Об утверждении Правил ведения профилактического учета в службе экономических расследований Қолданыста
Басқа 0
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу қағидалары
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 8
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 59-бабының 13-тармағына сәйкес әзірленген және экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) құқық бұзушылық жасауға бейім адам – өзінің қоғамға жат мінез-құлқының қауіптілігіне байланысты ықтимал құқық бұзушылық жасау қауіп-қатері бар не құқық бұзушылық жасаған, профилактикалық есепте тұрған жеке тұлға;
Тармақша 2
2) экономикалық тергеп-тексеру қызметі – Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері.
Тармақ 3
3. Профилактикалық есепке алу экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету үшін арналған.
Тармақ 4
4. Профилактикалық есепке алуды жүзеге асыруды экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшысы бақылайды, ол тоқсан сайын профилактикалық істерді жүргізілуін тексереді.
Тарау 2. 2-тарау. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепке алуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Экономикалық тергеп-тексеру қызметі профилактикалық есепке алуды құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы бойынша шаралардың қолданылу кезеңінде және келесі санаттар бойынша жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ресми алдын ала ескерту шығарылған тұлға;
Тармақша 2
2) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған тұлға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар адам.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 2) және 3) тармақшалары бойынша экономикалық құқық бұзушылықты жасаған адам профилактикалық есепке алынады.
Тармақ 6
6. Профилактикалық есепке қойған кезде адамға (заңды өкілге) оның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығы түсіндіріледі.
Тармақ 7
7. Мүдделі тұлғалар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Тармақ 8
8. Профилактикалық есепке алуды жүзеге асырылатын жұмыстың ерекшелігін ескерумен экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жауапты құрылымдық бөлімшесімен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Профилактикалық есепке қоюды экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысымен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Профилактикалық есепке алу:
Тармақша 1
1) егер құқық бұзушылық жасауға бейім адамның түзелу жолына түскені анықталса, тұрғылықты жері бойынша немесе еңбек қызметінде жағымды мінездеме берілсе, мерзімінен бұрын;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы бойынша шаралардың мерзімі өткен соң, егер оны ұзартуға негіздер болмаса;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
Тармақша 4
4) қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Тармақ 11
11. Профилактикалық есепте тұрған тұлғадан (заңды өкілден) оның мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы арызы келіп түскен кезде, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері арыздың уәждерін тексеруді бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшысына тиісті баянат енгізеді.
Тармақ 12
12. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшысы профилактикалық есепте тұрған тұлғаның қатысуымен үш жұмыс күні ішінде экономикалық тергеп-тексеру қызметі қызметкерінің көрсетілген баянатын және басқа да сипаттайтын материалдарды қарайды, содан кейін өтінішті қанағаттандыру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте профилактикалық есепте тұрған тұлға, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшысының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы.
Тармақ 13
13. Профилактикалық есепке алу құқық бұзушылық жасауға бейім адамның жеке ерекшеліктері, оның антиқоғамдық мінез-құлқының сипаты мен дәрежесі, жасаған іс-әрекетінің (әрекет немесе әрекетсіздік) қауіптілігі ескеріліп, құқық бұзушылық жасаудың ықтималдығы жойылғанша ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінде профилактикалық есепте тұратын тұлғаларға қатысты профилактикалық іс Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырылады және жүргізіледі.
Профилактикалық істер міндетті түрде тіркелуге және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің деректер базасында жүргізілуге жатады.
Профилактикалық істегі құжаттардың тізбесі:
Тармақша 1
1) істегі құжаттардың тізімдемесі;
Тармақша 2
2) профилактикалық есепке қою үшін негіз болған материалдар (сот қаулысы, қорғау нұсқаулығы);
Тармақша 3
3) басқа құжаттар.
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтерді алу мақсатында экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының жауапты қызметкері профилактикалық есепте тұрған тұлғаны ай сайын анықтамалық деректер базасы бойынша тексереді.
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының жауапты қызметкері әрбір тексерістен кейін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағына белгі қояды.
Тармақ 15
15. Ресми алдын ала ескерту жазбаша түрде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде ресімделеді.
Тармақ 16
16. Профилактикалық бақылау құқық бұзушылық жасауға бейім адамға профилактикалық есепке алу мерзімі ішінде жүзеге асырылады және белгіленген шектеулерді сақтау мен жүктелген міндеттерді орындауды айына кемінде екі рет жүйелі түрде қадағалауды қамтиды.
Басқа 1.1
Экономикалық тергеп-тексеру
қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Профилактикалық іс № ____
_____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты(егер бар болса)
_____________________________________________________________________
мекенжайы
Профилактикалық есепті экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері жүргізеді
_____________________________________________________________________
аумақтық органның атауы
_____________________________________________________________________
экономикалық тергеп-тексеру қызметі қызметкерінің Т.А.Ә, шені
Профилактикалық есеп орнатылды
20____ жылғы «____» ______________
Профилактикалық есеп тоқтатылды
20____ жылғы «____» ______________
Істі мұрағатта сақтау 20 жылғы «____» _____________ дейін
(профилактикалық іс мұқабасының ішкі жағында басылады)
Профилактикалық істегі құжаттардың тізбесі:
1) істегі құжаттардың тізімдемесі;
2) профилактикалық есепке қою үшін негіз болған материалдар (сот қаулысы, қорғау нұсқамасы);
3) басқа құжаттар.
Басқа 1.2. БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ
Экономикалық тергеп-тексеру
қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
Туған күні және жері:
Тұрғылықты мекенжайы:
Бақылау мерзімі, сотталғаны туралы бап:
№ р/с
Тексеру күні мен уақыты (деректер базасы бойынша), (тексеру жүргізген) қызметкердің лауазымы, шені, тегі
Басқа 1.3. Құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жою туралы
алдын ала ресми ескерту
Экономикалық тергеп-тексеру
қызметінде профилактикалық
есепке алуды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жою туралы
алдын ала ресми ескерту
________________________
(елді мекен)
№ _______
20___ жылғы «___»_______
_____________________________________________________________________________,
(аумақтық органның атауы)
________________________________________________________________________________
(ресми алдын ала ескерту жарияланатын тұлғаның Т.А.Ә., туған күні, жеке куәлігі немесе төлқұжат деректері, тұлғаның тіркелу орны
________________________________________________________________________________
(тұратын, уақытша болатын жері), жасаған (жасап жатқан) әрекеттердің сипаттамасы)
___________________________________________________________ туралы мәліметтерге ие.
Аталған әрекеттер құқыққа қайшы іс-әрекет жасауға жағдай туғызады, ол үшін ______________________________________________ жауапкершілік көзделген.
(«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тармағы, бөлімі, бабы)
Баяндалғанның негізінде және «Құқық бұзушылық профилактасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, азамат(ша) _______________ құқық бұзушылықты жасауға себеп болатын себептер мен жаңдайларды жою туралы ресми алдын ала ескерту жанияланады.
Ресми алдын ала ескерту 30 (отыз) тәулікке шығарылады.
Ресми алдын ала ескертудің қолданылу мерзімі оны азамат(ша) ____________________ тапсырған сәттен бастап есептеледі.
«Құқық бұзушылық профилактасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 4-тармағына сәйкес азамат(ша) __________________________ профилактикалық есепке қойылуға жатады.
Ресми алдын ала ескерту қолданылатын кезеңде _________________________ уәкілетті
(аумақтық органның атауы)
тұлғалары азамат(ша) ___________________ талаптарды сақтауын айына кемінде екі рет бақылауды жүзеге асырады.
Азамат(ша) __________________ құқық бұзушылық жасауға жағдай туғызатын әрекеттерді жалғастырған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі туралы ескертілді.
________________ /_____________/
(құқықбұзушының Т.А.Ә.) (қолы)
Осы ресми алдын ала ескерту жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға не сотқа шағымдануы мүмкін.
Тұлғаның құқықтары мен міндеттері:
1. Алдын ала ескертудің мәні мен оны шығарудың негіздерін түсіндіруді алу.
2. Түсініктеме немесе қарсылық білдіру.
3. Құжаттың көшірмесін алу.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау.
__________________________ _________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
20____ жылғы «__» _______
Осы ресми алдын ала ескерту маған жарияланды.
________________________________________________________________________________
(ресми алдын ала ескерту жарияланған тұлғаның қолы)
20____ жылғы «__» _______
Қосымша белгілер: _______________________________________________________________
(тұлға ресми алдын ала ескертуге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиіст жазба жасалады)