Об утверждении Правил включения в реестр физических и юридических лиц, связанных с противозаконной деятельностью в сфере экономических правонарушений Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабы 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отрыған Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оны ресми түрде жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидалары
от 5 мая 2026 года № 9 бұйрығымен бекітілген Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 76-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты тұлғалар – экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәсі заңды күшіне енген соттың айыптау үкімімен белгіленген жеке немесе заңды тұлғалар (коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымның басшысы және өзге де қызметкері), сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтарды жасау үшін пайдаланылған заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімі – экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді сақтау және есепке алу үшін арналған тізім.
Тармақ 3
3. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) профилактика жасау және экономикалық құқық бұзушылық саласында орын алған тәуекелдер мен қатерлер туралы қоғам мен кәсіпкерлік субъектілеріне хабар беру үшін пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу тәртібі
2-тарау. Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу тәртібі
Тармақ 4
4. Тізілімге енгізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тізілімге экономикалық қызмет саласындағы тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының экономикалық тергеп-тексеру қызметі және ішкі істер органдары жүргізген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізіледі.
Тармақ 6
6. Тізілімдегі мәліметтер экономикалық тергеп-тексеру қызметінің ведомстволық интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 7
7. Тізілімге мынадай мәліметтер енгізілуге тиіс: экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, айы, жылы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған органның атауы. Заңды тұлғаны құқыққа қайшы әрекеттер жасау мақсатында және заңсыз қызмет құралы ретінде пайдаланған жағдайларда: заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Қаржы пирамиданы құрумен және (немесе) басқарумен байланысты қылмыстар бойынша жоба атауы да көрсетілуге тиіс.
Тармақ 8
8. Тізілімді жүзеге асырылатын қызметтің ерекшелігін ескере отырып, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жауапты бөлімшесі жүргізеді.
Тармақ 9
9. Тізілімді экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді және тоқсан сайын жаңартылады.
Тармақ 10
10. Тізілімнен шығару негіздері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес соттылықтың алынуы немесе өтелуі;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес қабылданған заңды тұлғаны тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімі.