Об утверждении требований к индивидуальному предпринимателю или юридическому лицу, с которым заключается договор по эксплуатации строительного объекта Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 22 мамырдағы № 255 бұйрығымен бекітілген Құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын жеке кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптар
Тармақ 1
Құрылыс объектісін пайдалану бойынша шарт жеке кәсіпкермен немесе заңды тұлғамен мынадай талаптарға сәйкес жасалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару» (ОКЭД 68.32) қызмет түрі бойынша жеке кәсіпкер не заңды тұлға ретінде тіркелген;
Тармақша 2
2) штатта не азаматтық-құқықтық шарт негізінде «Кәсіби біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған кәсіби біліктілігінің болуын қоса алғанда, кәсіби стандарттардың талаптарына жауап беретін кемінде бір маманның болуы;
Тармақша 3
3) мыналарды қоса алғанда, құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базаны орналастыру: құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалануға және меншік иелері мен өзге де мүдделі тұлғаларды қабылдауға арналған үй-жайлар (кеңсе): құрылыс объектісін пайдалануды жүзеге асыруға арналған жабдықтар мен құралдар не осындай жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттар.