Об утверждении Правил оказания помощи малообеспеченным семьям (гражданам) на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома) и потребления коммунальных услуг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің күтім төлеміне (жеке тұрғын үйдің күтімінен басқа) және коммуналдық қызметті тұтынуға жәрдем көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заңының 2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 21 тамызындағы «Тарифтерді және телекоммуникацияның әмбебап қызмет тарифтерін қайта теңестіру жоспарын бекіту туралы» № 884 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9 қыркүйегіндегі «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефонның абоненттік төлем тарифінің өсіміне өтем бергізу ережелерін бекіту туралы» № 949 Қаулысына орай, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің күтім төлеміне (жеке тұрғын үйдің күтімінен басқа) жәрдем көрсету ережесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Бұл шешімнің ықпалы 2004 жылдың 1 қазанынан туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 3
2004 жылдың 23 желтоқсанындағы № С-14/10 шешіміне қосымша Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің күтім төлеміне (жеке тұрғын үйдің күтімінен басқасы) және коммуналдық қызметті тұтынуға көмек көрсетуге арналған Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің күтім төлеміне (жеке тұрғын үйдің күтімінен өзгесі), телефон жүйесі тарифының өсімін өтеуге коммуналдық қызметін тұтынуға тұрғын үй жәрдемақысы беріледі. Тұрғын үй жәрдемақысы әлеуметтік қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады, оның мақсат-бағдары Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңында, 1999 жылдың 16 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған кейбір заңнама актілеріне өзгеріс енгізу туралы» № 477-13 Заңында белгіленген.
Тармақ 2
2. Қалада тұрақты мекендейтін тұлғаларға, егер тұрғын үйдің аланы мөлшеріндегідей, бірақ нақты орналасқан алаңнан артық болмаған жағдайда тұрғын үйдің күтіміне ақы төлеуге (жеке тұрғын үйдің күтімінен өзгесі) және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсайтын шығыны отбасы бюджеттің осы мақсатқа бөлінетін шекті шығын үлесінен асып түсетін болса, тұрғын үй жәрдемақысы төленеді. Тұрғын үйдің күтіміне ақы төлеуге (жеке тұрғын үйдің күтімінен өзгесі) және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалатын шығынның шекті үлесі отбасының бірлескен табысының 30 пайызы шамасында белгіленеді. Тұрғын үйдің күтімі мен коммуналдық қызметтің құны тұтынуға белгіленген мөлшерден асатын болса төлемі жалпы негізде жүзеге асады.
Тармақ 3
3. Өтем шаралары қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының мөлшері Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңында белгіленген мөлшермен үйлестіріледі. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындайтын қызметтің қабылдайтын тұрғын үй күтімі шығынының мөлшерін және коммуналдық қызметті (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электр қуатымен, жылумен қамтамасыз ету), тұтыну нормативтерін облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысы қалада тұрақты мекендейтін және тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалдаушы, жалгер) болып табылатын жеке тұлғалар тағайындалады.
Тармақ 5
5. Жеке меншігінде бір емес бірнеше баспанасы (пәтер, үйі) бар немесе тұрғын бөлмесін жалға беретін тұлғалардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға арналған құқығы жойылады. Егер отбасында жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскерге бармаған, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке қабілетті адамдар болса, онда бұл жанұяның тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда тек күтім қажет деп танылған мүгедектерді күтетін немесе үш жасқа дейінгі (бір және одан да көп) бала тәрбиесімен айналысатын; төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған адамдарға кенжесі бірінші сыныпты бітіргенше (9 жасқа толғанша) тұрғын үй жәрдемақысы берілетін болады.
Тармақ 6
6. Дау-жанжал болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау мәселесі әкім аппаратының жанынан жергілікті өкілетті және атқару органдардың мүшелерінен құрылған комиссияның қарауына салынады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақысы ақысыз төлем тәртібімен беріледі, анығырақ айтқанда жалгерге (меншік иесіне) үйдің күтіміне, коммуналдық қызметті тұтынуға есептелген төлем және телефонның абоненттік төлем тарифының көтерілгеніне өтем төлеу қосындысы шегеріліп-азайтылады. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері үйдің күтімі мен тұтынылған коммуналдық қызметке нақты есептелген төлем қосындысынан аспауға тиісті. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем ретінде тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі коммуналды кәсіпорындардың, жергілікті телекоммуникация желілерінің есепшотына тіркеу жолымен, жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінген қаражаттың есебінен іске асырылады. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі мен шарттары тұрғын үй жәрдемақысы қызметі мен коммуналды кәсіпорындардың арасында бекітілген келісім арқылы белгіленеді, жүйеленеді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берілген күннен бастап тоқсан аяқталатын уақытқа дейін тағайындалады. Алушыларды қайта тіркеу, жаңа тоқсанға жәрдемақы тағайындау алдыңғы ресімдеу тәртібімен орайластырылады. Коммуналдық қызмет ставкасы мен тарифы өзгергенде бұрын тағайындалған жәрдемақыны қайта есептеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар өз үйінің меншік әдісінің, отбасының құрамы мен оның бірлескен табысының кез келген өзгерісі туралы, сондай-ақ жәрдемақы жаңсақтықпен есептелген жағдайда 10 күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне хабар беруге тиісті. Тұрғын үй жәрдемақысы қызметіне, көбейтілген шамада немесе заңсыз өтем тағайындауға жол ашқан, жаңсақ мәлімет берілгені үшін пәтер жалдаушы (меншік иесі) бір жыл бойы жәрдемақы алуға арналған құқығынан айырылады. Ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен кері қайтаруға жатады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) өтінішінің және оған қоса берілетін отбасының құрамы, тұратын үйінің пайдалы алаңының мөлшері, тұрғын үйді үстау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары, отбасының жиынтық табысы туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Тармақ 11
11. Ұсынылған құжаттарды зерттеу нәтижелері бойынша отбасымен шарт бекітіледі. Оған тұрғын үй жәрдемақысының есептелген мәліметі енгізіледі. Шарт екі данамен толтырылады, біреуі үйді жалдаушыға (меншік иесіне) беріледі. Аталмыш шарт тұрғын үй жәрдемақысын бергізуге негіздеме болып табылады.
Тармақ 12
12. Ақпараттың дұрыстығына күдік туындаған жағдайда түрғын үй жәрдемақысын төлеу қызметі сұрау салуға құқығы бар, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын талап етушінің табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі үйді жалдаушының (меншік иесінің) өтем шаралары қамтамасыз етілетін мөлшер шегіндегі үйдің күтімі мен коммуналдық қызметті тұтыну деңгейіне және телефонның абоненттік төлем тарифының көтерілгеніне өтем төлемі сол отбасының жаңағы мақсатқа жұмсайтын шекті шығынның арасындағы нақты айырма ретінде есептеледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысының төлем қоры жергілікті бюджеттің қаржысынан құралады.
Тармақ 15
15. Аудандық еңбек және халықты әлеуметік қорғау бөлімі:
Тармақша 1
1) бөлінген қаржы, тұрғын үй жәрдемақысын алатын үміткердің жеке өтінішіне сәйкес, тұрғын үй жәрдемақысын көрсету мақсатында коммуналдық қызметті ұсынушылардың, жергілікті телекоммуникация желілердің есепшотына аударып отырады;
Тармақша 2
2) пәтер иесіне (жалдаушыға) коммуналдық қызмет ақысын төлеуге лайықтап тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының нақты мәліметінің қаржы органдарына ай сайын ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы бөлімі ай-айға бекітілген шығын шеңберінде есептелген, тұрғын үй жәрдемақысының қосындысы көрсетіліп ұсынылған нақты мәлімет негізінде аталмыш әлеуметтік бағдарлама бойынша бағдарламаның әкімгері-аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі арқылы қаржыландыратын болады.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы бөлімі кемінде жылына бір рет бастапқы қүжаттар бойынша бюджет қаражатының тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге дұрыс жұмсалатынын тексеріп отыруға міндетті.
Тармақ 18
18. Құжаттар дурыс ресімделмесе, сол негізде тұрғын үй жәрдемақысы заңсыз төленген болса жаңсақтықтың орын алуына кінәлі болған лауазым иелері заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 19
19. Телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсімімен орайласқан өтем төлемі алушының таңдауы бойынша өзі таңдаған екінші деңгейлі банкідегі беттік шот реквизиттерін көрсетіп, жазған өтініші негізінде екінші деңгейдегі банкілер арқылы немесе сәйкестелген сипаттағы банк қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясын иеленген ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне орай өтем төлеу
4. Телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне орай өтем төлеу
Тармақ 20
20. Телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне орай әлеуметтік қорғалатын азаматтарға арналған өтемі қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын абоненттерге төленеді.
Тармақ 21
21. Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне негізделген өтем төлемі республикалық бюджеттік бағдарлама қаржысының есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 22
22. Абонент телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне тиесілі өтем төлемі телефонның ұлғайтылған абоненттік төлем айырмасын тұрғын үйдің күтіміне және коммуналдық қызметті тұтынуға арналған шығын қосындысына ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Абонент телефонның абоненттік төлем тарифтерінің өсіміне тиесілі өтем төлеттіру үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттарымен аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтінеді. Абонент негізгі құжаттар тобына қалалық телекоммуникация желісінің абоненті екендігін растайтын құжатын (шартын немесе телекоммуникация қызметі үшін берілген түбіртекшотын) қоса ұсынады.
Тармақ 24
24. Тұрғын үй жәрдемінің абоненттік төлем тарифінің өсіміне тиесілі көлемі телефонның абоненттік төлем өсімінің айырмасынан артық бола алмайды.
Тармақ 25
25. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жергілікті жердегі тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау және төлеу тәртібіне сәйкес үш банкі жұмыс күнінің ішінде телефонның абоненттік төлем өсімінің төлеуін ұйымдастыруға тиісті.