«Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Есильского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекші орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесі
әкімдіктің қаулысына 1 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласы мамандарының лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеменің жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы – арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты айқындау және бағалау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің жоғары немесе орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
Тармақша 5
5) ассистент;
Тармақша 6
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты, санатсыз маманы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 8
8) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – заңгер;
Тармақша 9
9) жоғары біліктілік деңгейіндегі маман – менеджер.
Тармақша 10
10) жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі – кадрлар жөніндегі инспектор
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысының (директорының) орынбасары;
Тармақша 3
3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
Тармақша 4
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің, кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
Тармақша 5
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі жоғары, бірінші, екінші санатты мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, режиссер, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары, орта біліктілік деңгейіндегі санатсыз мамандары – аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаулардағы әдіскерлер (негізгі қызметтер), музыка жетекшісі, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаулардағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жоғары және орта біліктілік деңгейіндегі мамандары – дыбыс режиссері.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі
әкімдіктің қаулысына 2 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын қаулыларының тізбесі
Тармақша 1
1) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысы, (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5267 болып тіркелді);
Тармақша 2
2) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 279 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5744 болып тіркелді);
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 344 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25337 болып тіркелді);
Тармақша 4
4) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 88 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7483-15 болып тіркелді);
Тармақша 5
5) «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласы мамандарының лауазымдары тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 жетоқсандағы № 246 қаулысы, (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7645-15 болып тіркелді);