О распределении и использовании целевых текущих трансфертов на выплату единовременной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және пайдалану туралы
"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 10 қарашадағы N 1173 қаулысымен бекiтiлген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң 60 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына бiржолғы көмек (бұдан әрі - бiржолғы көмек) төлеуге 1109618,0 (бiр миллиард бiр жүз тоғыз миллион алты жүз он сегiз) мың теңге сомасында көзделген қаражат облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi жергiлiктi атқарушы органдардың пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бiржолғы көмек төлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi нысаналы трансферттердiң пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Басқа 0. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1468 қаулысына
қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу
___________________________________________________________________
Р/с|Облыстардың атауы | соғысқа | сомасы, |комиссиялық|сомасы,
N | | қатысу- | мың | сыйақы, |мың теңге
| | шылар- | теңге | мың теңге|
| | дың саны| | |
___________________________________________________________________
1 Ақмола 2052 61560 548 62108
2 Ақтөбе 1475 44250 349 44644
3 Алматы 3106 93180 829 94009
4 Атырау 700 21000 187 21187
5 Шығыс Қазақстан 5012 150360 1338 151698
6 Жамбыл 3087 62610 557 63167
7 Батыс Қазақстан 1710 51300 457 51757
8 Қарағанды 2937 88110 784 88894
9 Қостанай 2672 80160 713 80873
10 Қызылорда 854 25620 228 25848
11 Маңғыстау 404 12120 108 12228
12 Павлодар 2033 60990 543 61533
13 Солтүстік Қазақстан 2225 66750 594 67344
14 Оңтүстік Қазақстан 3482 104460 930 105390
15 Астана қаласы 885 26550 236 26786
16 Алматы қаласы 5027 150810 1342 152152
Барлығы 36661 1099830 9788 1109618
___________________________________________________________________
Басқа 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi жергілiктi атқарушы органдардың пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1468 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы көмек төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердi жергілiктi атқарушы органдардың пайдалану ережесi
Осы Ереже 2005 жылға арналған республикалық бюджетте Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне (бұдан әрi - соғысқа қатысушылар) бiржолғы көмек төлеуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергілiкті атқарушы органдар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) төлеуге берiлетiн шот негiзiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған деректемелер бойынша 2005 жылғы 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша бекiтiлген ағымдағы нысаналы трансферттердiң жалпы сомасын бөлуге сәйкес және 018 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бiржолғы көмек төлеу үшін берілетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландырудың белгiленген тәртiппен бекiтілген жоспарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеуге арналған қаражатты аударады.
Тармақ 2
2. Жергілiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруды жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттiк заңнамаға сәйкес жүргізедi.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының филиалдары (бұдан әрi - Орталықтың филиалдары) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiнгі мерзiмде 2005 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Орталықтан әлеуметтiк төлемдер алатын соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн, 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткiзгiшпен бередi.
Тармақ 4
4. Қорғаныс, Iшкi iстер министрлiктерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Республикалық ұлан (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2005 жылғы 1 сәуiрге дейiнгі мерзiмде 2005 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша көрсетiлген органдарда есепте тұрған соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн, 2005 жылғы 15 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн қалалар мен аудандар бөлiнiсiнде қосымшаға сәйкес электрондық және қағаз жеткiзгiшпен жiбередi.
Тармақ 5
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерi:
бiржолғы көмек төлеу үшін соғысқа қатысушылардың тiзiмдерiн 3, 4-тармақтарда көрсетiлген органдар ұсынған тiзiмдердi ескере отырып, жасайды;
жасалған тiзiмдер негiзiнде бiржолғы көмек төлеудi соғысқа қатысушылардың әрқайсысына 30000 теңге мөлшерiнде, банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда, сондай-ақ олардың "Қазпочта" акционерлік қоғамында зейнетақылар мен жәрдемақыларды есепке алу үшiн ашылған жеке шоттарына қаражат аудару жолымен 2005 жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде, 2005 жылғы 30 сәуiрден кейiн жаңадан келген, бұрынғы тұрған жерi бойынша бұрын бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысушыларға - 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейiн жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Банктiк операцияларды жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарға, "Қазпочта" акционерлiк қоғамының органдарына бiржолғы көмек төлеу жөнiндегі қызметтерге ақы төлеу көрсетілген ұйымдар мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында заңнамада белгіленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзіледi.
Тармақ 7
7. Жергiлiктi атқарушы органдар соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеу туралы Министрлiктi 2005 жылғы 2 мамырға дейiнгi мерзiмде, 2005 жылғы 25 желтоқсанға дейiн - жаңадан келген, бұрын тұрған жерi бойынша бiржолғы көмек алмаған соғысқа қатысушыларға бiржолғы көмек төлеу туралы хабардар етедi.
Басқа 2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi iшiнен бiржолғы көмек алушылардың тiзiмдерi
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерiне бiржолғы көмек
төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы
трансферттердi жергiлiктi атқарушы
органдардың пайдалану ережесiне
қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi iшiнен бiржолғы көмек алушылардың тiзiмдерi
__________________________________________________________________
P/c | Ұлы Отан | Туған | Тұратын | Жеке |Әлеуметтiк төлемдердi
N | соғысының | күні | жерi |немесе | жүзеге асыратын
| қатысушылары | | |карт- | банктiң (филиалдың)
| мен | | |шотының| және басқа ұйымның
|мүгедектерiнiң | | | N | атауы
| Т.А.Ә. | | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
M.O.____________________________
(Басшының Т.А.Ә. және қолы)