О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Костанайской области Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Қостанай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 140 қаулысына қосымша Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 204 қаулысы.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 204 «Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 мамырдағы № 180 қаулысы.
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 204 «Қостанай облысы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 325 қаулысы.