Об установлении норматива отчисления части чистого дохода Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі таза табыс кірісі сомасының 50 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және жариялау үшін жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қызылорда қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.