Об изменении административной подчиненности некоторых населенных пунктов и границ сельских округов Жамбылского района Жамбылской области Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік бағыныстылығын және ауылдық округтердің шекараларын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес:
Тармақша 1
1) Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Бәйтерек ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Құмтиын ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін;
Тармақша 3
3) Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімшілік бағынысына Сеңгірбай ауылының аумағы енгізілсін және оның әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес:
Тармақша 1
1) Жамбыл ауданы Бәйтерек ауылының жалпы көлемі 198,0 гектар жерін Айша бибі ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Айша бибі ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 3309,5641 гектар болып өзгертілсін;
Тармақша 2
2) Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Аса ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 2959,8 гектар болып өзгертілсін;
Тармақша 3
3) Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қарасу ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 2186,3535 гектар болып өзгертілсін;
Тармақша 4
4) Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының жалпы көлемі 282,0 гектар жерін Аса ауылдық округінің шекарасына қосу, Сеңгірбай ауылының жалпы көлемі 195,0 гектар жерін Қарасу ауылдық округінің шекарасына қосу жолымен Қаракемер ауылдық округі шекарасының жалпы көлемі 1682,59 гектар болып өзгертілсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігі қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша бибі, Аса, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтері жерлерінің экспликациясы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы «05» мамырдағы
№88 қаулысы мен
Жамбыл облыстық мәслихатының
2026 жылғы «05» мамырдағы
№33-5 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Айша бибі, Аса, Қарасу және Қаракемер ауылдық округтері жерлерінің экспликациясы
№
Жерлердің атауы
Жалпы ауданы (гектар)
оның ішінде:
Бөгде жер (гектар)
Шекарасы өзгертілгеннен кейінгі жалпы көлемі
(гектар)
егістік (гектар)
көп жылдық екпелер (гектар)
шабындық (гектар)
жайылым (гектар)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің бекітілген шекарасы
3111,5641
364
5
0
2541,35
201,2141
3309,5641
2
Жамбыл ауданы Айша бибі ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Бәйтерек ауылы жерлерінің жер көлемі
198
8
1
0
162
27
3
Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің бекітілген шекарасы
2677,8
622,51
0
39
1491,29
525
2959,8
4
Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Құмтиын ауылы жерлерінің жер көлемі
282
21
4
14
174
69
5
Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің бекітілген шекарасы
1991,3535
59
8
0
1806,3535
118
2186,3535
6
Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің шекарасына толық қосылатын Сеңгірбай ауылы жерлерінің жер көлемі
195
4
0
0
171
20
7
Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округінің бекітілген шекарасы
2159,59
168,29
9
14
1805,53
162,77
1682,59
8
Жамбыл ауданы Қаракемер ауылдық округінің құрамынан толық шығарылатын Сеңгірбай және Кұмтиын ауылдарының жер көлемі
477
25
4
14
345
89