Об утверждении Правил и сроков прохождения повышения квалификации сотрудников регионального уполномоченного органа по защите прав детей Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудан өту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі
өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан
өту қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 105-НҚ Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі
өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан
өту қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту тәртібін мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы (бұдан әрі – өңірлік уәкілетті орган) – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органның қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) – кәсіби білімі бар және балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) сертификат – біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан өткен қызметкерлерге берілетін құжат.
Тармақ 3
3. Біліктілікті арттыру өнірлік уәкілетті орган қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің біліктілігін арттырудан
өту тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Қызметкерлердің біліктілігін арттырудан
өту тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 4
4. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мынадай тәртіппен ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) күндізгі нысанда (жалақысын сақтай, еңбек қызметінен қол үзе отырып);
Тармақша 2
2) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда қашықтан оқыту нысанында.
Тармақ 5
5. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды балалардың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдар мен балалардың құқықтарын қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қызметін жүргізетін ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) өткізеді.
Тармақ 6
6. Біліктілікті арттыру ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағатты құрайды. Бұл ретте біліктілікті арттырудың академиялық сағаты 45 минутты құрайды.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру олардың өтіліне қарамастан кемінде екі жылда бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өңірлік уәкілетті органы жыл сайын 1 қарашаға дейін біліктілігін арттыруға жататын қызметкерлердің алдағы күнтізбелік жылға арналған тізімін қалыптастырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өңірлік уәкілетті органына жібереді.
Тармақ 8
8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өңірлік уәкілетті органы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін біліктілігін арттыруға жататын қызметкерлердің алдағы күнтізбелік жылға арналған жиынтық тізімін қалыптастырады және бекітеді.
Тармақ 9
9. Қызметкерлер оқыту мерзімдерін, ұйымның атауын көрсете отырып, өңірлік уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде біліктілігін арттыруға жіберіледі.
Тармақ 10
10. Білім беру процесі ұйымның сабақ кестесімен реттеледі.
Тармақ 11
11. Қызметкер біліктілікті арттырудан өтудің мынадай шарттарын көрсете отырып, ұйыммен біліктілікті арттыруға арналған келісімге қол қояды:
Тармақша 1
1) белгіленген сабақ кестесіне сәйкес оқу;
Тармақша 2
2) оқу тәртібі мен мінез-құлық нормаларын сақтау, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамына және басқа да білім алушыларға құрмет көрсету, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұқпау;
Тармақша 3
3) қорытынды тестілеуден өту.
Қызметкер келісімде белгіленген шарттарды бұзған жағдайда, ұйым өңірлік уәкілетті органға хабарлайды.
Тармақ 12
12. Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін ұйым қызметкерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.
Тармақ 13
13. Қорытынды тестілеуден өтпеген қызметкерлерге ұйым біліктілікті арттыру бағдарламасын тыңдағаны туралы еркін нысанда анықтама береді.
Сертификат алмаған қызметкерлердің келесіндей мүмкіндіктері болады:
Тармақша 1
1) жылына бір реттен артық емес қайта тестілеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) дәлелді себептерге (ауру, төтенше жағдайлар, дүлей зілзала) байланысты ағымдағы жыл ішінде бір оқу легінен екіншісіне ауысуға мүмкіндігі бар.
Тармақ 14
14. Ұйым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттарды тіркеу журналын жүргізеді.
Басқа 1. СЕРТИФИКАТ №
Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын
қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті
органы қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудан
өту қағидалары
мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
Ұйымның
логотипі
ұйымның
ресми
атауы
СЕРТИФИКАТ №
Осы сертификатпен _____________________
(Тегі, аты әкесінің аты (ол болған жағдайда))
_______________________академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткендігі расталады.
Берілген күні «_____» ___________20 жыл
Ұйым басшысы (қолы)
Мөр орны
Басқа 2. Біліктілікті арттырудан өткені туралы
сертификаттарды тіркеу журналы
Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтарын
қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті
органы қызметкерлерінің
біліктілігін арттырудан
өту қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша
Нысан
Біліктілікті арттырудан өткені туралы
сертификаттарды тіркеу журналы
№ р/с
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі
Жұмыс орны, лауазымы
Сертификаттың №
Берілген күні