Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп осы қаулының қосымшасына сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2.«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» Саран қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 08/01 қаулысының (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 6557-09 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Саран қаласы әкімдігінің 2026 жығы 12 мамыр № 34/02 қаулысына Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар № Елді мекеннің атауы Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1. Саран қаласы Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаңдағы стенд 2. Саран қаласы Дубовка ауданы, Асфальтная көшесі № 18/1 үй мекенжайындағы дүкеннің жанындағы стенд 3. Саран қаласы Жамбыл және Шахтерская көшелерінің қиылысында, Шахтерская көшесі, № 55 үй мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд 4. Саран қаласы «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен 1 «А» ықшам ауданы «Сәуле» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасындағы учаскедегі стенд 5. Саран қаласы «Саран техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы стенд, Кольцевая көшесі, № 12 үй 6. Саран қаласы № 3 ықшам аудан, мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд 12 «А» үй 7. Саран қаласы «Горняк» ықшам ауданы, 84 үй мекенжайындағы «Бартерный» дүкенінің жанындағы стенд 8. Саран қаласы Шахтерская көшесі, 6А үй мекенжайындағы № 24 өрт сөндіру бөлімінің жанындағы стенд 9. Саран қаласы Морозов көшесі, 74б мекенжайындағы ЖК Т.Н. Лапина дүкенінің жанындағы стенд 10. Саран қаласы, Ақтас кенті Первомайская көшесі, № 16 «Б» үй мекенжайындағы дүкен жанындағы стенд 11. Саран қаласы, Ақтас кенті Кржижановский көшесі, 17 үй мекенжайындағы «Ақ жол» сауда орталығының жанындағы стенд