Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына «БГР-ТБА» магистральды газ құбырының 1-желісінің 474 шақырымындағы айналма ауа өткелінің құрылысы үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 1,3601 гектар жер учаскелеріне 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Жер учаскелері Біртілек ауылдық округінде орналасқан.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына БГР-ТБА магистральдық газ құбырының 1-желісінің 474 шақырымының айналма ауа өткелінің құрылысы үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
Келес ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «28» сәуірдегі
№93 қаулысына қосымша
«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына БГР-ТБА магистральдық газ құбырының 1-желісінің 474 шақырымының айналма ауа өткелінің құрылысы үшін жер учаскілеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
№
Ауыл, ауылдық округтің атауы
Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі
(гектар)
Соның ішінде
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Оның ішінде
егістік
Оның ішінде:
Көп жылдық екпелер
жайылым
Суармалы егістік
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Біртілек ауылдық округі
1,3601
1,3601
-
-
-
1,3601
Барлығы
1,3601
1,3601
-
-
-
1,3601
Кестенің жалғасы
елдi мекендердің жері
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер
орман қорының жерлері
су қорының жерлерi
Босалқы жерлер
9
10
11
12
13
14
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-