О признании утратившими силу некоторых совместных приказов Қолданыста
Басқа 0
Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Басқа 0. Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 408,
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрі
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 216/НҚ,
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және
дамыту агенттігінің
2026 жылғы 8 сәуірдегі
№ 1,
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 14 сәуірдегі
№ 60 мен
2026 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4 Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Күші жойылған кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 152 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26963 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26981 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26982 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Тауар биржалары, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер, сондай-ақ тауар биржаларының клирингтік орталықтары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26983 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 17 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26984 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 «Тауар биржасына үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 28 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 19 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29505 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 19 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 69/НҚ «Ақша аударымы қызметін көрсететін пошта операторлары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 29 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 330/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29650 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ «Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 30 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 326/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29584 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 152 «Нотариустар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 31 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 783 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29642 болып тіркелген).
Тармақ 10
10. «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 17 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 60 «Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 32 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 263 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29585 болып тіркелген).
Тармақ 11
11. «Цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 10 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 791/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35483 болып тіркелген).
Тармақ 12
12. «Тауар биржасы үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 16 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 2 бірлескен бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 6 және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының м.а. 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 5 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35945 болып тіркелген).