Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №40-02-03/354 хатына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Кәріз құбырларын қайта жаңғырту үшін» Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейін, 68 мөлтек ауданы (№8, №9, №10 көшелері), Бүргем көшесі бойынан жалпы алаңы 0,3520 га (3520 шаршы метр) (ұзындығы 1760 метр, ені 2 метр) жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін;
Тармақ 2
2. Жер учаскесін пайдалану барысында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан келісімдерін алу міндеттелсін.
Тармақ 3
3. «Кентау қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Медеуовке жүктелсін.