О распределении сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам на содержание вновь вводимых объектов здравоохранения Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын облыстық бюджеттерге бөлу туралы "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдалану ережесi;
Тармақша 2
2) 2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын облыстық бюджеттерге бөлу бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен нысаналы ағымдағы трансферттердi облыстық бюджеттерге аударуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) нысаналы ағымдағы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне бөлiнген нысаналы ағымдағы трансферттердiң пайдаланылуы туралы есептi ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен бекiтiлген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер пайдалану ережесі Осы Ереже 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер" республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға бөлiнетiн нысаналы ағымдағы трансферттердi пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Нысаналы ағымдағы трансферттер облыс әкiмдерi ұсынатын денсаулық сақтау объектiлерiн пайдалануға қабылдау туралы қабылдап алу комиссияларының актiлерi және жергiлiктi атқарушы органдардың денсаулық сақтау объектiлерiн ашу туралы шешiмдерi негiзiнде күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару жергiлiктi органдары объектiнi пайдалануға енгiзу кешiктiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне тиiстi қаржы жылына арналып бекiтiлген сома шегiнде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде есеп бередi.
Басқа 1. 2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға облыстық бюджеттерге берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1452 қаулысымен бекiтiлген 2005 жылы жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға облыстық бюджеттерге берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу Ата­уы Со­ма­сы, мың тең­ге Бар­лы­ғы 107052,0 Ақ­тө­бе об­лы­сы 20681,0 Ал­ма­ты об­лы­сы 11391,0 Аты­рау об­лы­сы 1465,0 Жам­был об­лы­сы 36889,0 Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 5383,0 Қо­ста­най об­лы­сы 3485,0 Қы­зы­лор­да об­лы­сы 13782,0 Маң­ғы­стау об­лы­сы 5267,0 Пав­ло­дар об­лы­сы 8709,0