Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставления кандидатам помещений для встреч с избирателями на территории Егиндыкольского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Егіндікөл ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
Тармақ 3
3. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4874 тіркелген) қаулысы;
Тармақша 2
2) «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № а-6/115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № а-11/158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25180 тіркелген) қаулысы.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысы К.О. Смыкқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы __________________ С. Жаңабаев 2026 жылғы «____» __________ КЕЛІСІЛДІ» Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері __________________ Ә. Қияқбаева 2026 жылғы «____» __________ «КЕЛІСІЛДІ» «Ақмола облысы Білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін ақарушы __________________ Е. Криксина 2026 жылғы «____» __________
Басқа 1. Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы № _______ қаулысына 1-қосымша Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары р/с № Кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Абай ауылы, Дружба көшесі 4, «Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 2 Полтавское ауылы, Центральная көшесі 16, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 3 Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 4 Бауман ауылы, Школьная көшесі 1, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 5 Буревестник ауылы, Орталық көшесі 1, «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 6 Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 10, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд 7 Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі 15, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд 8 Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 11, «Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 9 Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жұлдыз медициналық пункті ғимаратының жанындағы стенд 10 Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 18, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 11 Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 3, «Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд 12 Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі 33, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәдени-демалыс орталығы ғимаратының жанындағы стенд 13 Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 40, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд
Басқа 2. Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы № _______ қаулысына 2-қосымша Егіндікөл ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар р/с № Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Абай ауылы, Дружба көшесі 4, «Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кабинеті 2 Полтавское ауылы, Центральная көшесі 16, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Полтавское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы 3 Көркем ауылы, Көркем көшесі 17, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Көркем ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 5 кабинеті 4 Бауман ауылы, Школьная көшесі 1, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Бауман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы 5 Буревестник ауылы, Орталық көшесі 1, «Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кабинеті 6 Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 10, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы 7 Жалманқұлақ ауылы, Ленин көшесі 11, «Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кабинеті 8 Жұлдыз ауылы, Школьная көшесі 1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Егіндікөл аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Жұлдыз медициналық пунктінің № 2 кабинеті 9 Қоржынкөл ауылы, Школьная көшесі 18, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Қоржынкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті 10 Спиридоновка ауылы, Горький көшесі 8, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Спиридоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 3 кабинеті 11 Ұзынкөл ауылы, Школьная көшесі 33, Егіндікөл ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мәдени-демалыс орталығының залы 12 Тоғанас ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 40, «Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің № 4 кабинеті