Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий, за исключением организаций среднего образования в организационно-правовой форме государственных предприятий на праве хозяйственного ведения по Каракиянскому району Қолданыста
Басқа 0
Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарақия ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «___»________
№_______қаулысына № 1 қосымша
Қарақия ауданы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 150 000 теңге + 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 4 850 000 теңге + 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 34 850 000 теңге + 25 пайыз