Об утверждении Правил «О порядке оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской платы» Күшін жойған
Басқа 0
«Қамтылуы аз жанұяларға (азаматтарға) тұрғын үйін ұстауға (жеке үйлерді ұстаудан басқа), коммуналдық қызмет тұтыну және телефонның абоненттік ақысына көмек көрсету реті туралы» Ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 бөліміне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефондары үшін төлейтін абоненттік ақы тарифтарын көтеру өтемақысының Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат шешті:
Тармақ 1
1. «Қамтылуы аз жанұяларға (азаматтарға) тұрғын үйін ұстауға (жеке үйлерді ұстаудан басқа), коммуналдық қызмет тұтыну және телефонның абоненттік ақысына көмек көрсету реті туралы» Ереже бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Ақмола облыстық әділет департаментінде 31.01.03. №1539 болып тіркелген Есіл аудандық Мәслихатының 2003 жылдың 09 қаңтарындағы № 23/10 «Қамтылуы нашар отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйін ұстау жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызмет тұтыну ақысына көмек көрсету реті туралы» шешімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. 15.12.2004 ж. № 104/12343 Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен 2004 жылғы 22 қарашадағы № 12/4 шешімнің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және міндетті түрде мерзімдік баспасөзде жариялауға жатады.
Басқа 5
Қосымша
Есіл аудандық мәслихатының
2004 жылдың 22 желтоқсандағы
№ 13/5 шешімімен бекітілді.
Қамтылуы нашар отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) коммуналдық қызметті пайдалануға және телефон абоненттік төлеміне көмек көрсету тәртібі туралы ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі қамтылуы нашар отбасыларына (азаматтарға) үй-жайын (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) ұстауға, коммуналдық қызметті пайдалануға және телефон абоненттік төлеміне кететін ақының есесін қайтару үшін көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне өзгертулер енгізу туралы» Заңымен қарастырылған.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлік көмек ауданда тұрақты тұратын және жеке меншік иесі немесе жалға алушы кісілерге егер үйді ұстауға төленетін ақы жеке тұрғын үйден басқа, коммуналдық қызметті пайдалануға отбасының жиынтық табысының белгіленген мөлшерінен 30% асқанда беріледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті пайдалануға есептелген нақты сомадан аспауы тиіс.
Тармақ 4
4. Өтем шарасымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатыныстары туралы» Заңымен белгіленген, отбасының әр мушесіне тиісті мөлшерге балама. Аудан тұрғындарын қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтерін (сумен, газбен жабдықтау, канализация, электрмен, жылумен жабдықтау және телефон) пайдалану нормативтері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 5
5. Жеке меншігінде бірден артық үй-жайы (жеке пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй жайын жалға немесе жалдауға берушілер тұрғын-үй көмегі алу құқығынан айырылады. Отбасыларында тұрғын үй көмегін алу, егер оларда жұмыс істей алатын кісілер бола тұра, жұмыс істемесе, оқу оқымаса және жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрмаса, тек мына кісілерден, мүгедектерді күтушілер, күтім қажет деп тапқан жағдайда, немесе 7 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен отырғандардан басқаларының құқығы болмайды. Табысы жоқ отбасыларынан басқаға, өтініш берген мезгілде коммуналдық, қызметтің ақысынан қарызы болса, ондай отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі арыз берген айдан бастап 6 айға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу алғашқы іс-тәртібін жасағанмен сәйкес.
Тармақ 7
7. Үй-жайды ұстау коммуналдық және телофондық абонент ақысы тарифіне өзгеріс енгенде, аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бұрынғы тағайындалған тұрғын үй көмегіне қайта есептеу жасайды.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй көмегінің бөлімін, өз үй- жайындағы меншік түрлеріне енген өзгерістер жайлы, хабарлап отыруы тиіс: Әдейі, күмәнді мәлеметтер беріп, соңымен аса көтеріңкі және заңсыз тұрғын үй-көмегін төлеуге әкеп соққан жағдайда, үй-жайды жалға алушы (меншік иесі) бір жыл ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алған сомасы заңнамамен бекітілген тәртіп бойынша қайтарылуы тиіс.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
Тармақ 9
9. Тұрғын үйлік көмек аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы үйдің жеке меншік иесінің (Жалға алушының) арызы негізінде тағайындалады және мына төмендегі құжаттар қоса тапсырылады:
Тармақша 1
1) отбасы құрамы туралы анықтама
Тармақша 2
2) өтініш жасаған кездің алдындағы тоқсандағы отбасының барлық мүшелерінің табысы туралы анықтама
Тармақша 3
3) қозғалмайтын мүлік орталығынан тіркелген жеке меншік туралы анықтама
Тармақша 4
4) сатып алу немесе жекелендіру туралы келісім шарт
Тармақша 5
5) телекоммуникация қызметіне есептескен түбіртегі немесе келісімі
Тармақ 10
10. ұсынған құжаттардың нәтижесі бойынша аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы тұрғын үйлік көмек тағайындау жөнінде шешім қабылдайды және тұрғын үйлік көмек көрсетуге 2 дана шарт жасайды және онаң біреуі үй иесіне (алға алушыға) беріледі.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалға алушыньщ (меншік иесінің) үй жайды ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану нормасы шегіне кететін, өтем шамасымен қамтамсыз етілетін және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шектелген шығын деңгейінде нақты төлем ақы арасындағы айырмасы ретінде есептеледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көзі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі ақшалай қаражат түрінде алушының есепшотына қабылдау жолымен іске асырылады.
Тармақ 14
14. Аудандық қаржы бөлімі сұраныстардың негізінде ай сайын төлем есебі бойынша аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования есебінен аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жұмсаған қаражаттарының есебін толтырып отырады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау.
4. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуы және төленуіне бақылау жасау сирек дегенде жылында бір рет аудандық қаражат органы арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу.
5. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу.
Тармақ 16
16. Қалалық телекоммуникация желісінің абоненті (бұдан әрі - абонент) - қалалық телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін, осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға;
Тармақ 17
17. Қалалық телекоммуникация желісінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрі - телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеу үшін арналған;
Тармақ 18
18. Абоненттерге телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақысы телефон үшін абоненттік ақының арттырылған айырмасын тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шығыстырдың сомасына қосу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Абоненттік ақы өсу айырмасын қаржыландыру бағдарлама әкімшіліктерінің облыстық уәкілетті органның есептік шотына үш күндік мерзімде ақшалай қаражат аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Аудандық уәкілетті органдар облыстық уәкілетті органнан төлемдер ақшалай қаражатпен аударылғаннан кейін банктік үш күн ішінде телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын ұйымға төлеуді олардың аумағында қолданылатын үй көмегін тағайындаудың және төлеудің тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Аудандық уәкілетті органдар есепті айдан кейінгі айдың 5-не дейінгі мерзімде телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және облыстың уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 22
22. Екінші деңгейдегі банктердің телефон үшін абоненттік ақы тарифтері арттырылуының өтемақысын төлеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу заңнамада белгіленген тәртіппен банк пен қалалық уәкілетті органдар арасында жасалған шарт негізінде жүргізіледі.