О переводе отдельных участков земель лесного фонда в земли другой категории Қолданыста
Басқа 0
Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 1047 қбп қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 141,5 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан елді мекендердің жерлері санатына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Жетісу облысы Алакөл ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жетісу облысы Алакөл ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда, алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5. Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы «____» ________
№ ____ қаулысына қосымша
Орман қоры жерлері санатынан елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы
Жалпы алаңы, гектар
оның ішінде, гектар:
орман көмкерген
орман көмкермеген
жайылымдар
шабындықтар
басқа да жерлер
«Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
141,5
-
141,5
-
-
-
Барлығы:
141,5
-
141,5
-
-
-