Об установлении публичного сервитута для проведения работ по разведке полезных товариществу с ограниченной ответственностью «Астра-Г» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астра-Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына және 71-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Астра-Г» жауапкершілігі шектеулі серіктетігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданында орналасқан 2025 жылдың 19 мамырдағы 3313-EL лицензиясы бойынша жалпы алаңы 217 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 19 мамырдағы дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Астра-Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.