Об установлении публичного сервитута на земельный участок ТОО "Аргест" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аргест» ЖШС-нің жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 бабы, 69-бабының 4 тармағының 2) тармақшасына, «Аргест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішіне сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аргест» жаупкершілігі шектеулі серіктестігіне Хромтау ауданы, Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы аумағында орналасқан, жалпы аумағы 2,5793 га және ұзындығы 2717 м ЖЭС объектісіне баламалы кірме жолды салу және пайдалану мақсатында елді мекен жерлерінің құрамындағы бос жер учаскесіне 01.05.2029 жылға дейінгі мерзімге жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.