Об определении архитектурно-координационного центра Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Архитектуралық-үйлестіруші орталығын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 72-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны архитектуралық-үйлестіруші орталық болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылсын:
Тармақша 1
1) «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 337 қаулысы;
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.