Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
МАЗМҰНЫ 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы 3-бап. Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері 4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI 5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі 6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қорғаныс саласындағы өкілеттіктері 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi 3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ 8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары 10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері 11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету 13-бап. Қорғанысты қаржыландыру 14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері 15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану 15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару 16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру 17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау 17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету 5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР 18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты 19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы 20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау 21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару 22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары 23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары 23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері 23-2-бап. Əскери атташелер аппараты 24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi 25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы 26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар 27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау 6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС. ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ ПЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АУДАН 28-бап. Соғыс кезi 29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру 30-бап. Азаматтық қорғаныс 31-бап. Аумақтық қорғаныс 31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы 33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азаматтық персонал – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік қызметте болатын немесе еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 2
2) арнаулы əскерлер – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік жəне химиялық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық қауіпсіздік əскери бөлімдері мен бөлімшелері;
Тармақша 3
3) арнаулы құралымдар – жұмылдыру жарияланған кезде өнеркəсіпті, ауыл шаруашылығын, көлікті, көлік инфрақұрылымы мен байланыс объектілерін күзету жəне оларды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, сондай-ақ төтенше жағдайларды оқшаулау жəне жою үшін мемлекеттік органдар жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдар қорғаныс жүйесінде құратын құралымдар;
Тармақша 3-1
3-1) Арнаулы операциялар күштері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы операцияларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнаулы мақсаттағы бір бөлігі;
Тармақша 4
4) аумақты жедел жабдықтау – қорғаныс мақсатында міндеттерді жедел шешу үшін пайдалануға көлік құрылыстарын, жол желілерін, қойма шаруашылығын, байланысты, сумен, жылумен жəне энергиямен жабдықтауды дайындауға жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 6-1
Тармақша 7
Тармақша 8
8) əскери атташе аппараты – шет мемлекетте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүддесін білдіретін əскери қызметшілер болып табылатын қорғаныс мəселелері жөніндегі атташе (əскери атташе), оның орынбасарлары мен көмекшілері;
Тармақша 9
9) əскери басқару органдары – стратегиялық, жедел- стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық жəне жергілікті əскери басқару органдары; 10-1) әскери қатынастар органдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кіретін, әскери тасымалдарды жоспарлауды және ұйымдастыруды, әскери тасымалдарды орындау үшін теміржол, теңіз, ішкі су және әуе көлігінің дайындығын бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттерді орындауды жүзеге асыратын әскери бөлімшелер;
Тармақша 11
11) əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйесі – бейбіт кезде жəне соғыс уақытында əскерлерді (күштерді) басқару мақсатында шешімдер қабылдау, міндеттерді жоспарлау, белгілеп алу жəне оларды əскерлерге (күштерге) жеткізу, олардың орындалуын бақылау үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге, таратуға, беруге жəне ұсынуға арналған жүйе;
Тармақша 11-1
11-1) әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылым – мемлекеттің әскери ұйымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
Тармақша 11-2
11-2) əскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторы – мемлекет жүз пайыз қатысатын, өзіне әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі жобаларды басқару функциялары, сондай-ақ оларды ендіру, қолдап отыру, дамыту, интеграциялау және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету, мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымының субъектілеріне консультациялық көмек көрсету және әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның киберқауіпсіздігіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген заңды тұлға;
Тармақша 12
12) əскери мүлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қорғаныс объектілері, қару-жарақтың, əскери техниканың барлық түрі, арнайы құралдар жəне басқа да мүлік;
Тармақша 12-1
12-1) әскери өкілдің аппараты – халықаралық ұйымда және шет мемлекеттің әскери ынтымақтастық органында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мүдделерін білдіретін әскери қызметшілер болып саналатын, өз қызметін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүзеге асыратын әскери өкіл, оның орынбасарлары мен көмекшілері;
Тармақша 13
13) əскери техника – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар жарақтандырылатын жауынгерлік машиналар, әскери корабльдер (катерлер мен басқа да кемелер), әскери әуе кемелері мен басқа да ұшу аппараттары;
Тармақша 14
14) əскерлер түрі – өзіне ғана тəн негізгі қаруы мен əскери техникасы, сондай-ақ оларды ұрысқа қолдану тəсілдері бар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дербес не құрамдас бөлігінің құрамына кіретін түрі;
Тармақша 15
15) басқа да əскерлер мен əскери құралымдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы, əскери қарсы барлау жəне əскери полиция органдары және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің əскери-тергеу органдары, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері, əскери прокуратура органдары;
Тармақша 15-1
15-1) бірыңғай әскери-техникалық саясат – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жоғары техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету мүдделерінде олардың алдына қойылған практикалық міндеттерді, мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері мен әскери-саяси ахуалдың жай-күйін ескере отырып, мемлекеттік органдар іске асыратын тұжырымдамалық көзқарастар мен практикалық әрекеттер жүйесі;
Тармақша 16
16) жабдықтау нормалары (табиғи нормалар) – бейбіт кезде немесе соғыс уақытында əскери қызметшілерге, бөлімшелерге, əскери бөлімдерге (корабльдерге) жəне құрамаларға беруге белгіленген материалдық құралдардың саны;
Тармақша 17
17) жауынгерлік əзірлік – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың өздеріне жүктелген міндеттерді белгіленген мерзімдерде орындауға дайындығының дəрежесін айқындайтын жағдай;
Тармақша 18
18) жауынгерлік қабілеттілік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскерлерінің (күштерінің) мақсатқа сай жауынгерлік (əскери, арнайы) іс-қимылдар жүргізуіне жəне өздерінің жауынгерлік мүмкіншіліктерін іске асыруына мүмкіндік беретін жай-күйі;
Тармақша 19
19) жауынгерлік міндет – ұрыста (операцияда) белгілі бір мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізу үшін жоғары тұрған командир (бастық) қойған міндет;
Тармақша 20
20) жоғары қолбасшылық (жоғары қолбасшылық құрам) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары жəне Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын өзге де лауазымды адамдар;
Тармақша 20-1
20-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық əскерлерін арнайы өрістету – төтенше жағдай режимін енгізу жəне қамтамасыз ету, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою кезінде жəне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда іс-шараларды орындау жөніндегі арнаулы əскери жиындарға əскери міндеттілерді шақыру жолымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері аумақтық əскерлерінің əскери бөлімдері мен бөлімшелерін жасақтау;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери барлау органдары – Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес барлау жəне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан əрі – Қарулы Күштер) – қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болғызбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы құратын жəне ұстайтын, мемлекеттің əскери ұйымының негізі;
Тармақша 22-1
22-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспары – мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі өзара байланысты құжаттардың жинақталымы;
Тармақша 23
23) қару-жарақ – жанды күшке, техникалар мен инфрақұрылым объектілеріне зақым келтіруге, құрылыстарды (бекіністерді) бұзуға арналған әртүрлі қару түрлері, кешендер мен жүйелер, көрсетілген құрамдастарды имитациялайтын құралдар, оқ-дәрілер, сондай-ақ оларды Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолдануды қамтамасыз ететін жүйелер, құрылғылар, жеткізгіштер мен аспаптар;
Тармақша 24
24) қару-жараққа жəне əскери техникаға жинақтауыштар – жиынтықтағанда қару-жарақ пен əскери техниканың конструктивтік тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер жəне қару-жарақ пен əскери техникаға қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар;
Тармақша 25
25) Қарулы Күштердің арнаулы операциялары – Қарулы Күштердің əскерлерін бейбіт кезде жəне соғыс уақытында қолданудың ерекше нысаны;
Тармақша 26
26) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан əрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесіп жатқан және Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған ауданның бір бөлігі болып табылатын аумақ;
Тармақша 27
27) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан əрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына іргелес жатқан, шегінде тыйым салулар мен шектеулер белгіленген аумақ;
Тармақша 28
28) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қару-жарағы мен əскери техникасының кадастры – жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен əскери техника, олардың сапалық сипаттамасы, мақсаты, дайындаушы кəсіпорын, дайындалған, қарулануға қабылданған жəне қаруланудан шығарылған күні туралы деректер негізінде кезең-кезеңмен жасалатын мəліметтердің жүйеленген жинағы;
Тармақша 29
29) Қарулы Күштердің түрі – мемлекеттің белгілі бір салада (құрлықта, теңізде, əуе кеңістігінде) соғыс қимылдарын жүргізуге арналған Қарулы Күштерінің бір бөлігі;
Тармақша 30
30) қорғаныс – əскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасына қолсұғылмаушылықты қарулы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі саяси, əскери, экономикалық, ақпараттық, экологиялық, əлеуметтік-құқықтық жəне өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі;
Тармақша 31
31) қорғаныс объектілері – Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығымен бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік;
Тармақша 32
32) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің əскери ұйымын, əскери өнерді дамыту, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін әзірлеу, жасау, оларды ендіру, қарулануда, жарақтандыруда, жабдықтауда және пайдалануда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, аумақтық қорғанысының құрылысы мен оларды қамтамасыз ету мəселелерін шешуге бағытталған, стратегиялық, қолданбалы, талдамалық жəне əлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс жəне əскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
Тармақша 33
Тармақша 34
Тармақша 35
35) материалдық-техникалық қамтамасыз ету – Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды қаружарақпен, əскери техникамен жəне басқа да мүлікпен қамтамасыз ету, оларды жөндеу жəне қалпына келтіру, Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жауынгерлік əзірлікте ұстап тұру жəне ұрысқа қолдану үшін олардың материалдық, медициналық, көліктік, тұрмыстық жəне өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені;
Тармақша 36
36) мемлекеттің əскери ұйымы – бірлескен қызметі Қазақстан Республикасының əскери қауіпсіздігін жəне қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жəне қорғаныстық-өнеркəсіптік кешеннің жиынтығы;
Тармақша 37
Тармақша 38
Тармақша 39
Тармақша 40
Тармақша 41
41) пайдаланылмайтын əскери мүлік – қаруланудан шығарылған, тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілді мерзімдері өткен, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қолданылмайтын басы артық мүлік;
Тармақша 42
42) соғыс жағдайы – мемлекеттер арасындағы соғыс жарияланған (соғыс қимылдары нақты басталған) кезден бастап ол аяқталғанға (нақты тоқтатылғанға) дейінгі қарым-қатынастар;
Тармақша 43
43) соғыс қатері – орын алған қайшылықтарды əскери-күш қолдану əдістерімен шешуге, Қазақстан Республикасына қарсы соғыс қақтығысын (соғысты) бастауға нақты қалыптасқан ниет;
Тармақша 44
44) соғыс қаупі – саяси жəне өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасына қарсы əскери күш көрсету құралдарын қолдану мүмкіндігін көздейтін тұрақсыздық факторы;
Тармақша 45
45) соғыс қимылдары – агрессияға тойтарыс беру кезінде алға қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің барлық түрі қолданылатын стратегиялық ауқымдағы (ұрыс қимылдарын қоса алғанда) іс-қимылдар кешені;
Тармақша 46
46) соғыс уақыты – соғыс жағдайы жарияланған немесе соғыс қимылдары іс жүзінде басталған кезден бастап соғыс қимылдарының тоқтатылғаны туралы жарияланған кезге дейінгі, бірақ олардың іс жүзінде тоқтатылуынан бұрынғы кезең;
Тармақша 47
Тармақша 48
48) ұрыс қимылдары – тиісті əскери басқару органдарының басқаруымен жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі əскери бөлімдердің, құрамалар мен бөлімшелердің ұйымдасқан іс-қимылдары.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қағидаттары
3-бап. Осы Заңның қағидаттары Осы Заңның қағидаттары:
Тармақша 1
1) басқа мемлекеттердiң Егемендiгiн, мемлекеттiк шекараларының мызғымайтындығын, аумақтық тұтастығын құрметтеу және олардың ішкі iстерiне араласпау;
Тармақша 2
2) әскери саладағы сенiмділік және ашықтық шараларын нығайту;
Тармақша 3
3) халықаралық дауларды бейбiт жолмен реттеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық мiндеттемелердi сақтау және шарттардың мақсатына қол жеткiзуге жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) өзара тиiмдi ынтымақтастық және өзара түсінiстік негізінде барлық елдермен достық қарым-қатынасты ұстану;
Тармақша 6
6) әскери жанжалдарды болғызбауға, бейбiтшілікті қолдау мен қалпына келтiруге бағытталған жаһандық және өңірлік қауіпсiздiк жүйелерiн құруға қатысу болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу
Тармақ 1
1. Қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу:
Тармақша 1
1) соғыс қаупі мен соғыс қатерiн болжауды және бағалауды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әскери саясаты мен әскери доктринасы ережесінің негізгi бағыттарын әзiрлеудi;
Тармақша 3
3) құқықтық реттеуді;
Тармақша 4
4) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануды жоспарлауды, олардың қажетті санын, құрылысын, даярлығын анықтауды және олардың ұрысқа әзiрлігі мен жұмылдыру даярлығының талап етiлетін деңгейін ұстап тұруды;
Тармақша 5
5) Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды басқару жүйесін дамытуды, сондай-ақ радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлауды;
Тармақша 6
6) бiрыңғай әскери-техникалық саясатты әзiрлеуді және iске асыруды;
Тармақша 7
7) елдiң мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, көлiгінiң, коммуникациялары мен халқының күнi бұрын жұмылдыру дайындығын, сондай-ақ аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтауды қамтитын, бейбiт уақытта жүргізiлетін жалпымемлекеттiк iс-шаралар кешенін;
Тармақша 8
8) мемлекеттік материалдық резерв запастарын құруды;
Тармақша 9
9) азаматтарды әскери қызметке даярлауды, соғыс уақытына арнап әскери оқытылған резервті жинақтауды және әскери-патриоттық тәрбиені;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы іс-шараларын жоспарлауды және жүзеге асыруды;
Тармақша 11
11) мемлекеттік құпияларды құрайтын мəлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыруды жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді;
Тармақша 12
12) қорғаныс мүддесіне орай ғылымды дамытуды;
Тармақша 13
13) әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздікке байланысты міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді;
Тармақша 14
14) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін бақылауды;
Тармақша 15
15) ұжымдық қауіпсiздік және бiрлескен қорғаныс мақсатындағы халықаралық ынтымақтастықты;
Тармақша 16
16) қорғаныс саласындағы өзге де iс-шараларды қамтиды.
Тармақ 2
2. Қорғаныс мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери мiндеттілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердiң өзге де түрлерi белгіленедi.
Тармақ 3
3. Әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді мемлекеттің әскери ұйымы шешеді.
Тармақ 4
4. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдар Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Тармақ 5
5. Жер, орман, су және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшiн берiледi.
Тармақ 6
6. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың мемлекеттік мекемелерiне бекiтiліп берiлген мүлiк республикалық меншік болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ, ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ЖӘНЕ ҮКIМЕТIНIҢ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ӨКIЛЕТТIКТЕРI
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің қорғаныс саласындағы өкілеттігі
Тармақ 1
1. Қазақстан Pecпубликасының Президентi Қазақстан Республикасы Күштерiнің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Президентi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы әскери саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Əскери доктринасын, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды бекiтеді;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын бекітеді;
Тармақша 3-1
3-1) әскери жоспарлау жүйесін бекітеді;
Тармақша 4
4) Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қарулы Күштердің құрылымын, штат санының лимитін бекітеді;
Тармақша 6
6) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттердi орындау үшін бұл туралы Қазақстан Республикасының Құрылтайын дереу хабардар ете отырып, Қарулы Күштердi қолдану туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) жоғары әскери атақтар береді;
Тармақша 8
8) Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 9
9) әскери ант мәтінін, жалпы әскери жарғыларды, әскери қызметті өткеру ережесiн, әскери нышандарды, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери киім нысаны мен айырым белгілерiн бекітедi;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының қорғаныс және әскери ынтымақтастық саласында келiссөздер жүргізедi және халықаралық шарттарға қол қояды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру және мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлердi запасқа шығару, жұмылдыру бойынша, соғыс уақытында әскери қызметке шақыру, сондай-ақ әскери міндеттілерді арнаулы әскери жиындарға, оның ішінде төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында шақыру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 12
12) Құрылтайдың қарауына Қарулы Күштерді бейбiтшіліктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы ұсыныс енгізедi;
Тармақша 13
13) Қазақстан Pecпубликасының Конституциясында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайын енгізедi, iшiнара немесе жалпы жұмылдыру жариялайды және бұл туралы Қазақстан Республикасының Құрылтайын дереу хабардар етеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
6-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының қорғаныс саласындағы өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Құрылтайы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қорғанысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізедi;
Тармақша 2
2) соғыс және бiтім мәселелерiн шешедi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Қарулы Күштердi бейбiтшiлiктi қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) әскери атақтарды белгілейдi;
Тармақша 5
5) қорғаныс және әскери ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегі халықаралық шарттарды бекітеді және күшiн жояды;
Тармақша 6
6) қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелері бойынша тыңдау өткізеді.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметінің қорғаныс саласындағы өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Үкiметі:
Тармақша 1
1) мемлекеттің әскери саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асырады;
Тармақша 2
2) Қорғаныс министрлiгiнiң, өзге де орталық және жергілiкті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
6) әскери оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі мен шарттарын айқындайды;
Тармақша 8
8) Қарулы Күштерді, басқа әскерлер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен, әскери техникамен және материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандыруды және қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 8-1
8-1) əскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторын айқындайды;
Тармақша 9
Тармақша 10
Тармақша 11
Тармақша 12
Тармақша 13
13) аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
Тармақша 14-1
Тармақша 15
15) əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың санаттары мен санын айқындайды;
Тармақша 16
16) әскери оқытылған резервті құруға және даярлауға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға мемлекеттік тапсырысты бекiтедi;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысын жоспарлауды және оларға басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi, орманды, суды және басқа да табиғи ресурстарды қорғаныс мұқтаждықтары үшін беру және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 19
Тармақша 20
20) әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 21
21) қорғаныс мұқтаждықтары үшiн жеке және заңды тұлғалардан реквизицияланған, сондай-ақ берiлген мүліктің құнын мемлекеттің өтеу тәртібiн айқындайды;
Тармақша 22
22) әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару тәртiбін белгілейдi;
Тармақша 23
Тармақша 24
24) меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 24-1
24-1) тыйым салынған аймақтарды, тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар тізбесін (бұдан әрі – тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) бекітеді;
Тармақша 24-2
24-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 24-3
Тармақша 25
25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі əскери-саяси ахуалдың кез келген жағдайында мемлекеттің əскери ұйымының орнықты жұмыс істеуін ұйымдастырады. Соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) экономиканы соғыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу немесе соғыс жағдайы режиміне көшіруді;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштер мен арнаулы мемлекеттік органдар үшін резервтер дайындауды, адами жəне материалдық ресурстарды жұмылдыруды;
Тармақша 3
3) Қарулы Күштерді жəне арнаулы мемлекеттік органдарды қарулы күрес жүргізу үшін күштермен жəне құралдармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздікті жəне тайталасты ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
3-тарау. ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛIКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, АЗАМАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
Бап 8. 8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегiнде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы іс-шараларына, саланың жұмылдыру дайындығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді, қорғаныс мұқтажына қажетті өнiмдер әзiрлеу, өндiру, шығару және жөндеу жөнiндегi қуаттарды құруға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдыру резервтерінің толықтырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын және оны іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 1-1
1-1) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) саланы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес іс-шараларды орындауға тікелей дайындауды ұйымдастырады, саланың соғыс уақытында орнықты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 5
5) азаматтық қорғаныс iс-шараларын ұйымдастырып, жүргiзедi және ведомстволық бағынысты ұйымдардың оларды орындауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6-1) қатынас жолдарын техникалық жабуды және аумақты жедел жабдықтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6-2
6-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
9-бап. Жергіліктi атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары Жергілiкті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын іске асыру жөніндегі құжаттарды әзірлеуге, аумақты Қазақстан Республикасының қорғанысы мүдделерінде жедел жабдықтау іс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) қорғаныс мақсатында көлiк және басқа да техникалық құралдардың есебiн жүргізудi және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы іс-шараларын жоспарлауға қатысады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 6-1
Тармақша 6-2
Тармақша 6-3
Тармақша 7
Тармақша 7-1
Тармақша 6-2
7-2) мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мүліктің бүлінуі (жойылуы) кезінде залалды айқындау жөніндегі комиссияны құрады;
Тармақша 7-3
7-3) қатынас жолдарын техникалық жабуды және аумақты жедел жабдықтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7-4
7-4) Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 7-5
7-5) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрады және олар туралы ережені бекітеді;
Тармақша 7-6
7-6) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды іске асырады;
Тармақша 8
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері
10-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) келiсiм-шарт негізiнде epікті түрде әскери қызметке баруға;
Тармақша 2
2) қорғанысты нығайтуға жәрдемдесетін ұйымдардың қызметіне қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) әскери мiндеттілiкті орындауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларына қатысуға;
Тармақша 3
3) жұмылдыру кезеңінде және соғыс жағдайында өздерінiң меншігіндегі мүлікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оның құнын кейiннен мемлекеттің тең бағада өтеуімен беруге міндетті.
Бап 11. 11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары
11-бап. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың қорғаныс саласындағы функциялары Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысы мен аумақтық қорғанысы iс-шараларына орындауға қатысады;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) жұмылдыру кезеңiнде және соғыс жағдайында өздерінің меншігіндегі мүлiкті қорғаныс мұқтажы үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілеген тәртiппен оның құнын кейiннен мемлекеттің өтеуiмен бередi;
Тармақша 5
5) өз қызметкерлерінің әскери мiндетін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Тармақша 6
6) арнаулы құралымдар құрады және оларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты объектілер болған кезде олардың инженерлік-техникалық нығайтылуы және диверсияға қарсы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бап 12. 12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөліп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негізгі мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
Тармақша 2
2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;
Тармақша 3
3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;
Тармақша 4
4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдiктерiн iске асыру;
Тармақша 5
5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Бап 13. 13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
13-бап. Қорғанысты қаржыландыру
Тармақ 1
1. Қорғанысты қаржыландыру Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттiлiктерiн кепілдi қанағаттандыруға бағытталады.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ қорғанысқа арналған шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және осы Заңның 24-бабында көзделген өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Шет мемлекеттермен бiрлесіп пайдаланылатын Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери объектілердi және қару-жарақ қысқартуды бақылау мен инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргізiледi.
Тармақ 4
4. Қорғанысқа бөлінген бюджет қаражатының, сондай-ақ Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаның пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 14. 14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
14-бап. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қару-жарақ пен әскери техниканы қоса алғанда, өндiрiстік-техникалық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеуге, өндiруге, жеткiзуге және қамтамасыз етуге арналған қорғаныс тапсырысына және халықаралық келiсiмдерге сәйкес басымдық тәртібiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын қалыптастыру тәртiбi, оны материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету және сатып алу шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік немесе әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал кезінде, төтенше жағдай кезеңінде, бірлескен операциялар мен оқу-жаттығуларды жүргізу кезінде тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды материалдық техникалық қамтамасыз етуді олар уақытша орналасқан объектілердегі сол Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар жүзеге асыруы мүмкін.
Бап 14-1. 14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері
14-1-бап. Қарулы Күштерді мұнай өнімдерімен жабдықтау ерекшеліктері Мұнай өнімдерін Қарулы Күштер мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алады. Мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде Қарулы Күштер оларды тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бәсекелестік негізде дербес сатып алуға құқылы.
Бап 15. 15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану
15-бап. Объектілер мен мүліктi қорғаныс мүдделерiне орай пайдалану
Тармақ 1
1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бейбiт уақытта пайдаланбайтын қорғаныс объектiлерi бюджет қаражаты есебiнен консервациялануға тиiс немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүліктік жалға (жалгерлiкке берiлуi), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізiнде басқа мемлекеттердің ұйымдарына берiлуi мүмкін. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың республикалық мемлекеттік мекемелері алдында жеке жəне заңды тұлғалардың тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында олардың басшылары тиісті мемлекеттік органның басшысы айқындаған тəртіппен, тамақтандыруды немесе монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру туралы шарттың мерзімі шегінде ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Пайдаланылмайтын әскери мүлiк Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес берілуі, өткізілуі, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жойылуы және қайта өңделуі мүмкін. Одан әрі сақталуы нақты қауіп төндіретін және дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілер пайдаланылмайтын әскери мүлік деп танылмайды және жойылуға жатады. Оқ-дәрілерді дереу жоюды қажет ететін оқ-дәрілерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды жою тәртібін Қорғаныс министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 3-1
3-1. Әскери қарсы барлау органдары орналасқан қорғаныс объектілерін күзету мен күтіп-ұстауды аталған объектілер жедел басқаруында болатын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға осы мақсаттар үшін бөлінетін бюджет қаражаты есебінен олар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен:
Тармақша 1
1) соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қарулы Күштердiң жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
Тармақша 2
2) өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi.
Бап 15-1. 15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару
15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару
Тармақ 1
1. Қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы құралдарды қоспағанда, әскери мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін уақытша иеленуге және пайдалануға берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше әріптеске иеліктен шығарылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің инвестициялық шығындары мен құны өтемақысының жиынтық көлемі жекеше әріптестің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауға тиіс. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бағалауға жатады.
Бап 16. 16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру
16-бап. Жердi, ғимараттарды, құрылыстарды, объектiлердi және басқа да мүлікті қорғаныс мұқтажы үшiн беру
Тармақ 1
1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды орналастыру және олардың тұрақты қызметi үшiн берiлген жер учаскелерi олардың иелiгiнде және пайдалануында болады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару және меншік иелері мен жер пайдаланушыларға олардың құнын өтеу Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қорғаныс мұқтажы үшiн ғимараттар, құрылыстар, объектiлер мен басқа да мүлiк берiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен оларды керi қайтарып алу жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Қорғаныс мұқтажы үшін мүлікті реквизициялау соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мүлiктi иеленуге және пайдалануға беру тәртiбi, сондай-ақ басқа мемлекеттер әскери құралымдарының жердi уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Бап 17. 17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау
17-бап. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету жəне кадрларды даярлау
Тармақ 1
1. Қорғанысты ғылыми қамтамасыз ету мемлекеттің əскери ұйымының проблемаларын жан-жақты зерттеуге, елдің қорғаныс қабілеттілігін арттыру міндеттерін ғылыми əдістермен шешуге, тəжірибелік-конструкторлық, оның ішінде қосарланған мақсаттағы жұмыстарды орындауға, сондай-ақ ұлттық əскери-ғылыми əлеуетті дамытуға бағытталған.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныстық зерттеулерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін Қорғаныс министрлігі айқындайды.
Тармақ 4
4. Əскери, əскери-ғылыми кадрларды даярлау жəне қайта даярлау Қазақстан Республикасының əскери оқу орындарында, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде шетелдік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
Бап 17-1. 17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жүзеге асырады және ол:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтарында патриотизм мен қазақстандық біртектілікті;
Тармақша 2
2) барлық білім беру деңгейі мен барлық әлеуметтік топта әскери-патриоттық тәрбие жүйесін;
Тармақша 3
3) әскери қызметтің, әскери қызметшінің, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мәртебесінің оң имиджін қалыптастыру үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауға бағытталған.
Тарау 5. 5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР
5-тарау. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР, БАСҚА ДА ӘСКЕРЛЕР МЕН ӘСКЕРИ ҚҰРАЛЫМДАР
Бап 18. 18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты
18-бап. Қарулы Күштер және олардың мақсаты
Тармақ 1
1. Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен Егемендiгiн қаруланып қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілердi күзетуге және қорғауға, әуе кеңiстігін күзетуге, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күресуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мiндеттерді орындауға арналған.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдарды жою үшін, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді күшейту және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, Тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнгенде және мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылғанда қолданылуы мүмкін. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда әскери, арнаулы техника, автомобиль техникасы және өзге де көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауынгерлік техника ретінде пайдаланылады. Қарулы Күштер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзету іс-шараларына тартылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнен туындайтын міндеттердi орындау үшін Қарулы Күштердi қолдану Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда келiсiлген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қарулы Күштер құрамының бiр бөлiгі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес бiрiккен (ұжымдық) əскерлерге (күштерге) кiруi немесе бiрiккен қолбасшылық қарамағында болуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Төтенше жағдай режимін енгізу және қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін арнайы өрістету жүзеге асырылуы мүмкін.
Бап 19. 19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы
19-бап. Қарулы Күштердiң жалпы құрамы Қарулы Күштер əскери басқару органдарын, Қарулы Күштер түрлерiн, Арнаулы операциялар күштерін, əскерлер түрін, арнаулы əскерлердi, материалдық-техникалық қамтамасыз ету əскерлерін, аумақтық əскерлерді, əскери оқу орындарын, əскери-ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдарды қамтиды. Қарулы Күштердің арнаулы əскерлерінің құрамына Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған инженерлік, геоақпараттық жəне гидрометеорологиялық қамтамасыз ету, барлау, радиациялық, химиялық жəне биологиялық қорғау, байланыс, радиоэлектрондық күрес, ақпараттық тайталас əскери бөлімдері мен бөлімшелері, әскери полиция органдары кіреді. Жұмылдыру жарияланған кезде Қарулы Күштердің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, Ұлттық ұлан жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары, сондай-ақ арнаулы құралымдар кiредi. Басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды, арнаулы құралымдарды Қарулы Күштердің құрамына беру мүдделі мемлекеттік органмен немесе ұйыммен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
Бап 20. 20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау
20-бап. Қарулы Күштердi жасақтау
Тармақ 1
1. Қарулы Күштердің жеке құрамына әскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдары кiредi.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштер:
Тармақша 1
1) азаматтарды әскери қызметке шақыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың әскери қызметке ерікті түрде келуi арқылы әскери қызметшiлерден;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес азаматтық персоналмен жасақталады.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштердi жұмылдыруды өрістету үшін мемлекетте әскери оқып үйретілген резерв запасы құрылады.
Бап 21. 21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару
21-бап. Қарулы Күштерге басшылық және оларды басқару
Тармақ 1
1. Қарулы Күштерге әскери-саяси басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы соғыс уақытында жəне соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қазақстан Республикасының əскери-саяси басшылығының жоғары органы болып табылады, мемлекеттің əскери ұйымын басқаруды, қорғаныс жөніндегі міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілікті атқарушы органдарының қызметін бақылауды жəне үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығының Ставкасы Қарулы Күштердi басқаруды өзінің жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бейбіт кезде Қорғаныс министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Тармақ 4
4. Қарулы Күштердi бейбiт уақытта басқаруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi жүзеге асырады.
Бап 22. 22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары
22-бап. Қорғаныс министрлігінiң функциялары
Тармақ 1
1. Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қарулы Күштердi əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы салаларындағы уəкілетті орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі:
Тармақша 1
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;
Тармақша 3
3) Қарулы Күштердің, Қорғаныс министрлігінің жəне Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді жəне бекітеді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 3-1
3-1) әскери жоспарлау жүйесін әзірлейді;
Тармақша 4
4) мемлекетте бiрыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізедi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 5-1
5-1) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 5-2
5-2) Қарулы Күштерді топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 5-3
5-3) Қарулы Күштерді навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 5-4
5-4) Қарулы Күштерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5-5
5-5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштер түрлерінің, Арнаулы операциялар күштерінің, әскер тектерiнің, арнаулы әскерлердiң жедел мақсаты мен мiндеттерiн, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен өзара iс-қимыл жасауда қолданылуын айқындайды;
Тармақша 7
7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) Қарулы Күштерде әскерлердi инспекциялауды және қаржы қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, ведомстволық әскери оқу орындарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9-1
9-1) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) әскери қызметке шақырылуға дейiнгi және шақырылатын жастардың әскери қызметке даярлығын үйлестіредi;
Тармақша 11
11) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 11-1
11-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 12
12) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртiптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерi мен азаматтық персоналды әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктермен қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) əскери қызмет өткеру, қорғаныс жəне Қарулы Күштер мəселелерi бойынша өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 13-1
13-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;
Тармақша 14
14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;
Тармақша 15
Тармақша 15-1
Тармақша 15-1
Тармақша 16
16) Қарулы Күштерде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16-1
16-1) Қарулы Күштердің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 16-2
16-2) Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қарулы Күштерде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 16-3
16-3) қатынас жолдарына әскери-техникалық талаптарды белгілейді;
Тармақша 16-4
16-4) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-5
16-5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;
Тармақша 17-1
17-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;
Тармақша 17-2
17-2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
Тармақша 17-3
17-3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 18-1
18-1) Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19
19) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасы кадастрын бекітеді;
Тармақша 20
20) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 21
Тармақша 22
22) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
Тармақша 23
23) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылатындардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
Тармақша 24
24) тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 25
25) əскери атташе аппараты мен әскери өкілдер аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 26
26) әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереженi бекітеді;
Тармақша 26-1
26-1) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қарулы Күштер əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
Тармақша 26-2
26-2) Қарулы Күштердің əскери қалашықтары мен оқу орталықтары аумағында орналасқан объектілерде ветерина- рия жəне санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы ішкі бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 26-3
26-3) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қарулы Күштердің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уəкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
Тармақша 26-4
26-4) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қарулы Күштерде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-5
26-5) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қарулы Күштердің аумақтық әскерлеріне басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 26-6
26-6) Қарулы Күштерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-7
26-7) Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-8
26-8) Қарулы Күштердегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-9
26-9) Қарулы Күштерде жұмылдыру, жедел жəне жауынгерлік дайындық, шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-10
26-10) Қарулы Күштердің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-11
26-11) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қарулы Күштердің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-12
26-12) Қарулы Күштерде əскери-тарихи жəне мəдени жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 26-13
26-13) бастапқы əскери дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-14
26-14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-15
26-15) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-16
26-16) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-17
26-17) Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-18
26-18) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-19
26-19) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
Тармақша 26-20
26-20) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі) оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-21
26-21) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қарулы Күштердің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
Тармақша 26-22
26-22) Қарулы Күштердегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.
Тармақша 26-23
26-23) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату қағидаларын бекітеді;
Тармақша 26-24
26-24) меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 26-25
26-25) Қарулы Күштерді метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-26
26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-27
26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жекеше әріптеске шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-28
26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 26-29
Тармақша 26-30
Тармақша 26-31
26-31) арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымының объектілерін қоспағанда, әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-32
26-32) әскери қатынастар органдары туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26-33
26-33) әскери қатынастар органдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 26-34
26-34) әскери-техникалық талаптарды сақтау бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабы 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату үшін жобалауға арналған тапсырманы және жобалау құжаттамасын келіседі;
Тармақша 26-35
26-35) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;
Тармақша 26-36
26-36) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдіктерін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;
Тармақша 26-37
26-37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 23. 23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы:
Тармақша 1
1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді;
Тармақша 4
4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
Тармақша 6-1
6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 8
Тармақша 9
9) Қарулы Күштердi әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 10-1
Тармақша 11
11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
Тармақша 12
12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды;
Тармақша 12-1
12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 14
14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi;
Тармақша 15-1
15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасының жұмыс органы болып табылады.
Бап 23-1. 23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері
23-1-бап. Қарулы Күштердің түрлері Қарулы Күштердің түрлері:
Тармақша 1
1) Қарулы Күштерді қолдануды стратегиялық жоспарлау шеңберінде Қарулы Күштердің түрін жедел-стратегиялық жоспарлауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) əскери басқару органдарының, əскерлер (күштер) түрінің жауынгерлік, жұмылдыру əзірлігін жəне жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) əскери басқару органдарын, əскерлер (күштер) түрін дайындауды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) əскерлердің моральдық-психологиялық дайындығын, əскерлер (күштер) түрінде əскери тəртіптің жəне құқық тəртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) əскерлер (күштер) түрінде алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 23-2. 23-2-бап. Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары
23-2-бап. Әскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары
Тармақ 1
1. Əскери атташелер мен әскери өкілдер аппараттары Қарулы Күштердің қарамағында жəне штат санында болады.
Тармақ 2
2. Шет мемлекетте əскери атташелер аппаратында əскери қызмет өткеріп жүрген əскери қызметшілер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында көзделген дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитет, еңбекке ақы төлеу жəне оның шарттары, əлеуметтік қамсыздандыру жəне медициналық қамтамасыз ету мəселелерінде дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіріледі.
Тармақ 3
3. Əскери атташелер аппаратының қызметін қаржыландыру қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражаты есебінен, теңестірілген лауазымдар бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасында белгіленген көлемде жəне тəртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Əскери атташелер аппараты əскери қызметшілерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелер персоналына теңестіру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жəне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасының өзге заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері әскери өкілдер аппаратында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылады.
Бап 24. 24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi
24-бап. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерi
Тармақ 1
1. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері:
Тармақша 1
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұсынылған қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алуға және пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы. Қарулы Күштердің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне өткізу саласында, сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін жəне өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге құқылы. Осындай көрсетілетін қызметтердi өткізуден түсетін кірістер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке есепке жатқызылуға тиіс.
Тармақ 2-1
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.
Тармақ 4
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін. Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.
Бап 25. 25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
Тармақ 1
1. Қарулы Күштердiң орналастырылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi.
Бап 26. 26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
Тармақ 1
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
Тармақша 4
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.
Тармақ 3
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Pecпубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
Тармақ 5
5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.
Тармақ 6
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін. Әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
Бап 27. 27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау
Тармақ 1
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлep мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ. ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ ПЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АУДАН
6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ. ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ ПЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АУДАН
Бап 28. 28-бап. Соғыс кезi
28-бап. Соғыс кезi
Тармақ 1
1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Құрылтайы жариялайды.
Тармақ 2
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
Бап 29. 29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
Тармақ 1
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртiбi Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарында айқындалады.
Тармақ 2
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, сондай-ақ оның құрамына кiретін Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізеді.
Бап 30. 30-бап. Азаматтық қорғаныс
30-бап. Азаматтық қорғаныс
Тармақ 1
1. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқын және аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Pecпубликасының заңымен айқындалады.
Бап 31. 31-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы
31-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы Қазақстан Республикасының халқын, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының міндеттері мен іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Бап 31-1. 31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
Тармақ 1
1. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді. Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. Тыйым салынған аймақ аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін, сондай-ақ іргелес аумақтарда орналасқан халықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді. Тыйым салынған аудан аумағында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салуға, шаруашылық және өзге де қызметке, атыс қаруынан оқ атуға, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерді орнатуға, ұшу аппараттарын, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдануға тыйым салынады. Тыйым салынған аудан аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 32. 32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөнiндегi басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Pecпубликасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
Тармақ 2
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Құрылтайының Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Pecпубликасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Бап 33. 33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Pecпубликасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 34. 34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" 1993 жылғы 9 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 20, 120-құжат; N 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 233-құжат; 2002 ж., N 3, 22-құжат);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 203-құжат).