Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» бұйрығымен, 2026 жылғы 27 сәурдеғы № 2 төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Айдос Елеубекович Аскаров тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындауын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 26 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.