Об установлении публичного сервитута Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен 35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін жалпы алаңы 553,4874 гектар жер учаскесінде 49 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Актас Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әуе желісінің құрылысын жүргізуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және әуе желісінің құрылысын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. 35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін
Аудан әкімдігінің 2026 жылғы « 14 » мамырдағы №116 қаулысына қосымша 35 кВ ВЛ салу және қызмет көрсету үшін Жер учаскесін бөліп беру шекараларында беріледі, барлығы Оның ішінде: Барлығы егістік Жайылым Шабындық Басқалар «Актас Энерджи» 06-093-037-022 15,4378 15,4378 Тлеулиева Толкын Турсыновна 06-093-037-007 14,3763 14,3763 Султанов Галымбек Турарович 06-093-037-006 36,3261 36,3261 Жер қоры 467,3472 467,3472 Барлығы: 533,4874 50,7024 482,7850