Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба и назначении руководителя ликвидации чрезвычайной ситуации Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайды жою жетекшісін тағайындау және жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы ШЕШІМ Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2026 жылғы «20» мамырдағы №1 шешімі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 29, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 20 мамырдағы №4 кезектен тыс отырысы хаттамасы негізінде, Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, халықтың 100-ден астам, бірақ 500 адамнан аспайтын бөлігінің тіршілік ету жағдайларының бұзылуына байланысты, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Елтай тұрғын алабында қалыптасқан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Марлан Халдиханұлы Жолдахмет тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың басшысы болып Шымкент қаласы Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Торегали Тулебекұлы Үркімбаев тағайындалсын.
Тармақ 4
4. Шымкент қаласының әкімі бекіткен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарлары қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 5
5. «Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Осы шешімнің Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 2
2) Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.