Об установлении публичного сервитута Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамына «Ғ.Мұратбаев» автоматты газ тарату стансасының газ құбыры тармағын және анодты жерге тұйықтау өткізгішін салуға қауымдық сервитут белгілеу үшін жердің жер пайдаланушыларынан алып қоймастан 0,5563 гектар жер учаскесіне 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. Жер учаскесі Ақтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Джилкибаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Интергаз Орталық Азия»акционерлік қоғамына «Ғ.Мұратбаев» автоматты газ тарату стансасының газ құбыры тармағын және анодты жерге тұйықтау өткізгішін салуға қауымдық сервитут белгілеу көлемдері
Келес ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «28» сәуірдегі №94 қаулысына қосымша «Интергаз Орталық Азия»акционерлік қоғамына «Ғ.Мұратбаев» автоматты газ тарату стансасының газ құбыры тармағын және анодты жерге тұйықтау өткізгішін салуға қауымдық сервитут белгілеу көлемдері № Ауыл, ауылдық округтің атауы Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар) Соның ішінде Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер Оның ішінде егістік Оның ішінде: Көп жылдық екпелер жайылым Суармалы егістік 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ақтөбе а/о 0,5563 0,5563 - - - 0,5563 Барлығы 0,5563 0,5563 - - - 0,5563