О присвоении наименований некоторым безымянным улицам села Кеген, Кегенского сельского округа Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кеген ауылдық округінің Кеген ауылының кейбір атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Кеген ауылдық округінің Кеген ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы, 2026 жылғы 29 сәуірдегі қорытындысының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Кеген ауылдық округінің Кеген ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін: атауы жоқ көшесіне – "Сәрсенбай Дауталиев" көшесі; атауы жоқ көшесіне – "Бекен Сыбантаев" көшесі; атауы жоқ көшесіне – "Нұрмұханбет Бегімбетов" көшесі; атауы жоқ көшесіне – "Ибраймбай Жылгелдиев" көшесі; атауы жоқ көшесіне – "Оразша Оңғарбеков" көшесі; атауы жоқ көшесіне – "Арғынбек Буланбаев" көшесі;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.