Об утверждении Правил исчисления и удержания индивидуального подоходного налога и исчисления социального налога Күшін жойған
Басқа 0
Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелерін бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 153 және 318-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 7 қарашадағы N№445 (нормативтік құқықтық актілерінің Тізілімінде 2597 нөмірмен тіркелген, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" 2003 жылы N 37-42, 885-б. жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Есмағанбетова Ж.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелері
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитеті Төрағасының
2004 жылғы 1 желтоқсандағы
N 613 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу Ережелері
Тармақ 1
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 153 және 318-баптарына сәйкес әзірленген және төлем көзінен салық салынатын табысы бойынша жеке табыс салығын және қызметкерлердің табыстарына төлеуге жұмыс берушінің шығыстарына есептелетін әлеуметтік салықты, сондай-ақ ақылы қызмет көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдерді есептеу және ұстап қалу тәртібін айқындайды. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу, сондай-ақ әлеуметтік салықты есептеу осы Ережеге қосымшаға сәйкес жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу бойынша есепті жасау (бұдан әрі - Есеп) жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Есепте салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
Тармақша 1
1) 1-бағанда күнтізбелік жылының тиісті айлары;
Тармақша 2
2) 2-бағанда Салық кодексінің 149-бабының 2-тармағына және 154 , 156 , 159 , 161-баптарына сәйкес жеке тұлғаның есептелген табыстар сомасы;
Тармақша 3
3) 3-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен есептелген табыстардың сомасы;
Тармақша 4
4) 4-бағанда 2-бағанда көрсетілген және Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық жылының тиісті айы үшін салық салуға тиіс емес табыстардың сомасы;
Тармақша 5
5) 5-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 4-бағанда айқындалған табыстардың сомасы;
Тармақша 6
6) 6-бағанда салық жылының тиісті айы үшін айқындалатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
Тармақша 7
7) 7-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынымен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
Тармақша 8
8) 8-бағанда Салық кодексінің 152-бабының 1-тармағының 1), 2) және 4)-7) тармақшаларына сәйкес айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін салық шегерімдерінің сомасы;
Тармақша 9
9) 9-бағанда салық жылының басынан бастап үдемелі жиынмен 8-бағанда айқындалған салық шегерімдерінің сомасы;
Тармақша 10
10) 10-бағанда салық жылының басынан бастап 3-баған мен 5, 7, 9 бағандардың арасындағы айырма ретінде айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстардың сомасы;
Тармақша 11
11) 11-бағанда салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмыстан босаған ретте жұмысының соңғы айы үшін табысынан жеке табыс салығын есептеу кезінде бірлік коэффициенті қолданылады; салық жылының басынан бастап жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы айқындалатын айлардың жалпы санының күнтізбелік жылдағы айлардың санына қатынасы ретінде айқындалатын қайта есептеу коэффициенті. Қызметкер жұмысқа орналасқан (шыққан) ретте әлеуметтік салықты есептегенде жұмысқа орналасқан (шыққан) тиісті айына қайта есептеу коэффициенті қолданылады. Бұл ретте салық жылы аяқталғанға дейiн қызметкердi жұмыстан шығару кезiнде әлеуметтік салықты төлеуші әлеуметтік салық салу объектісі болып табылатын шығыстар сомасы туралы және нақты жұмыс iстелген кезең үшiн осындай шығыстардан төленген салық сомасы туралы есеп-қисап жасайды. Көрсетілген есеп-қисап жаңа жұмыс орны бойынша оның қызметкерінің беруі үшін жасалады;
Тармақша 12
12) 12-бағанда салық жылының басынан бастап салық салынатын табысының есепті сомасын (10-баған) мен қайта есептеу коэффициентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын жеке табыс салығы салынатын табыстың есепті сомасы;
Тармақша 13
13) 13-бағанда салық салынатын табыстың есепті сомасына Салық Кодексінің 145-бабының 1 және 1-1-тармақтарында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептелген жеке табыс салығының сомасы;
Тармақша 14
14) 14-бағанда 13-бағанының 11-бағанға қатынасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
Тармақша 15
15) 15-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы;
Тармақша 16
16) 16-бағанда салық жылының тиісті айы үшін ұстап қалуға тиісті, 14 және 15 бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын жеке табыс салығының сомасы;
Тармақша 17
17) 17-бағанда 2-бағанда көрсетілген және міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, Салық кодексінің 316-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуметтік салық салу объектілеріне жатпайтын табыс сомасы;
Тармақша 18
18) 18-бағанда міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда, жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен 17-бағанда айқындалатын табыстар сомасы;
Тармақша 19
19) 19-бағанда 2-баған мен 6, 17-бағандардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
Тармақша 20
20) 20-бағанда 3 баған мен 7, 18 бағандардың арасындағы айырмасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап үдемелі жиынмен әлеуметтік салық салынатын табыс сомасы;
Тармақша 21
21) 21-бағанда есепті ай үшін (20-баған) салық салынатын табыс сомасын қайта есептеу коэффицентіне (11-баған) көбейту жолымен айқындалатын салық жылы үшін әлеуметтік салық салынатын табыстың есепті сомасы;
Тармақша 22
22) 22-бағанда 21-бағанда айқындалған салық салынатын табыстың есепті сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің 317-бабының 1 немесе 2-тармақтарында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептелген әлеуметтік салық сомасы.
Қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымдар 19-бағанда айқындалған әлеуметтік салық салынатын табыс сомасына Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік аударымдардың мөлшеріне азайтылған Салық кодексінің 317-бабының 4-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен әлеуметтік салық сомасын есептейді. Сонымен бірге, аталған мамандандырылған ұйымдар 21, 23-25-бағандарды толтырмайды;
Тармақша 23
23) 23-бағанда көрсетілген салық жылының есепті айы үшін әлеуметтік салық 22-бағандағы сомалардың 11-бағанның тиісті сомаларына қатысы ретінде анықталады;
Тармақша 24
24) 24-бағанда салық жылының өткен айлары үшін есептелген әлеуметтік салық сомасы;
Тармақша 25
25) 25-бағанда 23-баған мен 24-бағандағы сомалардың айырмасы ретінде айқындалатын салық жылының тиісті айы үшін төленетін әлеуметтік салық сомасы.
Тармақша 26
26) 26-бағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнiң ақшалай үлесiн қоса отырып әлеуметтік аударымдар есептелетін жеке тұлғалардың табыстары;
Тармақша 27
27) 27-бағанда Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдық актісіне сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар.
Басқа 0-1. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ
Жеке табыс салығын есептеу
және ұстап қалу және
әлеуметтік салықты есептеу
Ережелеріне қосымша
ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЕСЕБІ
Салық
кезеңінің айлары
Табыс
есептелді
Салық салуға
тиіс емес
табыстар
Міндетті
зейнетақы
жарналарының
сомасы
Салық
шегерімдері
есепті ай
үшін
жыл
басынан
бастап
есепті ай
үшін
жыл
басынан
бастап
есепті ай
үшін
жыл
басынан
бастап
есепті ай
үшін
жыл
басынан
бастап
1
2
3
4
5
6
7
8
9
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыр-
күйек
қазан
қараша
жел-
тоқсан
Бар-
лығы:
кестенің жалғасы
Жыл
басынан
бастап
ЖТС
салынатын
табыстардың
сомасы
Қайта
есептеу
коэффициенті
ЖТС
салынатын
табыстардың
есепті
сомасы
(10-бағ.*
11-бағ)
ЖТС
салынатын
табыстардың
есепті
сомасынан
ЖТС
сомасы
Жеке табыс
салығының сомасы
есепті
ай
үшін
(13-бағ./ 11-бағ)
жылдың
өткен
айлары
үшін
ұстап
қалуға
тиісті
(14-бағ.
- 15-бағ.)
10
11
12
13
14
15
16
кестенің жалғасы
МЖЗ қоспағанда
әлеуметтік салық
салу объектілеріне
жатпайтын табыстар
сомасы
Әлеуметтік салық
салынатын табыс
Әлеуметтік
салық
салынатын
табыстың
есепті
сомасы
есепті
ай үшін
жыл
басынан
бастап
есепті
ай үшін
(2 бағ.
- 6 бағ
- 17 бағ)
жыл басынан
бастап
(3 бағ.-
7 бағ.-
18 бағ)
(20 бағ*
11 бағ.)
17
18
19
20
21
кестенің жалғасы
Әлеуметтік
салық
салынатын
табысының
есепті
сомасымен
әлеуметтік
салық
сомасы
Әлеуметтік
салық сомасы
Әлеуметтік
аударымдар
есептелетін
жеке
тұлғалардың
табыстары
Әлеуметтік
аударымдар
(26
бағ.*
1,5%)
/100%
есепті
ай үшін
(22 бағ./
11 бағ.)
жылдың
өткен
айлары
үшін
ұстап
қалуға
тиісті
(23-бағ.
-24-бағ.)
22
23
24
25
26
27