О распределении сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на материально-техническое оснащение государственных центров крови на местном уровне Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын бөлу туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi;
Тармақша 2
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын бөлу бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн бекітiлген нысаналы ағымдағы трансферттердiң сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) нысаналы ағымдағы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнген нысаналы ағымдағы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есепті ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берілетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1451 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берілетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi Осы Ереже 041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердiң есебiнен сатып алынатын жабдықтың номенклатурасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жабдықты мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстық рәсiмдердi ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есеп бередi.
Басқа 1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу
Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1451 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға жергiлiктi деңгейде нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу ___________________________________________________________________          Атауы                     |    Сома, мың теңгемен ___________________________________________________________________      Жиынтығы                             200000,0      Ақмола облысы                        10100,0      Ақтөбе облысы                        10840,0      Алматы облысы                        9070,0      Атырау облысы                        10640,0      Батыс Қазақстан облысы               10934,0      Жамбыл облысы                        9050,0      Қарағанды облысы                     12500,0      Қостанай облысы                      49250,0      Қызылорда облысы                     10928,0      Маңғыстау облысы                     8140,0      Оңтүстiк Қазақстан облысы            10750,0      Павлодар облысы                      7800,0      Солтүстiк Қазақстан облысы           9660,0      Шығыс Қазақстан облысы               9180,0      Астана қаласы                        11658,0      Алматы қаласы                        9500,0 ___________________________________________________________________