Об установлении публичного сертитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Ойыл ауданы, Саралжын ауылдық округінен, Ақкемер ауылынан Бестамақ ауылына дейінгі жеткізуші газ құбырының конкурын салуүшін, жалпы көлемі 6.0592 га жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 31 желтоқсан айына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ойыл ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «21» мамырдағы
№ 85 қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері
Кадастр нөмірі
Көлемі, га
1
Дарханов Төремұрат Дарханұлы
02-032-014-072
0.4142
2
«Нұр-Мұрат» шаруа қожалығы
02-032-013-436
5.2397
3
Өмірғали Аманғали Исағалиұлы
02-032-013-424
0.1145
4
Өмірғали Аманғали Исағалиұлы
02-032-013-465
0.2908
БАРЛЫҒЫ:
6.0592