О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте № 11995 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-02/292 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырда № 11007 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі №479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 193) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.