақ 46
46. Соған қатысты объект нөмірленетін елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы елді мекен көшелері атауларының тізбесіне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 47
47. Мекенжай бір объектінің әртүрлі бөліктері үшін ортақ болып табылады.
Тармақ 48
48. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы толық жазылады.
Тармақ 49
49. Сәулет және қала құрылысы органы:
Тармақша 1
1) қате адрестеу деректерінің болуын анықтау немесе ретке келтіру және жою мақсатында елді мекен аумағындағы кезекші жоспарға және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға объектілерді түгендеу деректерін енгізе отырып, объектілерге (аулаларды, үйлерді аралап шығу) түгендеу жүргізеді;
Тармақша 2
2) бұзылған ғимараттардың мекенжайларын жойып, сондай-ақ оған жаңа мекенжай беріп, осы учаскелерде қайта салынған ғимараттардың есебін жүргізеді;
Тармақша 3
3) атау беру кезінде пайдаланылатын жол мен көше санатын қоса алғанда, атауға немесе қайта атауға жататын қала құрылысы элементтерінің санатын айқындайды;
Тармақша 4
4) елді мекендер аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің сәйкестігін жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы ақпаратты тіркейді және елді мекеннің кезекші жоспарына және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға енгізеді;
Тармақша 6
6) «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға МТК кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын қалыптастырады;
Тармақша 7
7) сәулет және қала құрылысы органының бұйрығымен осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілеріне реттік нөмір береді;
Тармақша 8
8) елді мекендердің құрамдас бөліктерінің: атауы жоқтардың; атаулары сәйкес келетіндердің; орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін бұзуға байланысты қызметі тоқтатылғандардың; жеке бұйрықпен бекітілген елді мекендердің құрамдас бөліктерінің алдын ала мекенжайлардың (жобалық нөмірлерінің) тізбесін қалыптастырады және оны елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, жою бойынша одан әрі жұмыс жүргізу үшін тілдерді дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді;
Тармақша 9
9) реттік нөмірді берген уақыттын бастап жеті жұмыс күнінің ішінде тіркеуші органға, сондай-ақ барлық мүдделі органдарға бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін беру, өзгерту, жою туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады;
Тармақша 10
10) бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайды уақытында беруді, өзгертуді және жоюды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) бастапқы және кейінгі объектілерге алдын ала мекенжайларды (жобалық нөмірлерді) береді.
Тармақ 50
50. Алдын ала мекенжайдың атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы объектіге тұрақты мекенжай берілгенге дейін жазбаша түрде уақытша жобалық нөмір беру туралы жазбаша хабарламаны жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жібереді.
Тармақ 51
51. Елді мекеннің құрамдас бөлігінің атауы болмаған жағдайда сәулет және қала құрылысы органы бұйрықпен елді мекеннің құрамдас бөлігіне ресми атау берілгенге дейін уақытша жобалық нөмір береді.
Тармақ 52
52. Жергілікті атқарушы органдардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы жер учаскесіне алдын ала мекенжай алу үшін сәулет және қала құрылысы органына жүгінеді. Жер учаскесін беру туралы шешімде объектінің алдын ала мекенжайы және МТК көрсетіледі.
Тармақ 53
53. Елді мекеннің бір бөлігіндегі объектілердің нөмірленуі оннан артық бірлікке тоқтатылған (жоғалған) жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы қайта нөмірлеуді талап ететін объектілердің нөмірленуіне өзгерістер енгізуге бастама жасайды.
Тармақ 54
54. Қате мекенжайлық мәліметтер (жылжымайтын мүлік объектілерінің нөмірлері) болған жағдайда, сәулет және қала құрылысы органы жылжымайтын мүлік объектісіне МТК көрсете отырып, дұрыс реттік нөмір береді.
Тармақ 55
55. Жылжымайтын мүлік объектілерінің атауын жою түгендеу (әрбір ауланы және әрбір үйді тексеру) арқылы жылжымайтын мүлік объектісінің жоқ екені анықталған кезде, сондай-ақ елді мекеннің құрамдас бөлігіне бекітілген жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірін нақтылаған кезде сәулет және қала құрылысы органының жеке бұйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Гараждық және саяжайлық (бау-бақшалық) кооперативтер (қоғамдар) құрамына кіретін гараждар мен саяжайлық (бақшалық) учаскелердің орналасқан жерін анықтауды өтініш берушілердің өтінімдері мен жергілікті атқарушы органның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынған деректер бойынша сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Объектілердің реттік нөмірі туралы ұйымдарда дайындалатын және шығарылатын деректер құжаттарын толтыру кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің реттік нөмірлерін ерікті түрде жазылмайды.
Тармақ 58
58. Мекенжай деректері жылжымайтын мүлік объектілерінің түгендеу деректерін (аулаларды, үйлерді аралап шығу) ескере отырып, елді мекеннің кезекші жоспарында қалыптастырылады.
Тармақ 59
59. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайлық мәліметтерін сәулет және қала құрылысы органы елді мекеннің кезекші жоспарындағы деректерге сәйкес «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға апта сайын енгізеді.
Тармақ 60
60. Әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендердің құрамдас бөліктерін, мекенжайларды алуды, атауын өзгертуді, жоюды нақтылайтын ресми құжаттардың электрондық көшірмелерін сәулет және қала құрылысы органы бекітілген сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде елді мекеннің кезекші жоспарына және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ға енгізеді.
Тармақ 61
61. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын «Мекенжай тіркелімі» АЖ-де тіркеу елді мекен аумағында объект мекенжайының бар екенін растау болып табылады. Мекенжай тіркелімін растайтын құжат жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау туралы анықтама болып табылады.
Тармақ 62
62. МТК жүйеге мекенжайды тіркеу сәтінде «Мекенжай тіркелімі» АЖ қалыптастырады. МТК 16 символдан құрылады және жылжымайтын мүлік объектісі типінің кодын, жылжымайтын мүлік объектінің адресі жасалған жылды және «Мекенжай тіркелімі» АЖ-да тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірін қамтиды.
Басқа 1. Елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының тізбесі
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына 1-қосымша Елді мекендердің құрамдас бөліктері атауларының тізбесі 1. Аймақ. 2. Алаң. 3. Алаңша. 4. Алап. 5. Аллея. 6. Аумақ. 7. Бағбаншылық серіктестігі. 8. Бағбаншылардың, бағбаншылық серіктестіктерінің тұтыну кооперативі. 9. Бағбаншылық ұжымы. 10. «Бағбаншылық қоғамы» тұтыну кооперативі. 11. Балық питомнигі. 12. Бау-бақша қоғамы. 13. Бау-бақша (Бағбаншылық) қоғамы. 14. Бау-бақша, саяжай учаскелер меншік иелерінің тұтыну кооперативі. 15. Бау-бақша тұтынушылар кооперативі. 16. Блок. 17. Бөлімше. 18. Бульвар. 19. Вахталық кент. 20. Гараж алабы. 21. Гараж кооперативі. 22. Гараж қоғамы. 23. Гараж-құрылыс кооперативі. 24. Гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі. 25. Гараж пайдаланушылар кооперативі. 26. Гараж тұтыну кооперативі. 27. Даңғыл. 28. Даңғыл жол. 29. Демалыс базасы. 30. Демалыс орталығы. 31. Демалыс үйі. 32. Егіс алаңы. 33. Есептік орам. 34. Жағалау. 35. Жеке гараж меншік иелерінің тұтыну кооперативі. 36. Желі. 37. Жол. 38. Заимка. 39. Кадастрлық орам. 40. Кардон. 41. Кеден бекеті. 42. Кешен. 43. Көше. 44. Кірме жол. 45. Қарапайым бағбаншылық серіктестігі. 46. Қиық. 47. Қоныс. 48. Қыстау. 49. Мүліктік кешені. 50. Орам. 51. Орман шаруашылығы. 52. Орманшылық. 53. Өнеркәсіптік (өндiрiстік) аймақ. 54. Өтпе жол. 55. Разъезд. 56. Сауықтыру кешені. 57. Саяжай алабы. 58. Саяжай кешені. 59. Саяжай кооперативі. 60. Саяжай қоғамы. 61. Саяжай учаскелері меншік иелерiнің тұтыну кооперативі. 62. Станция. 63. Трасса. 64. Тұйық көше. 65. Тұрғын аудан. 66. Тұрғын үй алабы. 67. Тұтыну кооперативі. 68. Тұтыну саяжай кооперативі. 69. Учаске. 70. Ферма. 71. Шағын аудан. 72. Шаруа қожалығы. 73. Шекара бекеті. 74. Шоссе. 75. Әскери бөлiм. 76. Әскери қалашық.
Басқа 2. Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларына 2-қосымша Адрестеу кезінде пайдаланатын бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері санаттарының тізбесі 1. Ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мақсатындағы объектілер. 2. Әкімшілік және қоғамдық ұйымдар және басқармалар. 3. Бағбаншылық учаскелер. 4. Ғылым, білім және тәрбие объектілері. 5. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт объектілері. 6. Денсаулық сақтау және демалыс объектілері. 7. Көлікке және халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған өндірістік объектілер. 8. Коммуналдық қызмет көрсету объектілері. 9. Қала маңы аймағының көгалдандырылған аумақтары. 10. Қоғамдық тамақтандыру объектілері. 11. Құрылысжайлар. 12. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелері объектілері. 13. Өндiрiстiк ғимараттар. 14. Өнеркәсіптік және қоймалық объектілер. 15. Сауда объектілері. 16. Тұрғын үй қоры. 17. Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері. 18. Уақытша тұруға жарамсыз объектілер.