О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 4 мамырдағы
№ 169 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Нұсқама нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нұсқамаларды жасау және беру қағидаларында:
12-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық нысанда қалыптастырылған нұсқамалар (биологиялық қауіпсіздік саласындағы жедел ден қою шараларын қолдану туралы нұсқаманы қоспағанда) бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша «цифрлық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйелері арқылы беріледі.».
Тармақ 2
2. «Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген):
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ветеринариялық есептілік жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында цифрлық жүйеде жүзеге асырылады.
Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, ветеринариялық есептілік алушы (лар) ға қағаз нысанында (түпнұсқа немесе көшірме түрінде) жіберіледі.».
Тармақ 3
3. «Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19972 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидаларында:
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда толтырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның «цифрлық үкіметтің» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның цифрлық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.».