О создании государственных учреждений Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерін құру туралы Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 17-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 3 қазандағы N 1019 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 8-бөлiмiнiң 6.1 және 6.2-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитеті аумақтық бөлiмшелерiнiң штат саны лимиттерiнiң шегiнде мынадай мемлекеттiк мекемелер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетінiң Атырау қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелер (бұдан әрі - мекемелер) қызметінің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының бiлiктiлiгiн арттыру болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Мекемелердi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендік бақылау комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 31 және 32-тармақтармен толықтырылсын: "31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетiнiң Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы; 32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Атырау қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы.".
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.