Об утверждении Правил, форм и видов привлечения граждан, участвующих в профилактике экономических (финансовых) правонарушений Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері
2026 жылғы 5 мамырдағы № 10 Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері
Тарау 8. 1‑тарау. Жалпы ережелер
1‑тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидалары, нысандары мен түрлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16‑бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
Тармақша 1
1) экономикалық тергеп-тексеру қызметі – Қазақстан Республикасының заңдарында қаржы мониторингі жөніндегі органдардың жүргізуіне жатқызылған қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын осы органдардың жедел-тергеу бөлімшелері. 2) экономикалық тергеп-тексеру қызметінің деректер қоры – құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген жеке тұлғалар туралы мәліметтерді есепке алу, өңдеу, сақтау үшін арналған деректер қоры.
Тарау 12. 2‑тарау. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібі, нысандары мен түрлері
2‑тарау. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібі, нысандары мен түрлері
Тармақ 3
3. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес экономикалық тергеп-тексеру қызметіне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Азаматтар құқық бұзушылық профилактикасына өзінің қатысу құқығын Заңының 6-бабына сәйкес мынадай нысандарда іске асырады:
Тармақша 1
1) жеке;
Тармақша 2
2) ұжымдық.
Тармақ 5
5. Азаматтар орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер туралы бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықпен байланысты алдын алу шараларын іске асыруға қатысу түрінде экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына тартылады.
Тармақ 6
6. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органдарымен келісу бойынша тұрақты мекенжайы, жұмыс, оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде құқық бұзушылық профилактикасына ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға ниет білдірген азамат экономикалық тергеп-тексеру қызметіне өтінішпен жүгінеді, оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және (бар болған жағдайда) өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің көшірмесін қоса береді. Өтініште азамат құқық бұзушылық профилактикасына қатысу нысанын (жеке немесе ұжымдық) көрсетеді.
Тармақ 8
8. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматты наркологиялық, психикалық-неврологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, содан кейін ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті өтінішхатпен жүгінеді, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса береді не өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартып, қабылданған шешімнің себептерін көрсетеді.
Тармақ 9
9. Ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішхатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық көмекші ретінде есепке қояды, бұл туралы тиісті экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесіне жазбаша хабар береді.
Тармақ 10
10. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға:
Тармақша 1
1) кәмелет жасына толмаған;
Тармақша 2
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
Тармақша 3
3) Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
Тармақша 4
4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
Тармақша 5
5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.
Тармақ 11
11. Өтiнiштiң қабылданбауы оны қабылдаудан бас тартуға негiз болған себептер жойылған жағдайда, өтiнiш берушiнiң қайта жүгінуіне кедергi болмайды.
Тармақ 12
12. Қоғамдық көмекшінің тіркелгені туралы ақпаратты алынғаннан кейін экономикалық тергеп-тексеру бөлімшесі есепке алу ісін ашады. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтар ұжымына бір қадағалау ісі ашылады, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.
Тармақ 13
13. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық көмекшілер өз қызметін:
Тармақша 1
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 2
2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
Тармақша 3
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлері қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру арқылы құқықтық даярлықты ұйымдастырады.
Тармақ 15
15. Жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының басшылығы қоғамдық көмекшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге қоғамдық көмекші куәлігін береді.
Тармақ 16
16. Қоғамдық көмекшілерді есепке алу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері бойынша қоғамдық көмекші экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесіне атқарылған жұмыс туралы анықтама береді, ол тиісті есепке алу ісіне қоса тігіледі.
Тармақ 18
18. Қоғамдық көмекшінің қызметі туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық көмекшінің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелінде қоғамдық көмекшілердің есеп істерін жүргізетін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің бөлімшесімен тоқсан сайын қорытындыланады.
Тармақ 19
19. Қоғамдық көмекшінің қызметін ұйымдастыруға құқық бұзушылық профилактикасына көмек көрсету ниетін білдірген экономикалық тергеп-тексеру қызметінің аумақтық органының бірінші басшысы жауапты.
Тармақ 20
20. Қоғамдық көмекшінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату негіздері Заңның 45-бабының 7-тармағында белгіленген.
Тармақ 21
21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы экономикалық тергеп-тексеру қызметінің ұсынысы бойынша аталған азаматты қоғамдық көмекшілердің есебінен шығарады. Азаматтың құқық бұзушылық профилактикасына қатысуын тоқтату туралы материалдардың дайындығын ол есепте тұрған экономикалық тергеп-тексеру қызметі қамтамасыз етеді.
Басқа 1. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы № _____ __________________________________________ (аумақтық органның атауы)
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 1-қосымша Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын қоғамдық бірлестіктерге қадағалау істерін тіркеу журналы № _____ __________________________________________ (аумақтық органның атауы) 20__ ж. «___» __________ басталды 20__ ж. «___» __________ аяқталды Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу журналының ішкі мазмұны р/с № Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігінің атауы Мекенжайы, телефоны Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), үй және қызметтік телефондары, мекенжайымен тұрғылықты жері Әкімдікте тіркелген нөмірі, күні 1 2 3 4 5
Басқа 2. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігінің үлгісі
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 2-қосымша Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігінің үлгісі Алдыңғы жағы Артқы жағы
Тармақ 1
1. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қоғамдық көмекшісі куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – құқық бұзушылық профилактикасының іс-шараларына оның заңды түрде қатысуын растайтын құжат.
Тармақ 2
2. Куәлік тозуға төзімді көпқабатты материалдан дайындалады.
Тармақ 3
3. Куәліктің өлшемі 85,72 х 54,03 миллиметр, бұрыштары дөңгеленген.
Тармақ 4
4. Куәліктің алдыңғы беті ақ түсті, көгілдір реңкі бар және сызықтық толқын бейнесімен безендірілген.
Тармақ 5
5. Куәліктің алдыңғы бетінде мыналар орналастырылады:
Тармақша 1
1) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі (қою көк фонда сары түспен), оның төменгі жағында мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі» деген жазу;
Тармақша 2
2) ортасында қою көк түспен мемлекеттік тілде көрсетіледі: куәліктің сериялық нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және «Экономикалық тергеп-тексеру көмекшісі», төменде «Билік өкілеттіктері берілмеген. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ғана тартылады.» деген сөздер көрсетіледі;
Тармақша 3
3) сол жағында азаматтың түрлі-түсті фотосуреті (анфас), өлшемі 2х3 см. Азамат ақ фонда, бас киімсіз, іскерлік үлгідегі киіммен суретке түсіріледі;
Тармақша 4
4) төменгі бөлігінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Куәліктің артқы беті ақ түсте, сызықтық толқын бейнесімен орындалған.
Тармақ 7
7. Куәліктің артқы бетінде мыналар орналастырылады:
Тармақша 1
1) жоғарғы бөлігінің ортасында көк түспен орыс тілінде: «Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу» деген жазу;
Тармақша 2
2) ортасында қою көк түспен орыс тілінде көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және «Общественный помощник службы экономических расследований» деген сөздер, төменде «Не наделен властными полномочиями. Привлекается исключительно для проведения праворазъяснительной работы.» деген мәтін орналастырылады;
Тармақша 3
3) төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі және машинамен оқылатын аймақ (QR-код) орналасады. Бұл QR-код Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми сайтында орналастырылған қоғамдық көмекшілер тізіліміне сілтемені қамтиды.
Басқа 3. Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы __________________________________________ (аумақтық органның атауы)
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 3-қосымша Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналы __________________________________________ (аумақтық органның атауы) 20__ жылғы «___» __________ басталды 20__ жылғы «___» __________ аяқталды Журналдың ішкі мазмұны 1-бөлім № р/с ТАӘ (ол болған жағдайда), туған жылы Мекенжайы, үй телефоны Жұмыс орны, телефоны Білімі Есепке алу ісін бастау негізі ((ауданның, қаланың) әкімдігінде нөмірі, тіркеу күні) 1 2 3 4 5 6 2-бөлім Қоғамдық көмекші куәлігінің нөмірі Қоғамдық көмекші куәлігінің қолданылу мерзімі Куәлікті алу туралы қолы және күні Шығару негізі және күні Куәлікті тапсыру туралы белгі Есептік істі жүргізетін бөлімше және қызметкер Ескертпе 7 8 9 10 11 12 13 Ескертпе: Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алу журналын жүргізуді экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүзеге асырады.
Басқа 4. Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі 20 __ жылғы _________ айы ішінде
Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тартудың қағидалары, нысандары мен түрлері 4-қосымша Бекітемін Бастық ____________________ (аумақтық органның атауы, атағы, қолы, тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) 20__ жылғы «___» __________ Қоғамдық көмекшелердің жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі 20 __ жылғы _________ айы ішінде 1-бөлім № р/с Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу сағатының саны Экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына қатысу түрлері 2-бөлім Марапаттау туралы мәліметтер Ескертпе марапаттау соммасы Марапаттаудың басқа да түрлері Толтырған: қызметкердің ТАӘ (ол болған жағдайда), бөлініс атауы.