Об образовании избирательных участков на территории Камыстинского района Қолданыста
Басқа 0
Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Қамысты ауданының аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен бойынша, Қамысты ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қамысты ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қамысты ауданының аумағындағы сайлау учаскелері:
Әкімдіктің
2026 жылғы «___» ___________
№ _____ қосымша
шешімге
Қамысты ауданының аумағындағы сайлау учаскелері:
Тармақ 1
1. № 393 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Жайылма ауылы, Ленин көшесі, 3, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Жайылма негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Жайылма ауылы, Пушкино ауылы.
Тармақ 2
2. № 394 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Клочков ауылы, Титов көшесі, 1, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Клочков жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Клочков ауылы.
Тармақ 3
3. № 395 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Арқа ауылы, Новая көшесі, 8А, «Камысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәдениет үйі.
Шекаралары: Арқа ауылы, Красногор ауылы.
Тармақ 4
4. № 396 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Ливанов ауылы, Комсомольская көшесі, 19 ғимарат, 2 блогы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Ливанов негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Ливанов ауылы
Тармақ 5
5. № 399 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 16А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қамысты ауылы: Досжанов, Дорожная, 60 лет Октября, Школьная, Транспортная, Свердлов, Одесская, Тәуелсіздік, Киев, Банная, Косма, 10 лет Целины көшелері, 60 лет Октября, Ленин тұйық көшелері.
Тармақ 6
6. № 400 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Косма көшесі, 19, «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекаралары: Мешіт ауылы, Қамысты ауылы: Кооператор, Коммунальная, Декабристов, Гумилев, Энергетиков, Абай, Степная, Горький, Уәлиханов, Маякская, Южная көшелері, Коммунальный, Энергетиков тұйық көшелері.
Тармақ 7
7. № 404 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Талдыкөл ауылы, Октябрьская көшесі, 13, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Талдыкөл негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Талдыкөл ауылы.
Тармақ 8
8. № 405 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Орқаш ауылы, Центральная көшесі, 8, «Қамысты ауданы әкімдігінің Аракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Орқаш ауылы.
Тармақ 9
9. № 406 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы, Школьная көшесі 7, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Алтынсарин ауылы: Советская, Октябрьская, Треугольник, Студенческая, Ленин, Школьная, Степная, Маяковский, Волынов, Железнодорожная, Абай, Банная, Больничная, Дулатов, Заправочная, Клубная, Комаров, Комсомольская, Конторская, Котельная, Мастерская, Мир, Набережная, Новая, Отделенческая, Сейфуллин, Строительная, Центральная көшелері, Карл Маркс, Абай, 1 Мая, Школьная тұйық көшелері.
Тармақ 10
10. № 407 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қарабатыр ауылы, Школьная көшесі, 21, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қарабатыр ауылы.
Тармақ 11
11. № 408 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Аралкөл ауылы, Школьная көшесі, 2, мектеп ғимараты.
Тармақ 12
12. № 409 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Бестөбе ауылы, Школьная көшесі, 1А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Бестөбе жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Бестөбе ауылы.
Тармақ 13
13. № 411 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Фрунзе ауылы, Калинин көшесі, 2а, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мектеп ғимараты.
Шекаралары: Фрунзе ауылы.
Тармақ 14
14. № 413 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Адаевка ауылы, Школьная көшесі, 5, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Адай жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Адаевка ауылы.
Тармақ 15
15. № 414 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Дружба ауылы, Школьная көшесі, 14, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Дружба ауылы.
Тармақ 16
16. № 416 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 33, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің № 2 Қамысты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қамысты ауылы: Гагарин, Ержанов, Карл Маркс, Құдайқұлов, Новая, Советская, 50 лет Октября көшелері, Гагарин, 50 лет Октября тұйық көшелері.
Тармақ 17
17. № 868 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 16 А, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің № 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Қамысты ауылы: Журавлев, Строительная, Мазукаев, Парковая, Северная, Әуезов, Маяковский көшелері, Строительный, Парковый, Әуезов тұйық көшелері.
Тармақ 18
18. № 869 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы, Школьная көшесі, 7, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Алтынсарин жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Алтынсарин ауылы: Хпп, Брежнев, Щеглов, Амангелді.