Об утверждении перечня систем водоснабжения Жамбылской области, стоимость услуг по подаче питьевой воды которых подлежит субсидированию Қолданыста
Басқа 0
Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
Энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқарма басшысының міндетін атқарушы Д. Тунгатов
Басқа 7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
«Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы ___ сәуірдегі
№ ___ қаулысына қосымша»
Ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын Жамбыл облысын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
Сарысу ауданы
1
«Жайылма-Маятас» топтық су құбыры
2
«Қамқалы» оқшау су құбыры
3
«Игілік» оқшау су құбыры
4
«Ұйым» оқшау су құбыры
5
«Жаңаталап» оқшау су құбыры