Об утверждении перечня услуг, технологически связанных с регулируемыми услугами субъектов естественных монополий Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 230, Қазақстан Республикасының Көлік министрі 2026 жылғы 15 мамырдағы № 118, Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 164-н/қ мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 31 Бірлескен бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтердің тізбесі
Тармақ 1
1. Сумен жабдықтау және су бұру саласында:
Тармақша 1
1) Субъектінің желілері арқылы су құбыры желілерін залалсыздандыру, жуу және гидравликалық сынау бойынша қызметтер;
Тармақша 2
2) Тұтынушылардың ағынды суларын зиянды заттардың рұқсат етілген концентрацияларынан асатын ластаулардан қосымша тазарту;
Тармақша 3
3) Тұтынушылардың өтінімдері бойынша сумен жабдықтауды немесе су бұруды ажырату; 4) Шартта көзделген негіздер бойынша сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қайта қосу;
Тармақша 5
5) Есепке алу аспаптарын пломбалау;
Тармақша 6
6) Қуаттарды резервтеу бойынша қызметтер;
Тармақша 7
7) Жазғы су құбырын қосу бойынша қызметтер;
Тармақша 8
8) Қолданыстағы су құбыры желілеріне құбырды кесу жасау бойынша қызметтер;
Тармақша 9
9) Субъектінің желілеріне қосылған өрт гидранттарын пломбалау бойынша қызметтер.
Тармақ 2
2. Электр энергиясын беру саласында:
Тармақша 1
1) Тұтынушылардың өтінімдері бойынша электрмен жабдықтауды ажырату;
Тармақша 2
2) Шартта көзделген негіздер бойынша тұтынушыларды электр желілеріне қайта қосу;
Тармақша 3
3) Тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр қондырғыларын ажырату, қайта қосу және ауыстырып қосу операциялары;
Тармақша 4
4) Есепке алу аспаптарын пломбалау;
Тармақша 5
5) Қуаттарды резервтеу бойынша қызметтер.
Тармақ 3
3. Жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу саласында:
Тармақша 1
1) Тұтынушылардың өтінімдері бойынша не шартта көзделген жағдайларда жылу желілерінен ажырату;
Тармақша 2
2) Ажыратудан не шектеуден кейін тұтынушыларды жылу желілеріне өтінімдер негізінде және шарт бойынша қайта қосу;
Тармақша 3
3) Қуаттарды резервтеу бойынша қызметтер;
Тармақша 4
4) Жылыту жүйелерін қысым және жуу бойынша қызметтер;
Тармақша 5
5) Магистральдық жылу желілерін гидро престеу жасау бойынша қызметтер;
Тармақша 6
6) Ішкі жылыту жүйесін гидро престеу жасау бойынша қызметтер;
Тармақша 7
7) Химиялық тазартылған суды өткізу бойынша қызметтер;
Тармақша 8
8) Жылу желілерін қоректендіру бойынша қызметтер;
Тармақша 9
9) Жылу желісіне ойып салу жасау бойынша қызметтер;
Тармақша 10
10) Есепке алу аспаптарын пломбалау.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау:
Тармақша 1
1) Газ тарату ұйымының газ тарату жүйесіне қосылған, бөгде заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі тарату газ құбырларын және олардағы құрылыстарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер;
Тармақша 2
2) бөгде заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі газ тарату ұйымының газ тарату жүйесіне қосылған тарату газ құбырлары мен олардағы құрылыстарға авариялық-диспетчерлік қызмет көрсету қызметтері;
Тармақша 3
3) жаңа тұтынушыларды қолданыстағы газ тарату жүйесіне қосу (технологиялық қосылу);
Тармақша 4
4) газды газ тарату және газ тұтыну жүйелеріне бастапқы және қайта іске қосу;
Тармақша 5
5) газды есепке алу аспаптарын пломбалау;
Тармақша 6
6) газ тұтынушыларын ажырату және қайта қосу;
Тармақша 7
7) сынақтар жүргізе отырып, бөгде заңды және/немесе жеке тұлғаларға тиесілі жаңадан салынған тарату газ құбырларын қолданыстағы газ тарату жүйесіне қосу;
Тармақша 8
8) объектілердің қосылуға дайындығына және берілген техникалық шарттарға сәйкестігіне бастапқы және қайта тексеру жүргізу;
Тармақша 9
9) қуаттарды резервтеу жөніндегі қызметтер.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтерін қоспағанда магистральдық теміржол желілері саласында, контейнерлердегі жүктерді тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау:
Тармақша 1
1) Магистральдық, станциялық жолдарда вагондардың бос тұруы, контейнерлердің кідірісі.