Об определении перечня должностей специалистов в области культуры и спорта являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности финансируемых из районного бюджета Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылқоға аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «23» сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Мәдениет мамандарының лауазымдары: аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлік бойынша басшының орынбасарынан басқа); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: қор сақтаушы, суретші; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын сектор басшысы; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас бухгалтері; музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, палеограф, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод; археограф, архивист, суретші-реставратор; бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер.
Тармақ 2
2. Спорт мамандарының лауазымдары мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы; мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары; мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер және орынбасары, бас бухгалтері; аға жаттықтырушы; барлық мамандықтағы дәрігер; (мамандандырылған) медициналық бике/аға; әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы; нұсқаушы-спортшы, (нұсқаушы-спортшыдан басқа); спорттық құрылыс меңгерушісі; бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, экономист; мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шарушылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы.